Абайдың аудармалары


Шәкәрім Құдайбердіұлы өнер-білім,адамгершілік жайлы өлеңдері



бет22/55
Дата19.12.2022
өлшемі0,61 Mb.
#58267
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55
Байланысты:
әдебиет

Шәкәрім Құдайбердіұлы өнер-білім,адамгершілік жайлы өлеңдері:
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.
Өмірін оқу-білімге, өнер жинауға арнаған Шәкәрім Құдайбердіұлы 1909-1910 жылдары Шыңғыстаудың қойнауындағы Шақпақдеген жерде жалғыз тұрып, жинаған білімін қағаз бетіне түсірумен айналысқан. Ұлы ақын Абайдың ағартушылық бағытын ұстанған Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға», «Насихат», «Үш-ақ түрлі өмір бар», «Ғылымсыз адам айуан», «Жасымнан жетік білдім түрік тілін», «Сынатарсың өзіңді»деген қалың бұқараны ғылымға, оқуға, білімге, өнерге шақырған өлеңдері бар.

Жастарға өлеңі


Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық.
Ал, енді, олай болса, кімді алалық?
Қазақта қай жақсы бар көз саларлық?
Шын іздесек, табармыз шыны ғалым,
Күнде күйлей бермелік бозбалалық.
Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!
Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!
Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,
Жалыналық Абайға, жүр, баралық!


Адамгершілік жайлы “Адамдық борышың”өлеңі
Адамдық борышың – 
Халқыңа еңбек қыл. 
Ақ жолдан айнымай 
Ар сақта, оны бiл. 
Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен, 
Бiлiмсiз, 
Өнерсiз, 
Болады ақыл тұл. 
Мақтанға салынба 
Мансаптың тағы үшiн. 
Нәпсiңе билетпе 
Басыңның бағы үшiн.
Өмiрiңдi сарп қыл өлгенiңше,
Жоба тап, 
Жол көрсет, 
Келешек қамы үшiн. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет