Абайоблысы Абай ауданы Саржал ауылының «Ш. Тоқжігітов атындағы орта мектебі» кмм



бет1/5
Дата27.09.2023
өлшемі53,72 Kb.
#111057
  1   2   3   4   5

Абайоблысы Абай ауданы Саржал ауылының «Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ


1 «А»сынып оқушысы Исабеков Ерасыл Манатұлына


Мінездеме

1 «А»сынып оқушысы Исабеков Ерасыл Манатұлы 09.07.2015 жылы дүниеге келген. Ол 10.01.2023 жылы Абай ауданы Қарауыл ауылы «Жалпы орта білім беретін мектеп»КММ-сінен, Саржал ауылындағы «Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ-не 1«А» сыныбына ауысып келді.


Отбасында 5 адам бар.
Әкесі: Исабеков Манат Асылханұлы
Анасы: Мейрамғалиева Салтанат Мейрамғалиқызы
Інісі: Исабеков Алинұр Манатұлы
Қарындасы: Исабекова Аяла Манатқызы
Ерасыл өзіне- өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай.Оқу материалдарын қабылдауы орташа. Зейіні тұрақсыз, ойлау қабілеті жақсы. Мінезі тұйық. Есте сақтау қабілеті төмен. Қоршаған орта туралы түсінігі бар, айналасындағы адамдармен, сыныптастарымен тіл табыса алады,қарым-қатынасы жақсы, кішіпейіл. Оқу бағдарламасы бойынша тақырыптарды меңгеру үстінде. Пәндерге қызығушылығы орташа. Үй тапсырмасын орындау кезінде ата-ананың қолдауын қажет етеді . Логикалдық тапсырмалады орындауда қиналады. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай, жазу дағдысы орташа. Жазу кезінде алмастыру, шатастыру сияқты әрекеттер кездеседі.Сабақ үлгерімі төмен,берілген сабақты тиянақты орындай алмайды. Себебі мұғалімнін қолдауын қажет ететін білім алушылардың қатарында.

Мінездеме тиісті орынға ұсыну үшін берілді.


Мектеп директоры: Е.С.Ақбергенов
Мектеп психологі: Жарылгасина .К

Дайындаған: сынып жетекшісі А.Қ.Мәрденова


Саят атаулы мектепке 2018 жылдың 1 қыркүйегінде қабылданды. Оқушы мектепке қабылдау жасында келді. Өзі отбасы туралы толық мәлімет бере алады. Қойылған талаптарды қабылдайды. Тәртібі мектеп ережесіне сай. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен, сыныптастарымен тіл табыса алады. Оқу материалын қабылдайды, зейіні тұрақты, заттар мен құбылыстарды ажыратады, оларды талдау өз бетімен қорытынды жасауы жақсы. Еске сақтау қабілеті шығармашылық қиялы орташа деңгейде дамыған. Барлық пәндерді жақсы көреді, қызығушылықпен, белсенділікпен қатысады. Өздігінен тапсырмаларды орындайды.

Математикадан сандарды оқып қосып, азайта алады. Ауызша есептеу қабілеті өте жақсы. Сандардың толық жазылуын, оқылуын құрамын толық меңгерді.
Сауат ашудан әріптерді таниды. Жазу кезінде алмастыру, шатастыру сияқты әрекеттер кездеседі. Оқыған мәтіннің мазмұнын толық жеткізе біледі. Еске сақтау, қабылдау, ойлау қаблеттері жақсы дамып келеді.
Бейнелеу өнерінен, қол еңбегінен, және жапсырмалау жұмыстарын қызыға құлшына орындайды.

Сынып жетекшісі: А. Аманова





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет