2
Орта мектепте «Абайтану» курсын оқытудың ерекшеліктері
Ұлттық мәдени дәстүрлерiн жақсы бiлетiн, өз халқының тарихын сүйетiн,
елдiң болашағына тiрек бола алатын ұрпақ тәрбиелеу – төл тарихымыз бен
мәдени мұраларымыз бүтінделіп, толымды зерттеулер жүргіліп жатқан бүгiнгi
күнгi басты мiндеттердiң бiрi. Осы міндеттерді жүзеге асыруда орта мектептің,
мұғалімдер қауымының атқаратын еңбегі ерекше. Қазақ халқында ежелден келе
жатқан тәлімі мол үрдіс – ұлт ұлыларының өмірі мен тағылымы арқылы жас
ұрпақты тәрбиелеу. Сөздің құнын да, мәнін де айрықша түсіне білген ата-
бабаларымыз сөз өнерін ұлттық тәрбиенің басты құралы ете білген. Сан
ғасырлық тәжірибемен екшелген ұлтымыздың осы бір жақсы әдет-ғұрпын
бүгінгі тәрбие үдерісінде тиімді пайдалану маңызды екені даусыз.
Қазiргi жаһандану жағдайында өз ұлттық құндылықтарын сақтап, оны
дамыта бiлген ел ғана өркениеттi елдер қатарынан лайықты орын алады. Рухани
байлығы мол қазақ халқының өрелi өскелең мәдениетiнiң түп төркiнi сонау
Орхон-Енесей, ежелгi түрiк жазбаларынан бастау алады. Төрткүл дүние
мойындаған ғұлама бабамыз әл-Фарабиден бастап түркi тiлдес халықтарға
орасан мол мұра қалдырған ойшылдар Ж.Баласағұн, М.Қашқари, А.Иассауи
еңбектері және Алтын Орда дәуiрiнiң даналары Хорезми, Сараи, Дулати,
Жалайри т.б. шығармалары қазiргi ұрпақ үшiн таптырмас теңдесi жоқ асыл
18
қазыналар екендiгi баршамызға белгiлi. Қазақ әдебиетiнiң қайнар бұлағы –
жыраулар поэзиясының ұтқыр ойлы, шешен тiлдi ақын-жыраулары Асан
Қайғы, Жиембет, Ақтамбердi, Шалкиiз, Бұқар, Дулат, Мұрат, Үмбетей
Майлықожа т.б. тiршiлiк туралы терең толғаныстары мен өнегелi өсиеттерiнiң
бүгiнгi ұрпаққа берiлетiн бiлiм мен тәрбиеге қосар үлесiнiң өзi бiр төбе.
Кемеңгер ойшыл Абай мұрасының бiр өзi ғана ғаламат қазына болса,
жарық жұлдыздар Шоқан, Ыбырай, ХХ ғасырдың басында қазақ даласын дүр
сiлкiндiрген Шәкәрiм, Ахмет, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Жүсiпбек,
Мiржақыптардың туындыларының қазiргi заман талабымен үйлесе үндесiп
жатқаны да ұлттық әдебиетiмiздiң айқын айғағы. Қазақ әдебиетiнiң осындай
асыл қазыналарын ұрпақ үнiне жалғастыру мектепте берiлетiн әдеби бiлiм
сапасына негiзделедi. Ал, бiлiм сапасы түпкi нәтижемен өлшенетiндiктен әдеби
бiлiм мазмұнын жетiлдiру әлемдiк кеңiстiктегi деңгейге сәйкес келгені дұрыс.
Жалпы орта білім беретін мектептерде ұлттық мұраларымызды пәндердің
мазмұнына оңтайлы ендіре отырып, болашақ ұрпақтың бойына сіңіру бүгінгі
күннің өзекті мәселесі болып табылады. Мектептегі қазақ әдебиеті пәні осы
келелі мәселені шешетін негізгі пәндердің бірі. Өйткені пәннің негізгі өзегі –
ұлттық құндылықтарымыз болып табылатын көркем шығармалар. Ал
әдебиеттегі басты құндылығымыз Абай шығармалары екені даусыз. Ұзақ
жылдар бойы қазақ әдебиеті ғана арқылы шешімін тауып келе жатқан осы
мәселе осы оқу жылынан бастап еліміздің білім беру ұйымдарына таңдау пәні
ретінде міндетті оқыту үшін енгізілген «Абайтану» курсы арқылы Абай
мұраларын кеңірек қарастыруға мүмкіндік туғызып отырғаны қуанышты.
Мектептің білім беру мазмұнында Абай шығармаларын төл өлеңдері,
қарасөздері, аударма өлеңдері деп үш жүйеде қарастырамыз. Абай өлеңдері мен
қарасөздерінің тәрбиелік мәні зор, идеялық деңгейі жоғары. Абай көтерген
мәселелер бүгінгі күні де маңызды, өзектілігін еш жойған жоқ. Абай – адамзат
ақыл-ойы мен ақындығының ірі тұлғасы. Абай тарихқа ең алдымен кемеңгер
ойшыл ақын, ағартушы ретінде енді.
Әдебиеттану саласы бойынша көптеген ғалымдар Абайды тануға
айтарлықтай үлестерін қосты. Қазақ әдебиеттану ғылымының тәуелсіздік
кезеңінде Абай мұрасына белгілі абайтанушы ғалымдар сүбелі еңбектер
арнады. Бұл жылдары жарық көрген мақалалар мен ғылыми еңбектердің енді
тобы - Абай шығармаларын оқыту әдістемесіне де арналған біршама еңбектер.
Олар: Қ. Бітібаеваның «Мектепте Абай шығармаларын оқыту», Ұ.
Әбілдаұлының «Абайды оқу әліппесі: (Төменгі сынып оқушыларына ұлы
ақындық таныстыру)», М. Жүсіповтің «Орта мектептегі Абайтану және оның
негізгі бағыттары», Н. Омашевтің «Абайтануды оқытудың тиімділігі», З.
Қазмағамбетованың «Ақын шығармаларын оқыту», Т. Рахметованың
«Бастауыш кластарда Абай шығармаларын оқыту» т.б еңбектері.
Бүгінгі жеткіншек ұрпақ арасында Батысқа еліктеп, халықтық салт-
дәстүріміз бен ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық тәрбиеден алыстап бара
жатқандардың жиі кездесіп қалатыны өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан
осындай жағымсыз құбылыстан құтылудың рухани жолы ұрпақты Абайдың
19
әдеби мұрасы арқылы тәрбиелеу болып табылатыны сөзсіз. Бұл айтылғандарға
абайтанушы ғалым М.Мырзахметовтың: «Қазақ халқының ой-санасының,
дүниетанымының шыңы Абайдың әдеби мұрасында жатыр. Жастардың
адамгершілік мінез-құлқын, адами қалпын қалыптастыруда Абайтану ілімі
іргетасқа айналып отыр. Осы себепті, ең алдымен, Абай мұрасын меңгеру,
терең танып білу - бүгінгі күннің аса қажетті мәселесі»,- деген ойлары дәлел
[35].
Қолданыстағы негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің 9-11-
сыныптары үшін «Абайтану» курсының типтік оқу бағдарламасында Абай
мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылған
және ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-
тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға
қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып
берілген. Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам
танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты
бағдарлауға назар аударыла отырып, Абайдың талантты ақын шәкірттерінің
шығармашылығына көңіл бөлінген.
«Абайтану» курсының мазмұны Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиетінің
көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын; ақындық әлемін, өлең өнеріндегі
қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін; шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті
классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық,
ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз
дүниелер тудырғандығын; Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы
дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар
екендігін; Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне
жасаған идеялық-көркемдік ықпалын; Абайтану ілімін қалыптастырған
М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап,
Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми
жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және
тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне; курстың соңына
қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер,
кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған.
«Абайтану» курсының типтік оқу бағдарламасының мақсаты «ұлы ақын
шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың
әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде
бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен
қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-
сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын
дара тұлға қалыптастыру» деп айқындалып, курсты оқытудың міндеттері:
1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай
шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы –
қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру;
2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім,
өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы
20
оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын
дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік
ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың
өмірден өз орнын табуға бағыттау;
3) Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық
ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту,
ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани-мәдени
құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті
тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті,
имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті
жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету;
4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық
адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның
өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі
көшбасшылық орнын көрсету;
5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын
ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй,
тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы
көзқарастарымен таныстыру;
6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі,
қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік
идеяларын таныту;
7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде
пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу,
жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету деп
тұжырымдалған [36].
Абайды тану, оның шығармаларын меңгеру арқылы өмірде өз қажетіне
дұрыс қолдана білу – әрбір азаматтың парызы десек, оны оқып-үйрену, жан-
жақты талдай білу, Абай тереңіне үңіле білу де бүгінгі ел болашағының міндеті
болмақ. Әр адамның іздегенін табатын, оны өміріне тірек ете алатын, бағыт-
бағдарын айқындай алатын қуат күші де осы Абай шығармаларында. Уақыт та,
қоғам да ұлы Абай философиясын қажет етіп отырған шақта ұрпаққа ақын
тағылымын үлгі ету, үйрету, өміріне азық етерлік білім беру – қазақ әдебиеті
пәні мұғалімдерінің мақсаты мен мұраты.
«Абайтану» курсы әдістемесі мұғалімдерді оқушылардың адамгершілік
сезімдері мен бағдарларын Абай шығармалары арқылы дамыту жұмыстарын
жүзеге асыру кілттерін, тетіктерін табуға бағыттайды. Ол өз негізінде жас
ұрпақты Отанды сүю, елжандылық, азаматтық рухтарында тәрбиелеу құралы да
болып саналады. Абай мұрасы – Адамды адам етіп тәрбиелеудің, жан-жақты
дамыған тұлға қалыптастырудың қайнар бұлағы.
Мектепте «Абайтану» курсын оқыту мәселесі бойынша мұғалімдерге көмек
ретінде ұзақ жылдар бойы Абай мұраларын мектепте оқытуда өзіндік іс-
тәжірибесі жүйелі түрде жинақталған, осы істе айтарлықтай нәтижелерге қол
жеткізген ұлағатты ұстаз – Астана қаласы №8 орта мектептің қазақ тілі мен
21
әдебиет пәнінің мұғалімі Әбуева Шолпан Бәкірқызы әзірлеген 9-11-сыныптарға
арналған «Абайтану» курсының типтік оқу бағдарламасы бойынша күнтізбелік
жоспарды ұсынамыз.
Абайтану курсы 9-сынып
Жылдық сағаты – 34, апталық сағаты – 1
(бағдарламалық материалдар оқуға -32 сағ., шығармашылық жұмыстар -
2 сағ.)
1-
кесте – Күнтізбелік жоспар
Реті
Тақырыптар
Сағат
саны
І
Кіріспе. Адамзаттың Абайы:
-
Абайтану пәні, мақсат-міндеттері, өзектілігі.
-
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық
мерейтойында сөйлеген сөзі.
-
Абайтану ғылымы мен қазақ мектебінің Міндеті
1
ІІ
1.
2.
«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» тарауы Абайдың өмірі:
-
Ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып-өскен ортасы, алған
тәлім-тәрбиесі;
-
Әлеумет ісіне араласуы;
-
Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу
кезеңдері;
Ақынның халық даналығын тануы:
-
Абай ақындығының бастаулары;
-
Ауыз әдебиеті – Абайдың үлгі алған қайнар бұлағы.
Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар:
-
М. Әуезовтің еңбектері; - М.Мырзахметовтің зерттеулері; -
Абайтану ғылымындағы жаңаша көзқарастар мен тың бағыт-
бағдар.
Абай және орыс әдебиеті:
-
Абайдың орыстың ұлы классиктері мен демократ
ағартушыларының еңбектерімен танысуы, қазақ тіліне аударуы;
10
2
1
3.
-
Ақын аудармаларының қазақ әдебиетін жаңа ой
орамдарымен байытуы, Абай аудармаларының ерекшеліктері;
Абай және Лермонтов:
Абайдың орыс ақындарынан ерекше көңіл бөлген Лермонтов
шығармаларын Абайдың үлкен шеберлікпен, анық ірі шабытпен
аударуы; Абай-Лермонтов сияқты ұлы ақындардағы ой ұқсастығы,
идея ұқсастығы; Лермонтовтан аударған төл шығармаларымен
қатар Дж. Байрон, И.В.Гете , Шиллер өлеңдерін Лермонтов
аудармалары арқылы жүзеге асқандығы).
1
22
1-
кестенің жалғасы
4.
5.
«Теректің сыйы» өлеңі:
-
Абайдың Лермонтовтан аудармалары;
-
Абай аударма – өлеңінің мақсаты;
-
өлеңде кеіпкер бейнесін ашуда кейіптеу тәсілінің шебер
қолданылуы.
«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі И.В.Гете -
М.Ю.Лермонтов-Абай):
-
өлеңдегі жанды табиғаттың сұлулығы;
-
Абай аудармасыныңдағы Лермонтовтың тынысы мен үні;
-
аудармашылық шеберліктің шыңы.
1
1
6.
7.
Абай және Пушкин:
-
Абайдың Пушкиннен аудармалары, ақын аудармасында
көркем бейнелі ойдың ұлттық танымға сай тәржімалануы;
-
«Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңі Абайдың көркемдік шешімі
екендігі, аударманы түпнұсқамен салыстыра оқығанда көрінетін
ерекшеліктер.
Абай және батыс әдебиеті:
-
Абай шығармашылығына Еуропа әдебиеті мен мәдениетінің зор
ықпалы;
-
Еуропаның ұлы ақын-жазушылары Шекспир,
Байрон, Гете, Дюмалардың, философтар Сократ, Платон,
Аристотель, Спенсер, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысуы;
-
Дж. Байрон «Көңілім менің қараңғы»,
А.Мицкевичтің «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі», И.В.Гете
-
М.Ю.Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдері.
Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы:
-
Абай өлеңдерінің шет тілдерге аударылуы; - өзге тілге
тәржімаланған ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері.
1
1
2
1
ІІІ
1.
2.
3.
«М.Әуезов және абайтану мәселелері» тарауы
Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының
қалыптасуы
М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері
Ақын шығармаларының басылымдары
(4)
2
1
1
Шығармашылық жұмыс
1
23
1-
кестенің жалғасы
ІV
1.
2.
3
4.
5
«Абай шығармаларындағы ғылым, білім тақырыбы»
тарауы
«Ғылымға көңіл берсеңіз»:
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі:
-
өлеңнің басты идеясы;
-
ғылым-білімнің маңызы;
-
ақынның ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы.
«Интернатта оқып жүр» өлеңі:
-
өлеңнің негізгі тақырыбы, идеясы;
-
ақынның ағартушылық-демократтық көзқарастары;
-
жас шәкірттерге ақын аманаты;
-
отаршыл патша өкіметінің жымысқы саясатын сынауы.
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі:
-
Абайдың өлеңде жастарды оқу-білімге шақыруы;
-
ақынның өлеңдегі келешекке бағдарлама боларлық
өсиеті; - өлеңнің тағылымдық-тәрбиелік мәні, ғалым болу мен
адам болу мәселесінің өзара сабақтастығы жайындағы ақын пікірі;
-
Абайдың ғылыми ой-пікір қорытуы.
«Сегізінші» қарасөзі:
-
қарасөзіндегі ақыл, насихат туралы пікірі;
-
ғылым, білім, ар, ұят жайлы пайымдаулары;
-
ақыл, білім жөніндегі философиялық тұжырымы.
«Он жетінші» қарасөзі:
-
қарасөздегі адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық,
еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы
ойлары; - ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйіні.
«Жиырма бесінші» қарасөзі:
-
қарасөзде озық елдердің өнерін, ғылымын, білімін үйреніп,
зарарынан қашық, пайдасына ортақ болуға үндеуі; - қарасөздегі
ақынның өсиеті. Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі
«Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік»:
Екінші қарасөзі:
-
қарасөздегі
ақынның
халқын
намысқойлыққа,
еңбексүйгіштікке, іскерлікке шақырған идеялары;
-
халықтың бойындағы жағымсыз қылықтарды сынап, арылудың
жолдарын көрсетуі;
-
еңбекқорлықты, іскерлікті, мал табу жолдарын айтқан
өсиетнамасы.
(10)
(5)
1
1
1
1
1
24
1-
кестенің жалғасы
2.
3.
4.
5.
Оныншы қарасөзі:
-
қарасөздегі бала тәрбиесі туралы ойы;
-
баланы оқуға, білім алу жолына бағыттаудың маңызын көрсетуі.
Он сегізінші қарасөзі:
-
қарасөздегі киіну мәдениеті туралы көзқарасы;
-
ақынның кербездік ұғымы жайындағы топшылау-тұжырымы;
-
адам баласының ақыл, білім, ар, мінез сияқты
нәрселермен озатындығын үлгі-өнеге етіп қалдыруы;
Он тоғызыншы қарасөзі:
-
қарасөзде Абайдың адамның естілігіне психологиялық,
педагогикалық талдау жасауы; - ақынның ес туралы ой тоқтамы,
естігенді еске сақтаудың маңыздылығы жөніндегі ой-пікірі.
Отызыншы қарасөзі:
-
қарасөзде Абайдың адам мінездеріндегі жағымсыз әрекеттерді
сынауы; - ар, ес, намыс, адамдық, арлылық, батырлыққа қатысты
тұжырымы;
-
өлім мен өмірдің мәні туралы философиялық танымы.
1
Достарыңызбен бөлісу: |