«діннің хақ мағрифатына жеткендер». «Толық адам» сатысын Абай отыз сегiзiншi қара сөзiнде: «Бұл айтылмыш үш қасиеттiң иелерiнiң алды – пайғамбарлар, онан соң – әулиелер, онан соң хакiмдер, ең ақыры – кәмiл мұсылмандар» деп төртке бөледi.
Бұлардың бастапқы екеуi таза құлшылық жолындағылар. Ал соңғы екеуi – аралас құлшылықта, себебi ниеттерi таза болғанымен, болмыстары әлi толық тазаланып үлгермеген. Олар сый-құрмет, атақ-даңқ тәрiздi адамның жүрегiн құрсаған құмарлықтардан әлi де болса толық арыла қоймаған.
Жоғары рухани саналы адамға тұтастық сана тән. Олар бүкiл болмыстың Құдаймен байланысын сезiп-бiледi. Адамдарды алалап бөлмейдi. Ол үшiн адамдар ғана емес, тiптi барлық жан иелерi бiрдей. Сондықтан барлығына бiрдей қарап, барлығына жақсылық, қайырымдылық жасауға ұмтылады. Барлық жан иелерiне жақсылық ойлағандықтан олардың жаулары болмайды. Бұлар – әулиелер мен пайғамбарлар.