Абайдың дінге көзқарасы Ақынның дінге деген көрқарасына 2 түрлі қате пікір қалыптасқан . Кейбіреулер «ислам дінінің қазақтың ішінен шыққан өкілі » деп санаса , екіншісі ақынның дін туралы ойлары шығармаларының әлсіз және кертартпа жағы деп тұжырымдайды. Ақынның заманында екі дінділік орын алып отқан кез еді. Ресми түрде ислам діні үстемдік еткен мен күнделікті өмірде шаманизм басым болып отырды . Шаманизмнің негізгі категориясы –«Тәңір» болса , ислам діңінің картегориясы -« Алла» . Шаманизмнің тәңір мен адамдарды байланыстыратын «жын» болса , ислам дінінде Алла мен адамды байланыстыратын «періштелер» деп саналады . Ақын « Бір сөз қазақ қайдан шыққаны туралы » еңбегінде ислам діні қазақ жеріне қалай келгенін және шаманизммен байланысын арнайы талқылайды.
Абайдың дін мәселесі – құдай мен адамның , өмір мен өлінің , дін мен діннің жан мен тәннің, дін мен ғылымның өзара байланысын талдауы. Ол құдай мен адамның өзара байланысын 27 және 28 сөздерінде арнайы талдап , гректің ұлы ойшылы Сократпен пікір таласады. Екіншіден, құдай – жазалаушы күш. Ол жауыз, екіжүзді, арамтамақ адамдарды жазалаушы.Үшіншіден, құдай – махаббат пен әділдіктің ерекше көрінісі, адамды адалдыққа бастайтын қамқор да жебеуші күш.
Абайдың түсінігінде Алла тағала – құдіреті күшті құдай, ол біз сияқты көзбен көрмейді, құлақпен естімейді. Алла көңілмен көреді және естиді. Діни түсінікте адам жан мен тәннен тұрады, тән өледі, ал жан мәңгі өлмейді. Күнәсіз, иманды адамның жаны жұмаққа барып, рақат дүниесіне бөленеді, ал күнәға батқан имансыз жан тозаққа барып азап шегеді. Абай бұл мәселені басқаша түсінеді:
«Өлсе елер табиғат, адам өлмес» өлеңінде «мені» мен «менікінің» екі түрлі мағынасы бар. «Менікі» -дене – өледі, «менен» айрылады, ал «мен» - адамзаттың рухани жемісі – артында қалдырған игілікті ісі, енері ұрпақтан ұрпаққа ауыса береді, мұра, мирас болып қала береді. . Жеке адамдар көзі жұмылып, жер құшағына кіргенімен адам баласының жасап кеткен іс-тәжірибесі, рухани және материалдық табыстары өмірлік жасай бермек.
Рас сөз еш уақытта жалған болмас,
Көп кітап келді алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас,– деп ақын мәселені діни сана ауқымында қарастырады , бірақ Алланың растығына айрықша көңіл бөлген. Алла рас, демек, ол – мәңгілік шындық, оның растығы – мәңгіліктігінде. Абай, Аллаға да оның сөзі «Құран-Кәрімге»-де бар болмысы, жан-тәнімен сенген. «Оның төрті»-деп түсіндіріп отырғаны – көктен түскен қасиетті төрт кітап – Тәурат, Забур, Інжіл, Құран. Өзі мұсылман бола тұра, әлемдік басты діндердің қағидалары мен канондары жазылған бұл төрт кітаптан Абай Құранды жеке бөліп, түсіндірмейді. Ол «Алланың сөзі»-деп осы аталған төрт кітапқа бірдей тең көзбен қарайды.
Абай Құнанбайұлының қара сөздерінде де діни ғибратты ойлар айтылған. Әсіресе, сенім мен әдепке қатысты аят пен хадистерді қазақи мәнерде түсіндіреді. Он үшінші қара сөзінде «Әуелі — не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел — испат қыларға жараса, мұны якини иман десе керек»,-деп жазады. Абайдың түсіндіруінше шын иман танымнан шығуы, тууы керек. Неге сенсең де, соның сырын, ішкі мәнін біліп сен, тіпті құдайға сенгенде де, оған ақыл дәлелі арқылы сенуге шақырады.
Қорытындылай келсек ойшыл ақын Абай өмірде де, өнерде де дін жолын қағида етіп ұстанған жоқ. Ол дінге ешкімге ұқсамайтын соны, тіптен басқаша, өзіндік көзқараспен қарады. Алланы шынайы махаббатпен сүйіп, білім мен иманды бірге ұстау керек деген мақсатты ойды ұстанған Абайды, ислам дінінің философиясын жоғарғы деңгейге көтере отырып, дінді жаңаша пайымдағысы келген шын мәніндегі исламдық ойшыл – ғұлама деп түсінуіміз керек.