Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы


Әл-Фараби философиясындағы «бақыт» мәселесі және оның әлеуметтік-этикалық мазмұны



бет13/58
Дата21.12.2022
өлшемі161,99 Kb.
#58855
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58
Байланысты:
Абай өлеңдеріндегі рухани

Әл-Фараби философиясындағы «бақыт» мәселесі және оның әлеуметтік-этикалық мазмұны. Әл-Фараби өмірге келген әрбір адам бақытты болу үшін өмір сүреді дейді: «Бақыт - әрбір адам ұмтылатын мақсат...», «Жан біткеннің бәрі ең биік кәмелеттікке жету үшін жаралған, ол бұған өзіне тән болмыс сатысына сәйкес жете алады» Адамның бақытқа жету жолындағы күресінде үш түрлі жағдайды басынан өткереді. Олар: «1. Бұл - әрекеттер, адам өзінің дене мүшелерін пайдалану үшін керекті әрекеттер, мысалы, орнынан тұру, отыру, көлікке мініп жүру, көру, есту үшін керекті әрекеттер. 2. Жан эффектілері. Мысалы, құштарлық, рахат, қуаныш, ашу, қорқыныш, жабырқау, күйіну, қызғаныш және сол сияқтылар. 3. Ақыл-парасат. Бұл үшіншісі адамның бүкіл өмір бойында болады немесе кейде болып, кейде болмайды». Осы үшеудің ішіндегі ақыл-парасат - адамдардың бақытты болуы үшін Алланың сыйлаған сыйы. «Адам нақ осы ақыл арқылы адам болған...»; «Ақыл-парасат күші - адамның ойлауына, пайымдауына ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш».Ақылды, парасатты болу үшін адам өмір бойы оқумен, оқығандарын бойына тоқумен, жақсылардан үйренумен өтеді: «Үйрету дегеніміз - халықтар мен қалаларға теориялық ізгіліктерді дарыту деген сөз». Жақсы тәрбиемен дұрыс бағытта берілген білім адамды кемелдікке, даналыққа қарай бастайды. «Даналықтың ерекшелігі - әрбір түпкі нәрсенің шекті себептерінің оған мәлімділігі болса және адам өмірінің мақсаты бақыт болса, ал мақсат сол себептердің бірі болса, онда, даналық дегеніміз, шын бақыт болып табылатын зат туралы білімнің бізге беретіні болып шығады. Даналық дегеніміз - шын бақыт туралы білім беретін нәрсе, ал пайымдағыштық - бақытқа жету үшін орындау керек болатын әрекеттер туралы білімнің беретін дүниесі.Бақыт дегеннің не нәрсе екендігін жан-жақты білімдарлығының, ойшылдығының арқасында жан-жақты түсіндіреді; әр түрлі қырынан сыпаттайды: «Кейбіреулер ләззат алуды ең жоғары бақыт деп, есептейді. Енді біреулер байлықты бақыт деп, санайды. Үшінші біреулер бақытты сол екеуінің ұштасуы деп біледі»; «Бақыт дегеніміз - игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені және ең жетілгені...»; «...біз философияның арқасында бақытқа жетеміз. Ал оны біз жақсы ақыл-парасат арқылы меңгереміз»; «Ең дұрысы, бақыт - оқығанда, сабақ алғанда, білімді игеру, әртүрлі өнерлерді үйренгенде, оларды игеру, жұмыстарды орындау сияқты игілікті істер арқылы қол жететін мақсат»;«Бақыт - өз басың үшін көксейтін игілік; бұған ешбір жағдайда және ешқашанда басқа нәрсеге бола талпынбайды, өйткені (бақыттың) аржағында адамның қолы жете алмайтын бұдан артық нәрсе жоқ. Бақытқа жетуге көмектесетін еркін әрекет - тамаша әреекет. Мұны туғызатын әдет-ғұрып - қайырымдылық. Қайырымдылық дегеніміз, оның өзі белгілеген, бірақ бақытқа жету мақсатынан туған жақсылық. Бақытқа (жетуге) бөгет жасайтын әрекет жаман немесе сұмпайы әрекет болмақ. Бұл әрекетті туғызатын әдет-ғұрып - кемшілік, кесепат, пасықтық». 
Әл-Фарабидің пікірінше, адам өмірінің мәні мен сәні, ең жоғарғы шыңы болып саналатын бақыт жанның байлығына, адамгершілікке негізделеді. «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады». Жаны жайсаң, адамгершілігі мол адамдардың мінез-құлқы да жақсы келеді. Жақсы мінез-құлық білім алу, үйрену барысында көбіне тәрбиемен қалыптасады.«Адамның бойына дарыған, халықтар мен қала тұрғындарына тән және бұл дүниеде тиесілі бақытқа жетуіне, о дүниеде асқан рахатқа кенелуіне септігін тигізетін төрт түрлі нәрсе бар, бұлар: теориялық ізгіліктер, ойшылдық ізгіліктер, этикалық ізгіліктер және практикалық өнерлер».«Адамның игі қылықтары мен жақсы әрекеттерін жасауға көмектесетін жан қасиеттері - ізгілікті қасиеттер, ал адамның пасық істер мен оңбаған әрекеттер жасауына себепші болатындары - сұрқиялық, кемшілік немесе опасыздық болып табылады». Адамның саналы өмірін қамтамасыз ететін - денінің саулығы мен жан саулығы. Осы екеуі бір-біріне сай, үйлесім тапқанда ғана адам бақытты бола алады. Денсаулықты дәрігер қадағаласа, жан саулығы - аса күрделі; ол адамның өзінің дүниеге көқарасынан бастап, алған біліміне, тәрбиесіне, өмірлік мақсатына, мамандығына, қоршаған әлеуметтік ортасына сияқты көптеген факторларға байланысты. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет