«Абайтану»



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата01.01.2017
өлшемі0,81 Mb.
#941
1   2   3   4   5   6   7

 

 



«Абайтану» курсы бойынша үлгілік сабақ жоспары 

 

Астана қаласы №8 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі 



Әбуева  Шолпан  Бәкірқызы  –  республикаға  белгілі  шығармашыл  ұстаз. 

Әсіресе,  Абай  мұраларын  мектепте  оқыту  мәселесі  бойынша  ұзақ  жылдардан 

бері тынымсыз еңбек етіп келеді. Соның нәтижесінде 2010 жылы Жапонияның 

Токио  қаласындағы  Obun Publishinq  баспасынан  «Абайтану  әліппесі»  аудио 

оқу-әдістемелік  кешен  шығарылды  /М.Мырзахметов,  К.Керімбайұлы, 

Ш.Б.Әбуева/.  Сонымен  қатар  қазіргі  таңда  Астана  қаласы  мектептерінде 

қолданылып  жүрген  5-8-сыныптарға  арналған  «Абайтану»  курсының 

бағдарламасы мен әдістемелік құралдары да ұстаз еңбегінің жемісі.  



 

«Абайтану әліппесі» аудио оқу кешенінің модульдері 

 

4-



кесте - Оқу кешенінің модульдері 

 

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» (Абай) 

Ақын өлеңдері үшін алынған атау 

 

«...кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын...» (Абай) 

Ақын қарасөздері үшін алынған атау 



 

Реті 

Модульдер 

Модульдердің мәні 

Көркем шығарманың мазмұнын меңгеру модульдері  

І  Мазмұн мен мағына  Ақын шығармасында айтылған ойды мұқият 

тыңдау: 


 

шығармада баяндалған оқиғаларды көз 



алдына елестету; 

 



көріністерді өз сөздерімен еркін баяндау; 

 



шығарма мазмұнын қайталап оқу арқылы 

толық меңгеру. 

 

 



ІІ  Абай тілінің сөздігі 

Абай шығармаларында кездескен өздері үшін 

беймәлім сөздердің мағынасын түсіну үшін 

«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» арқылы 

жұмыс істеп, ол сөздің қыры мен сырын түсіну. 



«Абай тілінің сөздігін» жасау. 

 

 



40

 

 



4-

кестенің жалғасы 

 

ІІІ 

«Абайды оқы, 

ерінбе» (С. 

Торайғыров) 

Ұсынылып отырған Абай шығармаларының  

мазмұны мен мағынасын шығармадан алынған 

тірек сөздер арқылы қайталап оқып меңгеру, 

шығарманың мазмұнын есте сақтауға, жаттауға 

дағдылану. 

Көркем шығарманы талдау, зерттеу, тану модульдері 

ІV 

Абайды оқы, 

таңырқа» (С. 

Торайғыров) 



 

1. Құнды сөз 

 

Абай тіліндегі көркем сөз айшықтарын тауып, 



ақынның сөз саптауының ерекшеліктерімен 

танысу, ақынның қазақтың әдеби тілінің дамуына 

қосқан үлесін тану. (Әдебиет теориясы: өлеңнің 

тілі, композициялық құрылысы, образ, стиль, т,б,) 



2. 

Құнарлы ой 

Шығармадағы Абайдың оқырманның көңілінде 

сараланып, екшеліп қалған ойлы, тұшымды, 

ұтымды, құнарлы ой оралымдарын табу, олардың 

мән-мағынасын танып-білу, талдау, зерттеу.  

 

V 



Зерде 

1. Жинақтау 

Шығарманың тақырыбын, идеясын ашу, көркем 

туындыдағы кейіпкердің қасиеттерін немесе ақын 

негізге  алып отырған құбылыстың өзіне тән 

белгілерін сипаттау, талдау, жинақтау. 

2. 

Ой үндестігі, салыстыру 

Талданып отырған шығарманың негізгі көтерген 

мәселесін, идеясын, ақын көзқарасын ақынның 

басқа шығармаларымен салыстыра отырып, 

олардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылық-

тарын, ой үндестігін табу. 



3. Абайдың сөзден салған суреті 

Өздері оқып, танып, меңгерген шығармадағы  

Абайдың ақыл-нақылға айналған, оқырманның 

көңілінде сараланып, екшеленіп қалған ой 

оралымдарын теріп жазу. 

4. 

Өлең құрылысындағы Абай өрнегі 

 

Абай өлеңдерінің құрылысына: 



 

буын, бунақ, тармақ, шумақ, ұйқас бойынша 

талдау жасау, өлеңге анықтама жазу. (Әдебиет 

теориясы бойынша жұмыс) 

 

 



 

 

41



 

 


4-

кестенің жалғасы 

 

  Таразы 

Абай шығармаларын оқып, танып, талдап 

жинақтаған білімдерін таразыға салып, сынақ 

жұмысын тапсыру. 



Шығармашылық жұмыс модульдері 

VІІ 

Еркін ойлау: 

«Айтарым бар» 

Абай шығармаларымен танысу, меңгеру 

барысында көңілдеріне ұялаған, өздеріне ой салған 

мәселелер бойынша өз көзқарастарын ашық, еркін 

айтып, өзара пікір алмасу. 

VІІІ 

Еркін жазу: 

«Жазғым келгені...» 

Абай шығармасынан алған әсері мен сезімдерін 

еркін білдіру мақсатында ойтолғау, эссе, шығарма, 

өлең, әңгіме т.б. жазу. 



ІХ  Қылқалам 

Абай шығармаларынан жадында ерекше әсер 

қалдырған, санасына өзгеше ой салған, көңілінде 

айрықша қалған көріністер бойынша сурет салу. 



Х  Алтын сандық 

 



Әр тақырып бойынша түсініктер мен 

қосымша мәліметтер беріледі:  

шығарма туралы түсініктер, жазылу, 

жинақталу тарихы, текстологиясы т.б. 

 

Әдебиет теориясынан түсініктер беріледі 



(теңеу, эпитет, метафора, метонимия, 

аллегория, кейіптеу, т.б).  

 

Өлеңдері, аудармалары, поэмалары, 



қарасөздері туралы қосымша мәліметтер, 

деректер мен дәйектер, т.б. 



ХІ  Қоржын 

Тақырып бойынша орындаған тапсырмаларын, 

өздерінің берген жауаптарын, жазба жұмыстары 

мен салған суреттерін жинақтап, қоржынға салып 

отыру. 

 

 



Әдістемелік  құрал  мазмұнына  сәйкес  Ш.Б.Әбуева  әзірлеген  «Абайтану» 

курсының  үлгілік  сабақ  жоспары  ұсынылып  отыр.  Сабақ  жоспарымен  бірге 

оқушыларға  арналған  тапсырмалар  мен  қосымша  мәліметтер  «Тапсырмалар 

жүйесі» және «Алтын сандық» айдарларымен берілген. 



Сыныбы: 

ХІ  

Сабақтың  тақырыбы:  Абайдың 

«Толық  адам»  философиясы,  «Әуелде 

бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңі.  

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға Абайдың 

«Толық адам» 

философиясы , 



«Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңі бойынша жаңа білім 

беру  


2.  Дамытушылық:  Оқушылардың  есте  сақтау,  қабылдай  білу,  талдау, 

зерттеу,  зерделеу,  тану,  пікір  айту,  пікір  жазу,  еркін  ойлау,  еркін  сөйлеу, 

еркін жазу дағдыларын дамыту  

42

 



 

3. Тәрбиелік:Қазақ халқының ұлы ақыны Абай мұраларын қадірлей білуге, 

өздері танып, өзгеге таныта білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру 

сабағы  

Сабақтың  әдісі:  «Абайтану  әліппесінің»  модульдері,  тапсырмалар  жүйесі 

Сабақтың  көрнекілігі:  Абайтану  мен  Абай  шығармашылығына  байланысты 

қосымша мәліметтер мен деректер, Абайтану модульдерінің кестелері  



Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих 

 

Сабақтың барысы: 

 

Өткен тақырыпты тексеру жоспары: 

Абайдың «Толық адам» философиясы: 

 



Абайдың  толық  адам  туралы ойы  «Ғылым  таппай  мақтанба» өлеңінен 

бастау алатындығы; 

-

 



өлеңнің адамгершілік жайындағы философиялық ой толғауға негізделуі; 

 



еңбектері негізінде түсінік айту. 

 

Жаңа сабақтың жоспары: 

1. Абай шығармасын 

түсіну, меңгеру модульдерінің; 

2. Абай шығармаларын 



талдау, зерттеу, зерделеу, тану модульдерінің  

тапсырмалар жүйесі бойынша жұмыс істеу. 

 

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін... 

(Абай) 

 

«Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек»  

өлеңі 



  

 

Өлең мәнерлеп оқылады немесе аудио дискіден тыңдалады. 

 

 

Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек

 

  



 

Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек, 

 

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек 



 

Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық, 

 

Бұл – қайраттан шығады, білсең керек. 



 

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 

 

Сонда толық боласың елден ерек. 



 

Жеке-жеке біреуі жарытпайды, 

 

Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек. 



 

Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ, 

 

Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек. 



 

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, 

 

Ғылым сол – үшеуінің жөнін білмек. 



 

 

 

43

 



 

Тапсырмалар жүйесі 

І Мазмұн мен мағына 

 

 

Тапсырма: 

 

Ақын шығармасында айтылған ойды мұқият тыңдау: 



 

Өлеңде баяндалған оқиғаларды көз алдына елестетіңіз; 



 

Көріністерді өз сөзіңізбен еркін баяндаңыз; 



 

Жоғарыдағы  тапсырмаларды  орындау  арқылы  өлең  мазмұнын  толық 



меңгеріп алыңыз. 

ІІ Абай тілінің сөздігі 

 5-


кесте - Абай тілінің сөздігі 

Әуелде 

 

Тоқтаулы (Тоқтаулылық)   



Толық 

 

Жарытып (жарытпайды)   



Ұста 

 

Жарымес  

 

Әлек 

 

 

 

Тапсырма:  

 



Өлеңдегі (қарасөздегі) мағынасы өзіңізге беймәлім, түсініксіз сөздерді 

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен тауып, мағынасын біліп алыңыз

 



Сөздердің мәнін ашыңыз, өзіңіздің сөздік қорыңызға қосып қойыңыз.  

 

Ескерту:  

Өлең (қарасөз) мәтінінде тағы да мағынасы түсініксіз, қиын сөздер 

кездессе, сөздікті әрі қарай жалғастырыңыз. 



 

 

ІІІ «Абайды оқы, ерінбе» 

6-

кесте -Тірек сөздер: 



суық мұз 

жылытқан 



шыдамдылық 

қайраттан 



жүректі 


елден бөлек 

жарытпайды 



жол да жоқ 

ашу да жоқ 



қылады әлек 

күні жоқ 



үшеуінің 



  

Тапсырма:  

 



Берілген 

тірек сөздердің өлеңдегі орнын тауып қойыңыз, 

 



Өлең мәтінін қайта қарап пысықтаңыз, есіңізде сақтаңыз, 

 



Өлеңді жаттап алуға дағдыланыңыз. 

 

 



 

44

 



 

ІV «Абайды оқы, таңырқа» 

 

7-

кесте - 1. 



Құнды сөз 

 

Көркем эпитеттер: 

 1.  

 2.  

 3.  

 4.  

 

Кейіптеу: 

 1.  

 2.  

 3.  

  

Тапсырма: 

 



Өлеңдегі  Абай  тілінің  көркем  айшықтарын  -  кейіптеулер  мен  көркем 

эпитеттерді тауып, олардың мағынасын есіңізде сақтаңыз; 

 



Көркем айшықты сөздерді өзіңіздің сөздік қорыңызға қосып қойыңыз.  

 

8-



кесте - 2. 

Құнарлы ой 

1. 

 

2. 

 

3. 

 

4. 

 

5. 

 

 

 

Тапсырма:  

 



Абайдың  өлеңдегі  айшықты,  көркем  сипатты,  құнарлы  ойлары  мен 

тұшымды тіркестерін, өлең жолдарын тауып, теріп жазыңыз; 

 

Мағынасын түсініп, есіңізде сақтаңыз. 





Зерде 

9-

кесте - 



1. Ойды жүйелеу 

Тапсырма:  

 

«Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек» өлеңі бойынша төмендегіше ой 

жүйелеңіз: 

 



Өлең мазмұнындағы ой жүйесі; 

 



Өлеңнің тақырыбы; 

 



Өлеңнің идеясы; 

 



Өлеңдегі түйін сөз. 

«Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек» өлеңі 

1. Өлең мазмұнындағы ой жүйесі: 

2. Өлеңнің тақырыбы: 

3. Өлеңнің идеясы: 

4. Өлеңдегі түйін сөз: 

45

 



 

2. 

Жинақтау 

Қайраттың белгілері 

  

 

 

 

 

 

 

Ақылдың белгілері 

 

 

  

 

  

 

 

 

Жүректің белгілері 

 

 

 

 

 

 

  

 

1-

сурет – қайрат пен ақылдың белгілері 



 

 

 

 

Тапсырма: 

 



Өлеңдегі 

қайрат, ақыл, жүректің өзіне тән белгілері мен қасиеттерін 

жинақтап көрсетіңіз: 

 

Қайрат, ақыл, жүректің өзіне тән белгілері мен қасиеттерін сөздік 



арқылы кеңейтіңіз; 

 



«Толық адамның» қасиеттерін есте сақтаңыз, өмір жолыңызда 

бағдаршамға айналдыруға тырысыңыз. 



 

3. 

Салыстырмалы талдау 

Ой үндестігі 

 

 

Қайрат Ақыл Жүрек  

  

 

 



 

 

Түйін. 

 

 

2-



сурет – Қайрат, ақыл, жүректегі ортақ тақырып 

 

Қайрат

 

  

 

 



Жүрек

 

  

 

1.  



2.  

3.  

4.  

5. 

6.  

  

 

 



Ақыл

 

  

 

1. 



2.  

3. 

4. 

5. 

 

 

 

  

 

1.  



2.  

3.  

4.  

5.  

  

  

 

Ортақ тақырып 

46

 

 



Тапсырма: 

 



Үш сөздің адамға қатысты сипаты мен әрекетін жазыңыз; 

 



Кесте бойынша үшеуіне ортақ тақырыпты анықтаңыз. 

  



4. 

Салыстырмалы талдау 

Ой үндестігі 

 

 

«Малға достың мұңы жоқ «Әуелде бір суық мұз – Он жетінші 

 

 

малдан басқа» өлеңі ақыл зерек» өлеңі қарасөзі 

 

 

  

 

 

 

 

 

Түйін.  

 

 

3-



сурет – Абайдың ой тұжырымы 

Тапсырма: 

 



Үш шығарманың мазмұнын есіңізге түсіре отырып, ақынның әр 

шығармасындағы ой тұжырымдарын дәл тауып жазыңыз; 

 

Абайдың ой тұжырымдары арқылы өз ойыңызды түйіндеңіз. 



 

5. 

Абайдың сөзден салған суреті 

 

10-


кесте - Абайдың сөзден салған суреті 

1. 

2. 

3. 

  

Тапсырма:  

 



Өлеңдегі Абайдың ақыл-нақылға айналған, оқырманның көңілінде 

сараланып, екшеленіп қалған ой оралымдарын теріп жазыңыз; 

 

Олардың мән-мағынасын түсініп, есте сақтаңыз. 



 

6. 

Өлең құрылысындағы Абай өрнегі 

 

11-


кесте - Өлең құрылысындағы Абай өрнегі 

 

«Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңі 



 

1. 

Әр тармақтағы буын саны-  

2. 

Әр тармақтағы бунақ саны -  

Абайдың ой 

тұжырымы 

47

 



 

3. 

Әр шумақтағы тармақ саны -  

4. 

Өлеңдегі шумақ саны -  

5. 

Ұйқасы –  

6. 

Өлеңге анықтама: 

 

 

Тапсырма:  

 



Кесте бойынша өлеңнің құрылысына талдау жасаңыз; 

 



Өлеңге анықтама жазыңыз. 

 

Дәптермен жұмыс

Абайдың «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» өлеңі бойынша 



меңгеру, талдау 

модульдері бойынша тапсырмаларды орындау.  



 

Тапсырма беру, оны орындау жолдарын түсіндіру:  

І Абайдың «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» өлеңі бойынша 

шығармашылық жұмыс модульдерінің тапсырмаларын орындау: 

 

 



 

VІІ Еркін ойлау – «Айтарым бар...» 

 

Тапсырма: 

 



Өлеңдегі ақынның 

«Толық адам» туралы ой түйініне орай Абай 

шығармаларындағы адам және оның қасиеттері туралы пікірлері мен ойларын 

жүйелеңіз; 

 



Осы мәселеге қатысты өз замандастарыңыздың ... көзқарасы, ойы жайлы еркін 

ой толғаңыз, ашық пікір айтыңыз.  

 

 

 

 

VІІІ Еркін жазу – «Жазғым келгені...» 

 

Тапсырма: 

 

Екі өлең мен қарасөздегі ақын ойларына орай өз көңіліңізде де пайда болған 



ойларыңыз мен сезімдеріңізді ой елегінен өткізіңіз

 



«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті» деген тақырыпта қалауыңыз бойынша ой 

толғау, шығарма, өлең, эссе жазыңыз. 

 

 



ІХ Қылқалам 

 

Тапсырма:  

 



Өлеңдер мен қарасөзден алған әсеріңіз бойынша қылқаламның көмегімен 

суреттер салыңыз; 

 

Салған суреттеріңізге ат қойыңыз, себебін түсіндіріңіз. 



 

 

48



 

 


 

Х Алтын сандық 

 

Тапсырма:  

 



Ақынның 

«Толық адам» философиясы бойынша берілген түсініктер мен 

қосымша мәліметтерді оқып, біліп алыңыз; 

 

Берілген тапсырмалардың, сынақ жұмысының жауаптары арқылы өз біліміңізді 



тексеріңіз.  

 

ХІ Қоржын 



 

Тапсырма:  

 

Қоржынға:  



 

өзіңіз орындаған тапсырмалардың жауаптарын; 

 

жазба жұмыстарыңызды; 



 

салған суреттеріңізді жинақтап салыңыз. 



ІІ Абайдың «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңі бойынша «Алтын  

 

сандықта» берілген түсінік, қосымша мәліметтер мен деректерді оқып,  

 

түсініп алу: 



ІІІ Абайдың «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңі бойынша сынақ  

 

жұмысына дайындалу. 



 

Қолданылған әдебиеттер:  

М. Мырзахметов, «Абай» зерттеуі: «Абайдың толық адам философиясы» бөлімі  

М.Мырзахметов, К.Керімбайұлы, Ш.Б.Әбуева, 2010 жылы Жапонияның Токио 

қаласындағы Obun Publishinq баспасынан жарық көрген «Абайтану әліппесі» 

атты аудио оқу-әдістемелік кешен. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет