Абайдың аудармалары


М.Өтемісұлы шығармаларының көркемдік ерекшеліктері



бет17/55
Дата19.12.2022
өлшемі0,61 Mb.
#58267
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55
Байланысты:
әдебиет

78

М.Өтемісұлы шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Махамбет өлеңдері, көбіне жыр ағымымен келеді. Суырып салма ақындардың бірен-сараны болмаса, көпшілігі-ақ өлеңдерін жыр ағымымен шығарады. Әрине бұл сөзден 11 буынмен өлең шығарушы суырып салма ақындар (импровизаторлар) болмайды екен деген ұғым тумауы керек. Айтайын деген ойын не 7-8 буынды, не 11 буынды өлеңмен айтып беру тақырыпқа, суреттейін деген жағдайға байланысты


Махамбеттің жыр еткен тақырыбы ерлік, халықты ерлік қимылға үндеу. Сондықтан жайма-шуақ жәй кездегі көңіл күйін көрсетуге қолайлырақ келетін 11 буынды өлеңдерден көрі, қимыл, әрекетті, алыс-жұлыс, жортуыл тәрізді өмір құбылыстарын суреттеуге лайықты жыр ағымы, 7-8 буын аралас келетін өлең ырғағы оған анағұрлым ыңғайлы тәрізді


Он бір буынды-Махамбетте бір-ақ өлең. "Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай". Басқа өлеңдерінің бәрі де не 7 мен 8 буыннан, не таза 7 буын болып келеді. 7 мен 8 буын аралас келетін өлең түрлері: Бұл дүниенің жүзінде (7) Айдан көркем нәрсе жоқ, (7) Түнде бар да, күндіз жоқ. Күннен көркем нәрсе жоқ,(7) Күндіз бар да, түнде жоқ.(7)


Шұбыртпалы ұйқас: Беркініп садақ асынбай, Біріндей жауды қашырмай, Білтеліге доп салмай, Қорамсаққа қол салмай, Қозы жауырын оқ алмай... Ерлердің ісі бітер ме? 2. Кезекті ұйқас:


Реализмнің болуы. Ұлы ақындардың қайсысын алсақ та, сөз образдары, өмірдің бір бөлшегі болып, сол сөздің төркінін қуаласақ, тұрмыстың өзінде дәл сол айтқанындай болып шығады. Осы айтылғандар тәрізді, сөз образдарының өмірдегі нақтылы шындықтан алынып, мағына дәлдігіне бейнелеу, теңеулері де дәл келіп отырушылық- Махамбет өлеңдеріне де тән. Мысалы:
Арғымақтың баласы,
Аз оттар да, көп жусар,
Талаудан татқан дәні бар.
Азамат ердің баласы,
Аз ұйықтар да, көп жортар.
Дұшпанда кеткен ары мен
Барымтаға түскен малы бар, -



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет