Абайдың аудармалары


С.Торайғыров өлеңдеріндегі оқу-білім тақырыбы болашақты аңсау, армандау, еліне деген сүйіспеншілік, әлеуметтік қайшылықтарды суреттеу тақырыбы



бет13/55
Дата19.12.2022
өлшемі0,61 Mb.
#58267
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55
Байланысты:
әдебиет

С.Торайғыров өлеңдеріндегі оқу-білім тақырыбы болашақты аңсау, армандау, еліне деген сүйіспеншілік, әлеуметтік қайшылықтарды суреттеу тақырыбы.
С.Торайғыров та екі дәуір тоғысында, аса күрделі кезеңде тіршілік кешті. Кезең оқиғалары ақынның дүниетаным көзқарасына, шығармаларының тақырыптық мазмұны мен түріне, жанрына әсер етті. Іргелі оқу орнынан білім алу, халқының қызметіне жарайтын азамат болу – оның ынта-тілегіне айналады. Ақын «Шәкірт ойы» деген өлеңінде «Іздегенім табылды, енді дегеніме жетем, халқыма жұлдыз емес, ай емес, күн болам» деген ойға келеді. Оның лирикалық кейіпкері Қараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып, күн болам! Қараңғылықтың кегіне Күн болмағанда, кім болам! дейді. Бұл – жаңа заман жасының өр талабы. Отан, халық алдындағы борышын түсінген адамның батыл ойы мен шын ықыласының көрінісі. Мұндай жырлардың балаларды отаншылдық рухта тәрбиелеудегі маңызы ешқашан кемімек емес.
Көргені мен білгені аз, өмір тәжірибесі жоқ жастар үшін ақын-жазушылардың қызықты шығармалары өмір мектебіндей көрінеді. Ақыл-есінің тез жетілуіне жәрдемдеседі. Оларға өмір сүру, білім алу жолдарын танытады. Жақсы өмір сүрудің жақсы жолдарын айтады. Талаптану, үздіксіз іздену,ойлаған мақсатқа жетудің қиын-қыстау кездеріне қарсы тұрып, төзе білу жолдарын үйретеді.
Балаларды қызықтыратын осындай ерекшеліктер Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларынан да, өзінің өмірбаянынан да көп кездеседі.. Адамның ақылдылығы мен парасаттылығы оның еңбегінен, істеген ісінен танылатыны да сөзсіз. Кім не нәрсені ардақтай білсе, сол нәрсенің қадіріне жетіп оны қолдай да алады, жақсысын асыра да біледі. Сауат ашу, хат тану барысында Сұлтанмахмұт алдымен өзінін, ана тілін қадірледі, соның барлық ерекше қасиеттерін танып білді. Соның асыл мұрасын бойына сіңіріп, жақсылығын мақтан етті. Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омбы уезінің Шағырай болысында, Қарауыл Шабар аулында, Үлкен Қарой көлінің маңында дүниеге келген. (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы жері) Нағашылары осы елден болса керек. Анасы екі жасында өмірден өткен соң әкесі Шоқпыт ата мекені Павлодар облысы, Баянауыл ауданына қоныс аударады. Сұлтанмахмұт алты жасар күнінде әкесінен оқып хат таниды. Бұдан кейін ол ауылдағы молдадан, бертін келе Тройцк, Семей, Томск қалаларына білім іздеп сапар шегеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет