Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы



бет1/58
Дата21.12.2022
өлшемі161,99 Kb.
#58855
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
Абай өлеңдеріндегі рухани




Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы. Тәрбие берудің ең көрнекті құралының бірі, амал-тәсілі әдебиет үлгілері, көркем шығармалар болған. Онда көрініс табатын авторлық суреттемелер, жасалған образдар оқырманды ойға жетелейді, түрлі әсерге бөлейді. Тағылымдық, танымдық қасиеттер бой көрсетеді. Бұл орайда өзінің ағартушылық мақсатына сәйкес әдеби шығармаға тәрбие құралы ретінде қалам тартқан Абай өнегесі орасан зор. Бар сұлулықты, эстетикалық көркемдікті бойына жинаған Абайдың өлең жолдары кімді де болса рухани биіктерге жетелеп, болашаққа деген құштарлыққа ұмтылдырады, саналылыққа тәрбиелейді. Бұл құндылықтар дарынды ақынның сөз шеберлігі, даналық ойлары, парасаттылығы арқылы ерекше сұлуланып, өзгеше биікке көтерілген. Өр ұғым, өр қағида бүкіл адамзаттың жүрегіне жол тауып, есінде мәңгі сақталатындай қалыпқа келген. Абайдың қай өлеңін, қай қара сөзін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән асыл қасиеттерді (ар, ұят, намыс, иман, ақыл, білім, ғылым және т.б.) бойына дарыта алмаған ел-жұртын сынағанда оны жек көру тұрғысынан емес, керісінше адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды аңғартады. Бұл ақынның көпшіліктің іс-қылығына көңілі толмаған шарасыз күйін байқатады. Адал еңбек, маңдай термен емес, байларды аңду, оның малына сұғанақтықпен көзін қадаған кемшілікті сынға алады. Қазақы тіршіліктегі қайшылықты өмір көшін, сол кездегі әлеуметтік жағдайды сынап, мінейді. Одан арылудың жолы ғылым, білімде екенін ескертіп, ел назарын соған аударады.Абайдың пайымдауында адамның бойындағы барша ізгіліктің басы отбасынан басталады. Ақын отбасында ата-анадан алынатын тәрбиені өте жоғары бағалаған. Сондықтан да өмірге келген әр адамды адалдыққа, парасаттылыққа, адамгершілікке, сұлулыққа апарар жол ананың сүтінен, ата-ананың пәрменді үлгісінен тамыр тартады деген ойдың желісі Абай өлеңдерінде айқын аңғарылады. Ұлы ақын бала тәрбиесіне, жалпы бала болмысына, қарттар мен қариялардың танымдық ерекшелігіне қатты көңіл бөлген. Сондықтан ол:Адамның бір қызығы– бала деген, Баланы оқытуды жек көрмедім, – дейді.Абай өмір жолын тануды білімге, ғылымға негіздеу керек дейтін қағиданы ұстанады:_...Дүние де өзі, мал да өзі,_Ғылымға көңіл бөлсеңіз. Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді», көңіл көзі қарақты, ойлы адамдарға үміт артып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге талпынуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі, міне осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл шығармаларының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес жүйесінің бірі болды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет