Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы


Қазақ хандығы дәуіріндегі саяси-әлеуметтік және рухани-мәдени жағдай және ұлттық рухани-философиялық ойлаудың бастауы



бет36/59
Дата22.07.2023
өлшемі452,68 Kb.
#104640
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   59
Байланысты:
Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың Ð

Қазақ хандығы дәуіріндегі саяси-әлеуметтік және рухани-мәдени жағдай және ұлттық рухани-философиялық ойлаудың бастауы. Қазақ хандығы— бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465-1847 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді. Қазақ хандарының барлығы Шыңғыс ханның ұрпақтары, яғни Шыңғыс хан әулетіне жатады. Тарихи-Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясыныңнегізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген. Қазақ хандығы – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан феодалдық мемлекет болды.Оның көшпелі және жартылай көшпелі далалық өңірінде патриархалдық – феодалдық қатынас басым болды, ал отырықшы, егінші аймақтарда феодалдық қатынас қалыптасты. Қазақ хандығында облыстық басқару жүйесі емес, ұлттық (ру-рулар бойынша) басқару жүйесі қолданылды. Басқару жүйесінде ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Туыстығы жақын он шақты түтін бір ауыл, ал жеті атадан тараған бірнеше ауыл бір ата (аймақ) болды. 13-15 атадан қосылатын аймақтар бір ру болды. Осы рулардан тайпа құралды. Қазақ қауымы үш жүзге бөлінді. Ол қазақ хандығына бағындырды.


Қазақтардың рухани өміріндегі Ш.Ш.Уәлихановтың әлеуметтік прогресс идеясының маңызы. Тəуелсіз Қазақстан тарихы үшін Ш.Ш. Уəлиханов – дəстүрлі қазақ қоғамының тарихы мен мəдениетіне терең бойлап, халқының болашақ дамуының, тарихта дербес дəрежеге жетуі мен прогрессивті дамуының стратегиясын анықтаған ұлтжанды тұлғаның үлгісі. Түркілер мен қазақтардың тарихы мен мəдениетін ауқымды көзқараспен шолып, оларды орыс зиялылары мен патшалық самодержавиесы үшін ғана емес, əлемдік ғылым мен мəдениетке танытуы Ш.Ш. Уəлиханов шығармашылығын қазақ халқының тарихи тағдыры үшін баға жетпес феномен ретінде бағалауға негіз болды. Қазақ халқы үшін отарлық тəуелділік жағдайында аса қажетті əлеуметтік прогресс жөніндегі мəселені ерекше өткірлікпен көтерген оның теориялық тəжірибесін бірқатар себептермен жаңа тарихи жағдайда қайта ұсынуға болар еді. Біріншіден, мұндай тəжірибе өзара мəдени ықпалдар мен мəдени қарымқатынастардың түйіскен тұсында пайда болды, сондықтан ол өзара түсіністік философиясы дискурсында жинақталған қазіргі көзқарастарға жақын тұрады. Екіншіден, шын мəнісінде, Ш.Ш. Уəлиханов өзінің шығармашылық мұрасында Қазақстанда қазіргі мəдениет пен саяси тəжірибе басшылыққа алып отырған қазақ даласындағы əлеуметтік прогресс түсінігіндегі еуразиялық ұстанымды айқындап берген. Үшіншіден, оның даму жағынан кенжелеген қазақ қоғамының əлеуметтік дамуының мəні туралы түсінігі халық тағдырына алаңдаулы қоғамның саяси элитасы мен озық өкілдердің саяси ұлттық сана- сезімінен бастау алған. Ресейдің ықпалды тап өкілдерінің қазақтарға деген мұндай қатынасы қазақ ағартушылары тарапынан наразылық туғызды жəне олар отарлаушыларды қатал сынға алды. Олар, шын мəнінде, Қазақстандағы патша əкімшілігі шенеуніктерінің тонау əрекеттерін қатты сынады. Зардап шеккен халықтың ауыр тағдырын жеңілдету жолдарын табу үшін шын ниетімен қам жеген Ш. Уəлиханов Ресейдің прогрессивті адамдарына үндеу тастап, күреске көмектесуді шақырды жəне олардан қолдау іздеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет