Абай толық адам туралы


Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста



бет3/5
Дата22.05.2023
өлшемі58,93 Kb.
#96015
1   2   3   4   5
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.
Сонда толық боласың елден бөлек.
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау» тек нәпсімен күресе білетін адамның ғана қолынан келеді. Осылай ол елден бөлек болып, толық адам деңгейіне көтеріледі.
Адам сатысындағыларда имандылық бар. Бірақ бұл толық иман емес. Олар Алла тағаланы мойындады. Бiрақ Алла тағала үшiн әрекет жасамай, тек қана Одан өзiне жақсылық тiлейдi. «О, Алла тағала! Маған тамақ бере гөр, денсаулық бере гөр, отаныма тыныштық бере гөр» және тағы-тағылар деп ол өзiнiң денесiне байланысты құндылықтарды сұрауы мүмкiн. Сөйтiп адам Құдайға құлшылық жасаудық орнына өзiне жақсылық тілеп, Оны өз қамы үшін пайдалануға тырысады. Рухани жаңғырудың материалдық деңгейі дегенiмiз осы. Ол әлi Абай көрсеткен өмірдiң негiзгi мақсаты Түп Иеге қайтуды бiлмейдi, не болмаса толық сезiнiп-түйсiнбейді, бірақ материалдық қажетiн Құдай тағаладан сұраған кезде Оны есiне түсiредi. Осылай жаны бiртiндеп тазарып, түбiнде өмірдiң негiзгi мақсатына ұмтылуға мүмкіндік алады.
Ал толық адам мүлде басқа. Ол өмір мақсатын түсiнген және соған өмірiн толық арнаған. Ол өзi үшін ештеңенi сұрамайды, iс-әрекетiнiң барлығын тек қана Түп Иенiң разылығына арнайды.
Абай осылай адамды саты-сатылап негiзгi мақсатқа әкеледi. Бұлардың ең жоғарғысы рухани жетiлу, себебi махаббаттың ең жоғарғы нысанасына – Құдай тағалаға бағытталады, сонымен бiрге «жаннан тәттi» деп ол сүюдiң басқалардан артық екенін көрсетедi. Адамға ең қымбаты жаны болса, ал «жаннан тәттi» деген сөз бұл сүю одан да құнды, ең жоғары дәреженi көрсетедi. Сондықтан рухани жетiлу – ең жоғарғы саты, одан жоғары сана жоқ.
Толық адам сатысының екінші айырмашылығы – өмірдің мақсатында. Толық адамдарда бірақ мақсат бар. Ол – Түп Иеге қайту. Ол үшiн толық адамдар Абайдың «Сен де сүй Ол Алланы жаннан тәттi» қағидасын берiк ұстанып, Аллаға деген биік махаббатқа жетуге ұмтылады. Олар құлшылық жолындағылар. Себебi бiреудi жақсы көру үшiн оны сырттай бiлiп қою жеткiлiксiз.
Нағыз сүйiспеншiлiк қарым-қатынастан басталады. Сол сияқты Алла тағаланы сүю үшiн де Онымен қарым-қатынас аясына кіру керек. Ал ол құлшылық арқылы ғана болмақ. Олар Алла тағаланы ешуақытта ұмытпай, үнемі естерiнде ұстаушылар. Осылай олар рухани сатыға көтерiлiп, Құдайға деген сенiмдерi биiктеп, Онымен қауыша алады. Адам ендi барлық iс-әрекетiн өзiнің емес, Құдай тағаланың разылығына арнайды.
Үшіншi айырмашылық – Құдайға деген жүрек пен көңiлдің тазалығы. Абай Құдайға ынталы жүрек, шын көңіл керек екенін айтады.
Ол өзiнiң отыз сегiзiншi қара сөзiнде былай деп нақтылай түседі:
Ендi бiздiң бастағы тағриф (түсiнiгiмiз) бойынша Құдай тағала ғылымды, рахымды, ғадаләттi, құдiреттi едi. Сенде де бұл ғылым, рахым, ғадаләт үш сипатпенен сипаттанбақ: ижтиһатiң (талабың) бар болады. Белгiлi жәуанмәртлiк (iзгi, кең пейiлдi) үш хаслат (сипат, қасиет) бiрлән болар деген, сиддық (шындық), кәрәм (ізгілік) , ғақыл (ақыл) – бұл үшеуiнен сиддық ғадаләт болар, кәрәм шапағат болар. Ғақыл мағлұм дүр, ғылымның бiр аты екендiгi. Бұлар әр адамның бойында Алла табарака уа тағала тәхмин (шамасы) бар қылып жаратқан. Бiрақ оған рәуаж (тарату, өсіру) берiп гүлдендiрмек, бәлки, адам өз халiнше кәмәлатқа жеткiзбек жәһәтiнде (ынта, жiгер) болмақ. Бұлар – өз иждиһадiң бiрлән ниет халис (таза ниет) бiрлән iзденсең ғана берiлетiн нәрселер, болмаса жоқ.
Данышпанның бұл сөздерiнен ұғатынымыз – бiзде де Құдай тағаланың қасиеттерiндей қасиеттер бар. Бiрақ олар зәредей – кiшкене. Рухани жаңғырудың мақсаты сол зәредей қасиеттердi өсіру. Ол үшiн, бiрiншiден, ынта-жiгер, екiншiден, таза ниет, яғни Құдайға деген шын көңiл керек, болмаса – жоқ. Абай Құдайға деген ынта мен талап адамның ниетiнiң тазалығына байланысты екенiн айтады. Құлшылық барысында ниет тазарып, имандылық нығаяды. Ал таза ниет пен берiк имандылық Құдайға деген ынта-жiгердi арттырады. Осылай адамның Құдайға деген ниетi мен ынтасы бiр-бiрiмен тығыз байланысып жатыр. Адамның рухани дәрежесi Құдайға деген ынталы жүрек пен шын көңiлiне сай. Соңғылар жетiлу деңгейiнің таразысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет