Абай өз заманының сыншысы көкбасқызы Ж



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі127,51 Kb.
#6457

УДК 894.342.

АБАЙ - ӨЗ ЗАМАНЫНЫҢ СЫНШЫСЫ

Көкбасқызы Ж.

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)

Қазақ  әдебиеті  сынының  туып  өрістеуіне,  оның  эстетикалық  өрісін  едәуір  биікке 

көтеруге себепші болған шешуші фактордың бірі -  ұлы Абай  шығармашылығы.

Абайдың  кемеңгер  өнерпаздығы  өзінің  зерттелуі,  насихатталуы  жөнінен  қазақ 

әдебиетінде  теңдесі  жоқ сала  екенін  ескеріп,  біз  Абай  шығармаларының  қазан  төңкерісіне 

дейін  сын  объектісі  болуына,  ол  жөнінде  артық-кем  айтылған  пікірлерге  жэне  Абай 

даңқының жайылу мәселелеріне назар аудармақпыз.

Абай  шығармаларындағы  сыншылдық  ой-пікір  эволюциясын  айқын  таныту  үшін 

ақын  шығармашылығы  жайында  жазылғандарға,  эстетикалық  проблемаларға  молырақ 

тоқталуды  қажет деп санадым.  Сонда ғана бүгінгі  Абайтанудың  арғы  бастауларында талай 

пікір-түжырымдар  айтылып,  бэрі  жинала  келе  кең  арналы  ілімге  құйғанын,  қазақ 

әдебиетгануының өнімді бір саласы боп калыптасқанын сөзсіз дәлелдей аламыз.

Абай  -   сыншыл  ақын.  Ендеше,  ол  өзінің  бүкіл  ақындық  өнерімен  әдебиеттің 

қоғамдық-өзгертушілік күшінің өлшеусіз мол екенін танытты. Ақынның әлеуметтік бітімін. 

қайраткерлік  міндетін  белгіледі.  Оның  өзі  өмір  сүріп  отырған  ортасын  кеселді, 

кертартпалықты,  әділетсіздікті  көріп  қана  қоймай,  оған  өз  қолымен  үкім  шығарып, 

өзгелердің  ыза-кегін  шақыруды,  «Қыранша  қарап  Қырымға,  мүң  мен  зарды  қолға  алуды, 

кектеніп надан зұлымға,  шиыршық атып толғануды» талап етті.

Егер  біз,  Белинскийше  айтқанда,  сынды  «кекшіл  күлкі,  жеңіл мазақ, үсақ қылжақ деп 

түсінбей,  масқара  болған  қоғамның  қүрысқан  кегінің,  нажағайлы  рухының  айбары  деп 

танысақ»,  Абайдың  бұл  саладағы  еңбегінің  көркем  сөз  табиғатын  терең  талдап  тексеруде, 

оның идеялық өрісін байыптауда қандай маңызы бар екенін түсіну қиын емес  [1,78].

Азамат ақынньщ зор идеясын бастаған өлең «Жасымда ғылым бар ескермедім» болса, 

енді осыған жалғас  1886 жылы туған толып жатқан тың өлеңді көреміз.  Тегінде  1886,  1889, 

1896  жылдар  Абайдың  ақындық,  ойшылдық  еңбектерінің  ең  жемісі  мол,  өнімді  жылдары 

болды.  1886  жылы  Абай  он  сегіз  өлен  жазған.  Бұл  өлеқцердің  айқын  көпшілігі  қазақтың 

сол  күнгі  қоғамдық  тіршілігіндегі  сорақылық,  керітартпалықка  арналған.  Надандық, 

қанаушылық,  кертартпа  қайшылықтарды  таңбалайтын  қатты  сын және  өсиет өлеңдері.  Бүл 

өлендер  көбінесе  сыншылдықпен,  ойшылдыкпен  айтылған,  элеуметтік  тартыстың  қүралы 

есепті болған  [2,6].

1886  жылы  қырық  бір  жасқа  келген  Абай  өлендерін  «Қартайдық,  қайғы  ойладык» 

деген  сөздермен  бастайды.  Анығында,  бүл  жылдарда  Абай  қартайған  жоқ.  Оны  жасынан 

ғана  айыру  керек  емес,  халық  қамқоры  боп,  азамат  ақын  боп,  осы  жылдан  бастап  жазған 

сөздеріне  карасақ,  ақын  анык  үлкен  тартысқа  барынша  белсеніп  кіріседі;  ызалы  ашумен, 

қайсар  қайрат, өнімді қажырмен араласады.

... Анта ішіп күнде берген жаны қүрсын,

Арын сатып тіленген малы қүрсын.

Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып,

Қу тілмен қулық сауған заңы қүрсын.

Бір атқа жүз қүбылған жүзі  күйгір,

Өз үйінде шертиген  паңы құрсын,  [3,8]

-  деп,  өз  заманының  атқамінерлер  ортасын  жүзі  күйгір  деумен  жиренішті  етіп  көрсетеді. 

Өсиетші,  сыншы,  ұстаз  болуға  бекініп  кіріскен  ақын  халықтың  анық  ағасы  болып, 

ақылшының  түрғысымен сөйлед:..

1886  жылдың  сыншылдық,  қоғамшылдық  тақырыптарына  арналған  өлеңдерінің 

қатарына  «Адасқанның  алды  жөн»  деген  бір  өлеңі  енеді.  Бүнда  да  өзі  көрген  кемшілікті, 

керітартпа мінездерді үлкен турашылдықпен қатты сынап айтқан.

192


Тек  бұл  өлеңце  сынайтыны,  ащы  мысқыл  үлгісінде  қатты  мінеп  сөйлейтіні  алғашқы 

көп  өлеңдердегі  болыстар,  билер,  төрелер  жэне  қанаушылар  тобы  емес,  еңбексіз  өмір 

кешетін жалқаулар болады.

Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ,

Бәрі де шаруаға келеді олақ.

Немесе:


Олардың жоқ ойында малын бақпақ,

Адал еңбек,  мал таппақ, жұртқа жақпак [3,10] 

дегенде, ақын кімді сынап, сөгіп отырғанын танытады.

Өзінде  мал  жоқ,  істер  әрекет,  еңбек жоқ,  өзі  үйінде  ішетін  ас  та  жоқ.  Бірақ  осындай 

жігіттер  малы  бар,  асы  бар  ауылдарды  қыдырып,  бейнетсіз,  еңбексіз  көр  жалқаудың 

қалпында жүргенін ақын үлкен айып етіп әйгілейді.

Абай  заманындағы  қазақтың  көшпелі  ауылында  болған  жалқаулық,  еңбексіздікті  ең 

алғаш  өлеңмен  сөз  қыла  бастайды.  Әсіресе  бай  ауылды  жағалап  жүрген,  жатып  ішерлік 

әдетке салынған жастарды ызамен айыптайды.

Кейін  молайып  өрістейтін  осы  алуандас  ойларының  басын  жаңағы  «Адасқанның 

алды жөн» деген  мысқыл,  шенеу үлгісімен жазылған  өлеңінен  бастайды.  Ал  «Көжекбайға» 

деген өлеңінде  ақын  елді  бүлдіретін,  халық  ішіндегі  атқамінер,  бүліктің  атын «Көжекбай» 

деп  атап  түрып,  соның  бар  мінезін,  іс-әрекет,  қимыл-күбылысындағы  бейнесін  сипаттай 

береді.  Осы  өлеңнің  ішінде  Абайдың  кейінгі  әдебиетке  жэне  халық  даналығына 

афоризмдерін  қосып  кеткен  көптеген  нақыл,  сыншылдык  тақырыптағы  өсиет  сөздерін 

білеміз.


Мысалы:

... Орыс сыяз қылдырса,

Болыс елін қарайды.

Қу старшын, аш, билер,

Аз жүрегін жалғайды,  [3,22]

дегенде,  Көжебайлықтың тамыры  мен тегі  қайда жатқанын  танытады.  Пэле  басы экімшілік 

қүрылыста, қоғамдық жаманшылықта екенін аша түседі.

Сонымен,  бұл  аталған  екі  өлең  бүрынғы  тақырыпты  тың  дәлелдермен,  дерек, 

әрекеттермен байытады.  Аты  аталып, таңбаланып  берілген әкімдер, атқамінерлерді  косады. 

Әлеуметтік  дерттің  иелерін  бүрынғыдан  да  күшейе  түскен  ызалы  сыншылдық.  өткір 

сатирамен әйгілеп әшкерлейді.

Ақынның  негізгі  тақырыбы  -   қоғамдык  мінді  айту  болса,  Абай  бұл  жөнінде 

кателеспеген.  Керісінше,  жауыздык,  жаманшылыкпен  алысуда  бүрынғыдан  да  кұлшына, 

үдей басқанын байқаймыз.

Абай  көшпелі  дэуірдегі  эдебиеттің  өкілі  болғандықтан,  сынды  бар  қуатымен 

пайдаланды, өйткені Абай бұрынғы өткен заманның қайта оралмайтынын білген. Ескі  эдет- 

мінездің халыққа зиянды екенін тағы  баса айтқан  [4,192].

Сонан соң олардың бэрін  кекетіп, жаңа заманға халықты үйретуге тырысқан.

Өлең  -   ермек  емес,  өнердің  басы.  Ол  өнер  халықтың  тілін  де,  ойын  да  жаңғыртып, 

түлетіп өсіреді.  Абай халқына сын айту арқылы  надандыкпен,  караңғылықпен, теңсіздікпен 

алысты, ақыры аз-да болса, халқына көмек жасады.

Сонымен,  қазақ халқымен талай ғасырдан бері бірге жасап, рухани азығы болған ауыз 

әдебиетінің озық үлгілері  мен жеке дарындардың,  әсіресе Абай  сияқты данышпан ақынның 

шығармашылығын  игеру  барысында  қазак  әдебиеті  сыны  жанр  ретінде  қалыптасып,  қазақ 



әдебиеттану ғылымының туып, қарқынды өсу жолында келе жатқанын мықтап аңғартты.

Әдебиеттер:

1.  Кэкішүлы  Т.  Қазак әдебиеті сынынын тарихы. I  бөлім.  Алматы:  Білім,  2003. -   188  6.

2.  Қабдолов 3.  Сөз өнері.  Алматы:  Санат, 2003. -  528  б.

3.  Құнанбаев А.  Қалың елім, қазағым.  Астана:  1С-Сервис, 2006. -   160 б.

4.  Кәкішұлы  Т.  Қазак әдебиеті  сынының тарихы.  II бөлім.  Алматы:  Білім, 2003. -  232  б.

193


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет