Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы


Қазақ хандығы дәуіріндегі би-шешендердің дүниетанымында елдік, бірлік, ынтымақ мәселелерінің алатын орны мен маңызы



бет35/59
Дата22.07.2023
өлшемі452,68 Kb.
#104640
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59
Байланысты:
Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың Ð

Қазақ хандығы дәуіріндегі би-шешендердің дүниетанымында елдік, бірлік, ынтымақ мәселелерінің алатын орны мен маңызы. Би мен шешен халық ұғымында бірінен-бірі ажырағысыз тең түсінік. Бисіз – тапқыр шешендікпен айтылатын көркем төрелік сөз болмақ емес, шешен сөйлей алмайтын адам – би болмақ емес. Екеуіне де бірдей тән қасиет – белгілі бір үрдіс, дәстүрлі рухи принциптерге бағынушылық. Сондықтан елдің бүкіл би-шешендері оны тек өнер деп қарамай, әлеуметтік –саяси феномен ретінде мойындап, дала демократиясын қалыптастырып, әлеуметтік-саяси тұтастықты барынша орнықтыруға атсалысқан. Хандық билік жүйесінде бидің ерекше беделді тұлға болғандығын айғақтайтын жазба деректер де, ауыз әдебиетінің нұсқалары да жетерлік. Қазақтың алғашқы заңгерлерінің бірі Д.Сұлтанғазин “Бұрынғы замандағы қазақтардың билік қылуы” атты мақаласында: “... бағзы билер болыпты, бек білімді, атақты һәм ақылды, әділетті, көпті көрген және іс бітіргенде әдет рәсімдерін тегіс біліп, әр жұмысты қара қылды қақ жарып орнына келтіреді екен..., һәм солардың бітірген жұмыстарын ұлы хандары да әрқашан бұзбайды екен... Сондай билер турасында қазақтың мақалы да бар. Батыр мен биді салыстырғанда, биді қатты артық көретінін білдіретін сол мақалы мынау: “Батыр деген бір барақ ит, екі қатынның бірі табатын, би деген бір ақсарағат, бүтін елден біреуі ғана табатын” дейді (“Дала уәлаятының газеті”, 1888, ғ51). Билердің батыр, бай, т.б. әлеуметтік жіктерден ерекше құрметтелуінің бірнеше тарихи себептері бар. Біріншіден, би мемлекет басқару жүйесінде кейбір айрықша құқылар иеленді: «Жеті Жарғы» қағидаларына сай ол өзіне бағынышты ру-тайпа шегінде сот және әкімшілік билік (ханмен қатар) жүргізді. Мысалы, С.З.Зиманов: «Би, ең алдымен – сот (судья)», -деп көрсетеді. Сот төрелігін жүзеге асыратын болғандықтан, би халықтың әдет-ғұрпын, салт-рәсімін, жол-жосығын жатқа білуге, дауласқанға әділдікпен жөн сілтеп, адасқанға даналықпен жол көрсетуге, әсіресе, “тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” деген құқықтық-гуманистік принциптен айнымауға тиіс болды. Билердің негізгі ұстанымына айналған бұл моральдық құндылық әділ соттың өзіндік болмысын білдіреді. Мәселен, орыс ғалымы А.Е.Алекторов қазақ билерінің сотын таңдана сипаттай отырып, сот әділдігінің көне дәстүрлерін сақтаған билер ежелгі дала демократиясы үлгілерін іске асырғандығын атай келе: «істі қарастыру кезінде би және ақсақал дауласушыларға асқан әділдік танытуды өзінің қасиетті парызы санайды, ол екі жақтың да дәлелдемелерін әбден тыңдап болған соң ғана өзінің әділ шешімін жариялаған және ол шешім міндетті түрде орындалған», -деп жазады. Ғылыми деректер бойынша, Абай 13 жасында соттық шешімдер шығара бастаса, Шорма мен Есет би де осындай жас мөлшерінде сот қызметіне араласқан, ал Төле би 9 жасынан бастап сот ісіне қатыса бастаған. Сонымен билер сотының құқықтық қорына тек дәстүрлі «хан жарлықтары» ғана еніп қоймаған, сонымен бірге атақты билердің жалпы халыққа тараған бітім, шешім, жүгініс үлгілері де енгендігін байқауға болады. Екіншіден, би ру-тайпаның басшысы ретінде әкімшілік қызметті де қоса атқарып, өз қауымының тұрмыс-тіршілігін қадағалап, тәртіп-талабына жауапты болды. Осылайша олар билеуші хандардың халық арасындағы сенімді тіректеріне айналып, саяси бедел иеленді, сұлтандармен тең құқылы дәрежеде мемлекеттің мәселелерді талқылауға қатысты. Ел ішіне биліктілігімен, қара қылды қақ жаратын әділдігімен, тура жолдан таймайтын адалдығымен даңқы тараған Төле би, Қаздауысты Қазыбек би, айыр тілді Әйтеке би, т.б. саңлақтар хан жанындағы билер кеңесінің құрамына енді. Олар нақты тарихи-әлеуметтік ахуалға қатысты жол-жоба белгілеп, заңи жосындар қабылдады, мәні ескіріп, маңызы кеміген қағидаларды елдік мүдде тұрғысынан қайта қарап, жаңасын қолданысқа енгізіп отырды. Тіпті, ханның ішкі және сыртқы саясатына, әскери доктринасына тікелей ықпал етіп, өзгерістер енгізе алған. Мәселен, 1695 ж. Қазақ Ордасында болған орыс елшілері Ф.Скибин мен М.Трошин: “... Тәуке хан Қазақ Ордасының таңдаулы адамдарын өзіне шақырып алды да, біздің — Федка мен Матюшкенің — көзімізше, әлгілерден мына біздерді ұстап қала ма, әлде жібере ме, Русь қалалары мен слободкаларына соғыс ашып бара ма, әлде бейбіт тұра бере ме, соны сұрап алды” деп жазады. Кей тарихи деректерде Мөңке Тілеуұлының өзі өмір сүрген заманда ел билігіне араласқан қайраткер екенін жалпы жұртшылық жазушы Әбіш Тевкелевтен соң төрт жылдан кейін қайта елші келіп, соның құрметіне бас қосқан жиында “елу бидің сары ала тобының” ішінде шектінің Мөңке, Мойнақ, Мәметек, Айдаралы билерінің де есімдері аталатыны бар. Мысалы, 1748 жылы 5 қазанда Орта жүз бен Кіші жүз билері мен батырларының Нұралы сұлтанды Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарына хан етіп тағайындау туралы Елизавета ханымға хат жазғаны мәлім. Сондағы “Сіздің мәртебелі құзырыңызға шын берілген Әбілқайыр хан бұл өмірден өтті, оның орнына біз мұрагерлік жолымен оның өз ұлы Нұралы сұлтанды сайладық. Біз ата салты бойынша Нұралы сұлтанды хан сайлағанымызбен, Сіздің ұлы мәртебелі патшалық жарлығыңызсыз хан тағына отырғыза алмаймыз. Сондықтан Сіздің императорлық ұлы мәртебеңізден Нұралы сұлтанды әкесі Әбілқайыр ханның орнына бас хан етіп тағайындау туралы жарлық шығаруыңызды және өзіңіздің императорлық алтын мөріңіз басылған грамотамен марапаттауыңызды адал берілгендікпен сұраймыз”, — деп басталатын осы хатқа шақшақ Жәнібек тархан, керей Наурыз би, шақшақ Қойсары, Жәлмәмбет билер, Құдайшүкір батыр, шөмекей Қыдай би, шекті Бапы би, Бақтыбай би, Айдаралы би, Есенбай би, Мойнақ би, Мәметек би және басқалармен бірге өз таңбасын басқандардың бірі – бұл кезде, біздің шамалауымызша, пайғамбар жасына жеткен осы Мөңке би болатын дейтін мағлұмат бар. Үшіншіден, ел тағдыры сынға түскен жаугершілік замандарда билер батыр-баһадүрлермен қатар атқа қонып, қарамағындағы тайпаластарынан жасақ құрып, мемлекет тұтастығын, ұрпақтар азаттығын қорғауға ұйытқы болған, қолбасшылық қызмет атқарған. Төртіншіден, би атағы мұрагерлік заңымен берілетін лауазым емес. Көшпелілер мәдениетінің ерекше қыры — шешендік өнерді меңгермейінше, тек әдет жосындарын жетік біліп, әділет принципін ұстану арқылы ғана би атану, ел сенімін иелену мүмкін болмаған. Халық арасында бір ауыз сөзбен құн кешіп, жалғыз уәжбен дау шешкен ділмарлардың аты ардақталып, төрелік істері үлгі-өнеге тұтылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет