«Абайтану»


  Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата22.12.2016
өлшемі0,68 Mb.
#95
1   2   3   4   5   6   7

 

14. 


Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек, 

 ------------------------------------------------. 

Өлеңнің келесі тармағын  

 

табыңыз. 



 

1) «Мал жияды мақтанып білдірмекке» 

 8 

2) «Сорпа-сумен, сүйекпен күйдірмекке» 



 

3) «Көзге шұқып, малменен күйдірмекке» 

 

4) «Еңбекті сат, ар сатып неге керек?» 



 5) «

Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар» 

 

6) «Еңбекті сат, ар сатып неге керек?» 



 

7) «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» 

 8) «

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:» 



 

15. Абай ыстық жүректің қасиетін қалай сипаттағанын табыңыз. 

 

1) адамның жанын тебірентеді. 



 

2) тұла бойыңды жылытады. 

 

3) адамдарды табыстырады. 



 

4) адамдардың бойына сүйіспеншілік қасиеттерді ұялатады. 

 

5) адамға жек көру сезімін жолатпайды. 



 

6) адамдардың арасында жақсы қарым-қатынасты орнықтырады. 

 

7) сүйген адамыңа сезіміңді жеткізуге көмектеседі. 



 

8) адамдарды сыйластыққа баулиды. 

 

16. 


Өлеңдегі «Біреунің күні жоқ біреуінсіз» дегендердің нелер екенін  

60

 

 



 

анықтаңыз. 

 

1) ыстық қайрат 



 

2) ынтық көңіл 

 

3) нәзік сезім 



 

4) сезімтал жүрек 

 

5) дұрыс ақыл 



 

6) жылы жүрек 

 

7) ынтық сезім 



 8) 

нұрлы ақыл 

 

17. 


«Жол да жоқ жарыместі «--------------» демек» деген өлең  

 

тармағындағы белгісіз сөзді нақтылаңыз. 



 

1) жаман  

 2) 

әдепсіз 


 

3) ақылды 

 

4) дөрекі 



 

5) жақсы 

 

6) иманды 



 7) 

қонақжай 

 

8) кішіпейіл 



 

18. «



Әуелде ---------------------- ақыл зерек» деген тармақтағы айтылмай  

 

тұрған сөзді табыңыз. 



 

1) бір жылы сөз 

 

2) бір ауыз сөз 



 

3) бір қуаныш 

 

4) бір реніш 



 

5) бір суық сөз 

 

6) бір суық мұз 



 

7) бір жақсы жыр 

 

8) бір көңілді күй 



 

19. -------------------------------------- , 



 

Сонда толық боласың елден ерек. Өлең шумағының алғашқы  

 

тармағын белгілеңіз. 



 1) «

Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек»  

 

2) «Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек» 



 

3) «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» 

 

4) «Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық» 



 

5) «Бұл – қайраттан шығады, білсең керек» 

 

6) «Жеке-жеке біреуі жарытпайды» 



 

7) «Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ» 

 

8) «Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек» 



  

61

 

 



20. --------------------------------------- ,  

 

Аларында шара жоқ алдамасқа. Өлең шумағының алғашқы тармағын 

 

белгілеңіз. 



 8 1) «

Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек»  

 

2) «Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек» 



 

3) «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» 

 

4) «Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық» 



 

5) «Бұл – қайраттан шығады, білсең керек» 

 

6) «Жеке-жеке біреуі жарытпайды» 



 

7) «Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ» 

 8) «

Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» 

 

21. 


Он жетінші сөзінде Абай қандай айтыс туралы әңгімелегенін белгілеңіз.  

 1) 


әке, бала, ата арасындағы 

 

2) ана, бала, келін арасындағы  



 

3) жақсылық, жамандық арасындағы 

 

4) ақыл, қайрат, жүрек арасындағы 



 

5) адам мен жан-жануар арасындағы  

 

6) адамдар мен айуандар арасындағы 



 

7) ақыл, білім, ғылым арасындағы 

 

8) ақылды мен ақымақ арасындағы 



 

22. 


Үшеуінің кімге келіп жүгінгенін белгілеңіз. 

 1) 


адамға 

 

2) ақынға 



 

3) ханға 

 

4) патшаға 



 

5) биге 


 

6) шешенге 

 7) 

ғалымға 


 8) 

ғылымға 



 

23. «...



қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол,  

 

кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап  

 

кетесің, соның жаман», - деген сөздің арналған иесін анықтаңыз.  

 

1) батырға  



 

2) балуанға 

 3) 

жауынгерге 



 

4) алыпқа 

 

5) күш-жігерге 



 

6) күрескерге 

 7) 

қайратқа 



 

8) білегі жуанға 



 

62

 

 



24. 

«...амал да, айла да сенен шығады. Жақсының, жаманның сүйенгені –  

 

сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман» деген сөздің  



 

арналған иесін анықтаңыз.  

 

 1) 


ғылымға 

 

2) білімге 



 

3) парасатқа 

 4) 

ғалымға  



 5) 

ғылымға 


 

6) ақылға 

 

7) наданға 



 

8) пасыққа 



 

25. 


«...сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске 

 

күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды...» деген сөздің  

 

арналған иесін анықтаңыз.  



 

1) батырға  

 

2) балуанға 



 

3) жауынгерге 

 

4) білегі жуанға  



 

2) балуанға 

 

3) жауынгерге 



 4) 

қайратқа  

 

5) күш-жігерге 



 

6) күрескерге 

 

7) алыпқа 



 8) 

қайратқа  



 

26. 


Ғылымның ақыл мен қайратқа айтқан шешімін анықтаңыз. 

 1) 


«Осы үшеуің басыңды қос, бәрін патшаға билет» 

 

2) «Осы үшеуің басыңды қос, бәрін адамға билет» 



 

3) «Осы үшеуің басыңды қос, бәрін қайратқа билет» 

 

4) «Осы үшеуің басыңды қос, бәрін ғылымға билет» 



 

5) «Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет» 

 

6) «Осы үшеуің басыңды қос, бәрін ақылға билет» 



 

7) «Осы үшеуің басыңды қос, бәрін шешенге билет» 

 

8) «Осы үшеуің басыңды қос, бәрін биге билет» 



 

27. 


«Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар,-----------------». 

 

Сөйлемді аяқтаңдар. 



 

1) «табанының топырағын да құрмет тұтатын адам - сол» 

 

2) «табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол» 



 

3) «табанының топырағы да адамдардың бәріне қымбат адам - сол» 

 

4) «табанының топырағына да береке даритын адам - сол»  



63

 

 



 

5) «табанының топырағына да ақыл өсіп шығатын адам - сол»  

 

6) «табанының топырағы құнарлы жерге айналатын адам - сол» 



 

7) «табанының топырағы құт әкелетін адам - сол» 

 

8) «табанының топырағының өзі жылылық әкелетін адам - сол» 



 

28. «...



әділет, нысап,ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің 

бәрі  

 

менен шығады...» деген сөздің иесін анықтаңыз. 

 1) 


ақыл 

 

2) парасат 



 

3) білім 

 4) 

ғылым 


 5) 

ғалым 


 

6) мейірім 

 7) 

қайрат 


 

8) жүрек 



 

29. 


«Мен адамның денесінің патшасымын» сөздің иесін табыңыз. 

 1) 


ақыл 

 

2) парасат 



 

3) білім 

 4) 

ғылым 


 5) 

ғалым 


 

6) мейірім 

 7) 

қайрат 


 

8) жүрек 

30. «...

қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп 

 

кітаптың айтқаны – осы» деген сөздің арналған иесін белгілеңіз. 

 1) 


қайрат 

 2) 


жігер 

 3) 


қуат 

 

4) білім 



 5) 

ғылым 


 

6) ақыл 


 

7) жүрек 

 8) 

қажыр 



Дұрыс жауабы: 

 

 1 - 3 7 - 2 13 - 2,5,8 19 - 3 25 - 8 

 2 - 2 8 - 3 14 - 3 20 - 8 26 - 5 

 3 - 6 9 - 2,3,4,5 15 - 2 21 - 4 27 - 2 

 4 - 1 10 - 2 16 - 1,6,8 22 - 8 28 - 8 

 5 - 4 11 - 2 17 - 5 23 - 7 29 - 8 

 6 - 5 12 - 4 18 - 6 24 - 6 30 - 1,6,7 



64

 

 



Қорытынды 

 

Ұлы  Абайдың  шығармашылық  мұрасы  -  халқымыздың  ғасырлар  бойы 

ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, уақыт өткен сайын маңызын жоймайтын рухани 

қазынасы, зерттеудің көзі болып табылады. Абайды тану, бағалау, насихаттау, 

оқыту  –  қоғамдық  ой-санада  тың  серпілістер  туғыз ып,  мақсаткерлікке 

жұмылдырады. Сондықтан заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан 

тану, ғылыми  тұрғыдан  тың  байламдар  жасалуы  заңдылық.  Ақынның  мұрат -

мақсаттарын  бүгінгі  жастарымыздың  санасына  сіңіру  абыройлы  борышымыз 

болмақ. 

Абайдың  сөзі  –  қазақтың  бойтұмары,  Абайдың  мұрасы  –  халықтың  ең 

қасиетті  қазынасы.  Сол  қазынаны  «Абайтану»  курсын  оқыту  арқылы  өскелең 

ұрпаққа  аманаттауды  уақыт  талап  етіп  отыр.  Өйткені  қазақ  

халқының  ой-санасының,  дүниетанымының  шыңы  Абайдың  әдеби  мұрасында 

жатыр. Жастардың адамгершілік мінез-құлқын, адами қалпын қалыптастыруда 

Абайтану  ілімінің  тәрбиелік  маңызы  зор.  Сол  себепті,  ең  алдымен,  Абай 

мұрасын  меңгеру,  терең  танып  білу  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесіне  айналып 

отыр  

Абайға  баратын  жол  –  ұзақ  жол.  Ол  еш



қашан  таусылмайды.  Заман 

өзгерген  сайын,  халықтың  сана-сезіміне  еркіндік  самалы  есіп,  а

қыл

-

есі 



желпінген сайын ұлы ақынның өлмес мұрасы да жаңа бір қырларынан ашылып, 

жарқырай  түспек.  Демек,  өз  жолында  жаңа  бір  олжалар  тауып,  тың  жемістер 

теруге ұмт ылу  Абайға  қарай  сапар  шеккен  әрбір  зерттеушінің  абыройлы 

борышы болса керек. 

Әдістемелік құралда: 

-

 



 

қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысына; 

-

 

 



қазіргі  абайтанушы  ғалымдардың  ақын  шығармаларын  зерттеу, 

жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарына; 

-

 

 



Абай шығармаларын оқып-білудің өзектілігіне; 

-

 



Ақынның  қарасөздері,  өлеңдері  мен  поэмаларындағы  ақындық  биік 

мұрат, адамгершілік идеяларын танытуға;  

-

 

 



Абайтану ғылымының мол мұрасына; 

-

 



 

Абай  мұраларының  педагогикалық  құндылығына  қатысты  ғұмыр ын 

әлемдік  көркем  ойлау  тарихындағы  аса  ірі  құбылыс  –  Абай  мұра сын  терең 

зерделеу  мен  насихаттау

ға  ар нап  жүрген  ғалымдардың  ғылыми -зерттеу 

еңбектеріне шолу жасалды.  

Абайтанудың  кезеңдері  сараланып,  шығармашылығындағы  тұлға,  толық 

адам  концепциясына қат ысты өзекті  мәселелерге  де  назар  аударылды.   Ең 

бастысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 

3  сәуірдегі  №  115  бұйрығымен  бекітілген  «Абайтану»  курсының  оқу 

бағдарламасын орта мектепте оқытудың ерекшеліктері қарастырылды. Ал, бұл 

өз кезегінде биылғы оқу жылында орта білім беру жүйесіне алғаш рет енгізіліп 

отырған  курстың  мақсаттары  мен  міндеттерін  іске  асыру  үшін  оң  ықпалын 

тигізетіні сөзсіз.  



65

 

 



Сонымен қатар,  әдістемелік  құралда  орта  мектепте  «Абайтану»  курсын 

оқыту  бойынша  әдістемелік ұсынымдар,  пысықталған  үлгілік  тақырыптық 

жоспар  мен  бірнеше 

үлгілік  сабақ  жоспарлары  қоса  беріліп  отыр.  Бұл 

практикалық  жұмыстар  осы  курсты  мектептерде  жүргізуші  мұғалімдерге 

әдістемелік жағынан көмек ретінде ұсынылады.  

Абай  шығармаларындағы  білім,  ғ ылым,  тәрбие  мәселелерін  ұлттық 

тәрбие  тұрғысынан  қарастырып,  оларды  бүгінгі  күнде  жастардың  адами 

қасиеттерін қалыптастырудың кәдесіне жаратуды көздедік.  

Жалпы алғанда, Абай шығармаларының көркемдік, танымдық, тәрбиелік 

мәнін  жаңа  қырларынан қарап,  терең  ашып  көрсететін  ғылыми  еңбектер  ғана 

абайтану ғылымын алға жетелей түспек.  

Қорыта келгенде, Абай мұрасы еліміздегі білім беру жүйесіндегі өзіндік 

мәні  бар,  ағартушылық  маңызы  зор,  педагогикалық  идеяларға  толы, 

психологиялық  ой-пікірлерге  бай  т

әлімге


рлік  та

ғылымы  баға  жетпес 

өміршеңдігімен ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, ұлттық қазынамыз бола берері сөзсіз. 

Абайдың  адам  тәрбиесі  хақындағы  педагогикалық  көзқарастары  аса үлкен 

мәнге жетіп, әлі де болашақ ұрпақтың көкірегін оятар демекпіз. 


66

 

 



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

 

1.

 



Назарбаев  Н.  Семей  мен 

Қарауылдағы  Абайдың  150  жылдық 

мерейтойында  салтанатты  жиындарда  сөйлеген  сөздерінен,  10 -11  тамыз.  1995 

жыл. 


2.

 

Әуезов  М.  Жиырма  томдық  шығармалар  жинағы  20  т.  –  Алматы: 



Жазушы, 1985. 

3.

 



Абай.  Энциклопедия.  Ред.  басқарған  Р.Нұрғалиев.  –  Алматы:  Атамұра, 

1995. – 


720 б. 

4.

 



Мырзахметұлы М. Абайтану. Оқу құралы. – Алматы, 2010. – 152 б.  

5.

 



Букейханов А. Абай (Ибрагим) Кунанбаев. // Записки Семипалатинского 

Подотдела 

Западно-Сибирского 

отдела 


Императорского 

русского 

географического  Общества,  1907,  Вып.  3.  С.  1-8., Қыр  баласы.  Түрк,  қырғыз, 

қазақ һәм ханлар шежіресі  // Қазақ. - 1913. - 28 сәуір. - №12.  

6.

 

Дулатұлы М. Абай. // Қазақ. – 1914. - 23 маусым. - №67. 



7.

 

Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Қазақ. – 1913. - 23 қараша. - №39; 



-30 

қараша, - №40; - 22 желтоқсан, - №43. 

8.

 

Ғаббасов С. Тарих қазақ жайынан // Айқап, 1915. - №9. - Б.128-129. 



9.

 

Екеу. Абайдан соңғы ақындар // Абай, 1918, №5. Б. 1-6. 



10.

 

Ысқақұлы Д. Сын талқы. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. - 416 б. 



11.

 

Сағди А. Абай. //Абай, 1993. - №6. - Б.4-14. 



12.

 

Жұбанов  Қ.  Абай  –  қазақ  әдебиетінің  классигі.  /  Кітапта:  Абай 



тағылымы. –Алматы: Жазушы, 1986. - 432 б. 

13.


 

Мұхамедханұлы  Қ. Абайдың  ақын  шәкірттері.  –Алматы: Дәуір,  1993.  -

224 б. 

14.


 

Мұхамедханов Қ. Абай мұрагерлері. –Алматы: Атамұра, 1995. -  208 б. 

15.

 

Жиреншин Ә.  Абай  Құнанбаев  –  қазақ  халқының  ұлы  ақыны  және 



ойшысы. –Алматы: ҚМКӘБ, 1950. - 222 б. 

16.


 

Кенжебаев  Б. Қазақ  халқының  ХХ  ғасыр  басындағы  демократ -

жазушылары. –Алматы: Қазақстан, 1958. - 308 б. 

17.


 

Жұмалиев  Қ.  Қазақ  әдебиеті  тарихының  мәселелері  және  Абай 

поэзиясының тілі. –Алматы: ҚМКӘБ, 1960. - 364 б. 

18.


 

Нұрқатов  А.  Абайдың  ақындық  дәстүрі.  –Алматы:  Жазушы,  1966.  -  

345 б. 

19.


 

21 Бөжеев М. Абайдың ақындық айналасы.  –Алматы: Жазушы, 1971. -

112 б. 

20.


 

Сәтбаева Ш. Әдеби байланыстар. –Алматы: Жазушы, 1974. - 216 б. 

21.

 

Әуезов М. Абай Құнанбаев. – Алматы: Санат, 1995. 



22.

 

Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. – Алматы: Санат, 1997. 



23.

 

Сильченко М.С. Творческая биография Абая. – Алма-Ата: издательство 



Академии наук Казахской ССР, 1957. 

24.


 

Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. – Алматы: Жазушы, 1966. 

25.

 

Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – Алматы: Ана тілі, 1995. 



26.

 

Қабдолов З. Көзқарас. – Алматы: Рауан, 1996. 



67

 

 



27.

 

Мырзахметұлы М. Абай және Шығыс. – Алматы: Қазақстан, 1994. 



28.

 

Дербісәлин Ә. Байтақ пен бәйтерек. – Алматы: Арда, 2009. 



29.

 

Базарбаев М. Казахская поэзия: художественные искания (К традициям 



Абая). Алматы: Жазушы, 1995. 

30.


 

Әуезов  М.  Шығармаларының  елу  томдық  жинағы.  Т.10.  –Алматы: 

Ғылым, 2003. - 456 б. 

31.


 

Қирабаев  С.  Абайтанудың  кезекті  міндеттері  туралы.  /  Кітапта:  Абай 

және қазіргі заман: Зерттеулер жинағы. –Алматы: Ғылым, 1994. -336 б. 

32.


 

Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1994. – 192 б. 

33.

 

Байділлаева  Ж.Қ.  «Абай  мұрасындағы  тәлім -тәрбиелік  ой-пікірлерді 



болашақ  педагогтардың  кәсіби  дайындығында  пайдалану».  6М010300  – 

Педагогика және психология мамандығы бойынша білім магистрі академиялық 

дәрежесін  алу  үшін  дайындалған  диссертацияның  рефераты.  Қызылорда,  

2012 


ж. 

34.


 

Есім Ғ.  Абай  туралы  философиялық  трактат.  Алматы:  Қаз ақ 

университеті, 2004. - 83 б. 

35.


 

Абайтанушы ғалым  М.Мырзахметовпен  сұхбат  Д.Сейітжанұлы,  «Үш 

қиян» http://ushkiyan.kz/?p=1232#more-1232. 

36.


 

 

Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің 9-11-сыныптары 



үшін «Абайтану» курсының типтік оқу бағдарламасы. Қазақстан Республикасы 

Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №  115  бұйрығына   

113-

қосымша. 



37.

 

 



Жұмажанова  Т.Қ.,  Дүйсебаев  С.Р.  Жалпы  білім  беретін  мектептің  

12  жылды

қ  оқытуға  көшу  экспериментіндегі  қоғамдық -гуманитарлық 

бағыттағы  11-сыныпқа  арналған  қолданбалы  курстың  әдістемелік  нұсқауы.  – 

Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2013. – 103 б. 

38.


 

 

Абай. // Шығ. екі томдық толық жинағы. Алматы, 1995. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


68

 

 



Қосымша 

 

І. Жұмағалиева Алмагүл Ілиясқызы – Атырау қаласындағы №1 орта мектеп, 

 

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  



 

«Абайтану» курсы - 9 «А» сыныбы  

 

1-



кесте – сабақ жоспары 

Сабақтың 

тақырыбы 

 

«Абай және орыс әдебиеті» 10 / 5 - сағаты 



Уақыты 

 4 


қазан, 2013 жыл 6-сабақ 

Негізгі 

дереккөздер 

Абай шығармалары, ІІ том (5-123- беттер) 

 

«Абай: Даналық дәрістері» Ж.Ысмағұлов (226-258- 



беттер) 

 

С.Қирабаев, Қ. Мырзағалиев, «Қазақ әдебиеті» оқулығы 



10-

сынып (42-61-беттер) 

Электронды оқулықтар Қ.О.Бітібаева «Абай 

шығармашылығын оқыту» 2011 жыл  

Аудио кітап «Абай өлеңдері» С.Әбілұлы 

М.О.Әуезов «Абай жолы» ІІ том 



Сабақтың 

мақсаты 

 



Абайдың орыс әдебиетіне ден қойып, ақындық 

мәдениетін жетілдіру жолындағы ізденістері туралы 

түсінік беріледі 

 



Ақын аудармаларының қазақ әдебиетін жаңа ой 

орамдарымен байытуын, ерекшеліктерін талдап 

меңгереді 

 



Орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, 

Лермонтов, Крылов, Салтыков – Щедрин, Некрасов 

және революционер – демократ ағартушылар Герцен, 

Чернышевский, Добролюбовтардың еңбектерін оқу 

арқылы Абай қол жеткізген рухани қазына 

өміршеңдігін ұғынады 



Міндеттер 

 



Ұлы ақынның шығармашылық мұрасының өзектілігіне 

тәнті ету, қазақтың бойтұмарындай болған ақын сөзін 

оқып меңгеруге қызығушылығын ояту 

 



Қажетті ақпараттарды игеруге оқушылардың өздерінің 

көмегіне жүгіне отырып қол жеткізу 

 

Ақпараттарды меңгеруде сыни тұрғыдан ойлауға, 



өзбетінше зерделей білу дағдысын қалыптастыру 

Оқыту 

нәтижесі 

 



Абайдың тәржімалық тағылымдарының мәдениеттік, 

тәрбиелік, көркемдік маңызына оқушы көзін жеткізуге 

жұмыстанамын 

 



Оқыту тәжірибемде жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана 

отырып, оқушы белсенділігінің артуына қол жеткіземін 



69

 

 



1-

кестенің жалғасы 



 

 



Оқушының жаңа білімді бір- бірін оқыта отырып 

игеруіне басшылық жасаймын 

 

Топпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырамын 



 

Сынып оқушылары сабаққа түгел қатысады 



 

Ізденіс жұмыстарына өздері баға береді 



Күтілетін 

нәтиже 

 



Ұлы ақын шығармашылығына орыс классиктерінің 

ықпалын ұғынады 

 

Аударма саласына әкелген жаңалығы мен өзіндік 



ерекшелігін меңгереді 

Кіріктірілген 

модульдер 

 



Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер 

 



Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету 

 



Оқуды басқару және көшбасшылық 

 



Ақпараттық – коммуникациялық технологияны 

қолдану 


Қолданылатын 

әдістер 

«Оза оқыту» әдісі( «Абай және орыс әдебиеті», «Абай – 

аудармашы», «Шығысым батыс боп кетті») 

тақырыптарында ізденіс 

Топтық, жұптық, жеке жұмыстар 

«Оқу мен Жазу арқылы Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» 

жобасының стратегиялары 

Мақсатқа жету технологиясы Қ.О. Бітібаева 



Уақыты 

Жүргізілетін жұмыс 

 

2 минут 


Мұғалімнің іс – әрекеті 

Оқушының іс – әрекеті 

 

-



 

Оқушылармен амандасады 

-

 

Сабаққа қатысын есепке 



алады 

-

 



Психологиялық ахуал 

орнатып, оқушыларды 

топқа бөледі 

-

 



Ізденіс жұмыстарына 

берілген тақырыптарын 

оқушы назарына ұсынады 

1.

 



«Абай – көркем 

аудармашы» 

2.

 

«Шығысым батыс боп 



кетті» 

(Сынып оқушылары тақырып 

аясында түгел ізденеді) 

-

 



Мұғаліммен 

амандасады 

-

 

Шеңберде тұрып 



ақын өлеңдерінен бір 

бір шумақ оқып, 



стикерлер арқылы 

топқа бөлініп 

отырады 

-

 



 

 

Кеңесші 



тағайындалады 

 

І топ – Ізденушілер 



 

ІІ топ – Оппоненттер 

 

ІІІ топ – Рецензенттер 



70

 

 



1-

кестенің жалғасы 

2 минут 

Қызығушылықты ояту 

 

 



Ой шақыру  

Интербелсенді тақтадан Абай 

өскен орта, оның орыс достары, 

өмірі мен шығармашылығына 

қатысты слайдтар көрсетіледі 

 

 

Оқушылар көрсетілген 



слайдтар арқылы өз 

білімдерін ортаға салады 

 

20 минут 



Мағынаны тану 

 

 



1.

 

Жоспарды ұсынады 



 

 



Көркем аударманың негізін 

салушы 


 

 



 

Аударма ұғымына Абай 

көзқарасының тарихилық 

сипаты 


 

 



Көркемдік түр ізденісіндегі 

жаңалықтар 

 

2.

 



Тыңдаушы есебінде 

отырады 


3.

 

Оқушылар берілген 



тапсырмалар бойынша 

жұмыстарды аяқтағаннан 

кейін бекіту жұмыстарын 

жүргізеді 

Кеңесші 

болып 


белгіленген 

о

қушы 



сабақты жүргізеді 

-

 



тақырыптарды 

қайталап  ізденушілер 

қатеріне оқиды 

-

 



сол 

та

қырыптағы 



ізденіс  ж

ұмыстарын 

жоспар 

бойынша 


баяндауды түсіндіреді 

-

 



уақыттың 

шектеулі 

екенін ескертеді 

-

 



сөз 

кезегін 


ізденушілерге  беріп, 

ортаға шақырады 

 

Ізденуші.Мен 

«Шығысым  батыс  боп 

кетті» 

тақырыбында 

ізденіс жасадым. 

 

Осы 



ж

ұмысымнан 



«Көркем 

аударманың 

негізін  салушы»  деген 

пікірге дәлелдер іздедім 

Абай – ұлттық әдебиетте, 

оның 


ішінде 

қазақ 


поэзиясында 

к

өркем 



аударманы 

т

ұңғыш 



енгізген екеудің бірі.  

Алғашқы 


аудармашы 

Ы.Алтынсарин 

болды, 

бірақ ағартушы тек өзінің 



 

  

 



71

 

 



1-

кестенің жалғасы 

 

 

ағартушылық  қызметінің 



мүддесімен  байланысты 

шектеген  болатын.  Абай 

болса, 

біры


ңғай 

шығармашылық  аясында 

еңбек 

етті.Бір 



тілде 

жазылып өмірге  келген 

шығарманың  екінші  тілге 

аударылуы 

к

өркем 


шығармашылықтың 

дербес  түрі  екенін  ұғына 

білді.Аударылған  әдеби 

шығарма 


сол 

тілді


ң 

оқырманы үшін өзінің ана 

тіліндегідей 

мейлінше 

жатық,  табиғи,  әсіресе, 

түпнұсқаның  өзінен  кем 

түспейтіндей 

көркем, 


бейнелі  тілмен  оқылатын 

болуы 


керек. 

Я

ғни, 



шығарма  өзінің  барлық 

суреткерлік 

ерекшеліктерімен өзге 

тілде қайта  жасалуы, 

қайта  тууы қажеттілігін 

орындады. 

 

Қазақтың  ұлы  ақыны 



Абай  орыстың  өзі  өте 

жоғары  бағалаған  екі 

классигі  Пушкин  мен 

Лермонтов өлеңдерін  өз 

қалауымен  іздене  жүріп 

аударғанда,  жаңағы  еркін 

аударманы 

д

әлдікпен 



ұштастыра  отырып,  өз 

өлеңдерінің  ана  тіліндегі 

әсер  қуатымен  деңгейлес 

балама  нұсқа сын  жасай 

білгендігімен бағалы. 

 

Ол орыстың әдеби тілін  



 

72

 

 



1-

кестенің жалғасы 

 

 

жетік  ме



ңгерді  және 

аталған  екі  классиктің 

шығармаларын 

сүйіп 


оқыды, 

екеуінің 

де 

талантына  шын  ниетімен 



беріле бас иді. 

 

Сондықтан 



да 

мен 


Абайды 

«көркем 



аударманың 

негізін 

салушы»  деген  пікірдің 

негізі бар деп есептеймін. 



 

Кеңесші: 

Меніңше, 

ізденуші өз 

ойын 


дәлелдей 

білді. 


енді 

ізденуші  еңбегін  бағалау 

үшін  сөз  рецензенттерге 

беріледі. 



Рецензент:Менің 

міндетім 

ізденушілер 



еңбегіне  сын  пікір  айту. 

Ізденуші 

берілген 

тақырыптың біріне ізденіс 

жасай 

отырып, 


өз 

жұмысынан  ұсынылған 

пікірге ұтымды  ойын 

қысқа  да  анық  келтіре 

алды деп ойлаймын. 

 

Кеңесші: Ұсынылған 

деректердің 

бағалануы 

қаншалықты 

дұрыс 

екеніне  көз  жеткізу  үшін 



сөз 

оппоненттерге 

беріледі. 

Оппонент:Ізденушілер 

ақынның 


көркем 

аударманың 

негізін 

салушы 


екенін 

айтқанымен, 

нақты 

аудармаларынан 



мысалдар келтіріп және  

 


73

 

 



1-

кестенің жалғасы 

 

 

тек  екі  а



қынды  аудару 

арқылы 


ғана 

емес,революционер 

– 

демократ 



а

ғартушылар 

(Герцен,  Чернышевский, 

Добролюбовтардың) 

еңбектерін  оқуының  да 

маңыздылығын 

айта 

кетулері қажет еді. 



(Оқушылар 

осылайша 

тақырыптар  бойынша  өз 

ізденістерін 

орта

ға 


салады) 

 

2 минут 



 

Сергіту сәті 

 

 



(Оқушылар парта шетіне 

шығады, интертақтадан сөздер 

көрсетіліп тұрады) 

-

 



Аудармашы  

-

 



Драматург 

-

 



Пушкин  

-

 



Ильминский 

-

 



Герцен 

-

 



«Евгений Онегин» 

-

 



Крылов 

-

 



Потанин 

-

 



«Ескендір» 

-

 



«Жазғытұрым» 

-

 



«

Қараңғы түнде тау 

қалғып» т.с.с. 

( бүгінгі тақырыпқа қатысты 

сөз айтылғанда «Иә» деп қол 

көтереді, қатысы жоқ болса 

«Жоқ» дейді ) 

 

10 минут 



 

Бекіту тапсырмалары 

 

 



 

Интервью – тест 

Абай аудармашылығы 

бойынша 

 

Оқушылар 



берілген 

интервью  тестіні  о

қып, 

кімнің  сөзі  екеніне  көз 



жеткізеді 

ж

әне 



қаншалықты 

дәлелді 


екені  

 

 



74

 

 



1-

кестенің жалғасы 

 

«Абай, - деп жазды 



..., - 

өзі сүйген орыс 

классиктерін кейде 

дәл, кейде еркін 

аударып отырса да, 

әр кезде барынша 

көркем, шебер 

өлеңнің үлгісін 

берген. 

 

... Тіпті, кейде 



Абайдың өзі 

тудырған тамаша 

нәзік, терең сырлы 

ащы сөздер, көрікті 

ойлар аудармаларда 

көрініп отырады» 

М.Әуезов 

З.Ахметов 

В.Белинский 

жөнінде ой өрбітіп, 

өз пікірлерін 

қорғайды 

 

«... айтуға ауыз 



бармайды, осы 

жігіттің бойынан 

орыстың үшінші 

ақыны шығып келе 

жатқандай, Пушкин 

мұрагерсіз 

өлмегендей болып 

көрінеді» 

А.Байтұрсынов 

 

М.Әуезов 



 

В.Белинский 

 

5 минут 


 

Ой толғаныс 

 

 



 

 



« Дүниеге көзімді ашқан – 

Михаэлис» деп кім айтты? 

 

Михаэлистің ақынның орыс 



әдебиетіне ден қоюына ықпалы болды 

ма? 


Оқушылардан 

ауызша 


жауап 

алынады 


2 минут 

 

Рефлексия 

 

 



 

 



Бүгінгі  сабақтан  алған  әсерің 

қандай? 


 

Сен үшін маңыздысы не болды? 



Оқушылар пікірі 

тыңдалады 

2 минут 

Тапсырма 

«Абай және Пушкин» (Пушкиннен 

аудармалары, «Онегиннің өлердегі 

сөзі» өлеңі туралы) тақырыбымен 

ізденіс жасау 

 

Тапсырманы жазып 



алады 

  

Түсінбеген 



сұрақтарына жауап 

алады 


75

 

 



ІІ. ДББҰ «Назарбаев зияткерлік мектебі»  

Омарханов Ернұр Аханұлы – қазақ тіл мен әдебиетінің мұғалімі  

 

Сабақтың  тақырыбы:  Абайдың  «Қалың  елім,  қазағым,  қайран  жұртым» 

өлеңі. 


Білімділік:  Ақын  өлеңдерінің  негізгі  түйінін  айшықтап,  поэтикалық  тілін 

талдауға баулу. 



Дамытушылық:  Топпен,  жұппен   жұмыс  жасай  отырып,  сыни  тұрғыдан 

ойлау қабілеттерін дамыту. Тыңдалым, айтылым дағдысын қалыптастыру. 

 

Тәрбиелік: Отанын, елін сүюге, құрметтеуге, ауызбіршілікке үйренеді. 

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту 

Сабақтың әдісі: СТО жобасы 

Сабақтан  күтілетін  нәтиже:  Оқушылардың  тыңдалым,  айтылым 

дағдыларын қалыптастыруға баулу 



І. Қызығушылықты ояту кезеңі 

Оқушылардан Абайдың ел, жер тақырыбында жазған шығармалары туралы 

сұрау. 

Оқушылардың жауаптарын мұғалім тақтаға топтастырады. 



ІІ. Мағынаны тану  

Оқушыларды  бес  топ

қа  бөліп  отырғызып,  Абайдың  «Қалың  елім, 

қазағым...» өлеңі бойынша тыңдалым өткізеді. 

  

Жұмыс  А  және  В  оқушыларының  қатысуымен  және  С  оқушының 



бақылауымен  орындалады.  Балл  әр  оқушыға  жеке  қойылады.  Бір  оқушыға 

қойылатын  бал  екінші  оқушының  көрсеткішіне  бағынышты  болмайды.   А 

оқушы  өлеңнің  тақырыбына,  сұрақтарына  қысқаша  шолу  жасайды  (екі 

минуттан артық емес), бұл уақытта B оқушы тыңдайды. B оқушы А оқушыға 

мақаланың  қысқаша  мазмұнына,  тақырыбына  сәйкес  екі  сұрақ  қояды.  Егер  В 

оқушы  сұрақ  қоюға  дайын  болмаса,  онда  А  оқушыға  С  оқушы  сұрақты  өзі 

қояды. Сұрақтардың деңгейі жеңілден қиынға қарай қойылуы керек.  

Мысалы, 3 түрлі деңгейдегі сұрақ болады: 

1.

 

мазмұны, тақырыбы, мәтін не туралы; 



2. кейіпкерлер сөзі, тілі, мәтіннің құрылымы, монологке тән ерекшеліктер;  

3.  пікірталастық  сұрақтар,  әртүрлі  мәтіндерді  салыстыра  талдау,  негізгі 

ойды мақалдап, дәйектеп жеткізу. 

1-

топ өз  жұмыстарын  қорғап  жатқанда  қалған  топ  қосымша  бақылаушы 



болып, берілген кестені толтырып отырады. Топтағы оқушыл арды мұғалімнің 

қалауымен ауыстырып отыруға да болады. Мысалы, С тобындағы оқушы сұрақ 

қояды, В тобындағы оқушы мәтін бойынша екі минут сөйлейді, А тобындағы 

оқушы бақылаушы ретінде.  



76

 

 



2-

кесте – Сұрақ-жауап 



Сұрақ қою 

Жауап беру 

Сөйлеу  тілінің  шеберлігі 

(

айтылым) 

А   


 

 

  



Абай  елім  деп  еңіреп,  халқым 

деп қайғырады.  Бірлігі  кеткен 

берекесіз 

елді


ң, 

айрандай 

ұйыған 

халқының 



сыны 

бұзылғанын  күйіне  жырлайды. 

Қазақтың  ендігі  күн  көрісінің 

тіптен қиындай  түсетінін,  елдің 

шынымен 

боданды


қ 

күйге 


кіріптар  бол

ғанын  күңірене 

жазады. 

  

Қалың  елі─қазағын,  Алланың 



ақ  жолына  түсіп,  иманды, 

берекелі ел болуға шақырады. 

 

 

 



В 

«

Өзімдікі  дей  алмай 



өз малыңды, 

Күндіз 


күлкің 

бұзылды, 

түнде 

ұйқың»,─дегенді 



қалай түсінесіңдер? 

 

  



Қазақ елі өз жерінде, өз елінде 

отырып  жат

қа  жалынышты 

болды. 


Б

ұл 


дегеніңіз 

экономикалық  тәуелділік  еді. 

Қазақ елінің басына төнген қара 

бұлт  Абайдың  жанын  ауыртты. 

Жүрегі  қапа  мен  қайғыдан 

жарыла  т

үңілді.  Сондықтан 

ақын  өз  малың  деп  ел 

экономикасының 

орыстың 


қолына өткенін айтып отыр. 

 

 



С  

  

А  тобындағы  оқушы  өлеңнің 



тақырыбы  мен  идеясын  терең 

түсінгенін, 

сөйлеу 

тілін, 


сұрақтарға 

қалай 


жауап 

бергеніне талдау жасайды.  

  

Елім 


деп 

е

ңіреу, 



айрандай ұйыған,  қара 

бұлт,  жаны  ауыру,  қапа 

мен қайғыдан  жарыла 

түңілу т.б. 

 

 

ІІІ. Ойтолғаныс кезеңі 

Барлық  топтың  бақылаушылары  және  топтар  өткен  сабаққа  рефлексия 

жасайды.  

Тапсырма:  Жаттау.  «Бас-басына  би  болған  өңкей  қиқым,  мінеки  бұзған 

жоқ па елдің сиқын»? тақырыбындағы пікірталас сұраққа дайындалып келу. 



Сабақтың тақырыбы: Абайдың «Ескендір» поэмасы 

Білімділік: Поэманың тақырыбы мен идеясын түсіндіру. 

Дамытушылық:  Топпен,  жұппен   жұмыс  жасата  отырып,  сөйлеу  мәдениетін, 

шығармашылық  қабілетін  дамыту.  Сын  тұрғысынан  ойлап,  ой  қорыта  және 

қорғай білуге қол жеткізу. 

Тәрбиелік: Адамгершілікке, рухани имандылыққа тәрбиелеу 


77

 

 



Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту 

Сабақтың әдісі: СТО жобасы, ЖИГСО стратегиясы 

Сабақтан күтілетін нәтиже: Оқыған шығарманың мазмұнын толық 

меңгере отырып, оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын қалыптастыруға 

бағыттау 

І. Қызығушылықты ояту кезеңі 

Оқушылардан «Ескендір» поэмасы туралы не білетіндерін сұрау. 

1. 

Шығыстың Фирдоуси, Низами, Науаи, Жәми сияқты ақындары жайлы не 



білесіңдер? Қандай шығармалары бар? 

2. 


Ескендірді Абайға дейін шығыс шайырларынан кімдер жырлады? 

3. 


Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшы туралы 

қандай дерек білесіңдер? «Александр Македонский» фильмінен үзінді көрсету. 

Оқушылардың жауаптарын мұғалім тақтаға топтастырады. 

ІІ. Мағынаны тану 

Мұғалім  оқушыларды  түрлі-түсті  қағаздар  (көк,  сары,  қызыл,  жасыл,  ақ, 

қоңыр) арқылы 4 топқа бөледі. Әр топтағы 6 оқушыға «Ескендір» поэмасынан 

оқиғалар желісі бойынша үзінділер беріледі.  

Оқушылар  10  минут  уақыт  ішінде  оқып,  мұғалімнің  нұсқаулығымен 

оқығандарын  бір-біріне  айтады.  Әр  топ  поэманың  негізгі  идеясы  мен 

тақырыбына  байланысты  ортақ  сұрақтар  шығарып  соған  жауап  береді. 

Мысалы:  Адам  баласы  адам  баласынан  а

қыл,  ғылым,  ар,  мінез  деген 

нәрселермен  озады.Мықтымын  деп  ма

қтанба,  ақыл  білсең,  м ықты  болсаң, 

өзіңнің нәпсіңді жең т.б. 

Мұғалім  оқушылар  бір-біріне  о

қығандарын  айтып  болған  соң,  

қағаздарының  түсіне  байланысты  алты  топқа  бөліп  отырғызады.  Кубизм 

стратегиясы бойынша алты топқа тапсырмалар беріледі. 

І топ. Суретте 

Ескендірдің ашкөздігін суреттеу 

ІІ топ. Салыстыр 

Ескендір мен Аристотельді салыстыру (Венн диаграммасы қолданылады) 

ІІІ топ. Ойыңмен байланыстыр 

Аристотельдің шешімі Ескендірге қалай әсер етті? 

ІҮ топ. Зерттеңіз 

Ескендір туралы не білесіңдер? 

Ү топ. Қолдан 

Аристотельдің іс-әрекеті 

ҮІ топ. Талқыла  

Ескендірдің ақылсыздығы поэманың қай жерінде байқалады? 



ІІІ. Ойтолғаныс кезеңі 

«Бақ пен асқан патшадан, мимен асқан қара артық» тақырыбында ауызша 

пікірталас туғызу 

Тапсырма: Поэманы Низамидің «Ескендірнама» дастанымен салыстыру.  


78

 

 



 

ІІІ. Астана қаласы, Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы 

 

Арықбаева Ж.А. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, филология магистрі 



 

Сабақтың тақырыбы: Абай «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» 

Сабақ  мақсаты:  Білімділік:  Оқушыларға  Абай  өлеңінің  мәнін  түсіндіре 

отырып, сол кездегі дәуір тынысын, қазақ халқының мінез ерекшелігін ұғынуға 

жағдай жасау.  

Дамытушылық:  Абай  шығармаларын  оқу  арқылы  адам  бойындағы 

қасиеттерді саралай білуге, ой түюге, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру. 



Тәрбиелік:  Оқушыларды  адамгершілікке,  имандылыққа,  еңбекқор  болуға  

тәрбиелеу. 



Сабақтың түрі: аралас сабақ 

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту 

Сабақтың  әдіс-тәсілдері:  Блум  таксономиясы әдіс -тәсілдері,  салыстыру, 

талдау, инсерт,т.б. 



Сабақтың  көрнекілігі:  Интерактивті  тақта,  Абай  портреті,  шығармалар 

жинағы, «Абай әліппесі» оқу-әдістемелік құралы. 

 

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі 

ІІ. Өткенді еске түсіру 

ІІІ. Жаңа сабақ. 

Сынып  оқушыларының  сабаққа  дайындығын  қадағалау.  Өткенді  еске 

түсіру. Қосымша сұрақтар қойылып, жауап алынады. Дәптерге күннің реті мен 

жаңа сабақ тақырыбы жазылады. 

Интерактивті тақтадан Абай суреті мен сабақ эпиграфы көрсетіледі.  

 

«Абай-қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама 



ғана емес, ел болуына ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер...» (Н.Ә.Назарбаев) 

 

Жаңа сабаққа жетелеу сұрақтары: 

 

Абайдың шығармашылығы туралы не білесіздер? 



 

Абай өмір сүрген кезеңге сипаттама беріңіз? 



  

Теориясы «Білу».  

Жаңа  сабақ  «Қалың  елім,  қазағым,  қайран  жұртым»  өлеңін  Абайтану 

әліппесі аудио құралы арқылы сөйлейтін қалам көмегімен оқу. Мәтінге талдау 

жасату.  (Оқушылар  өздері  ұғынған  мәліметтерді  айтады)  Бұдан  соң  «Қалың 



елім, қазағым,  қайран  жұртым»  өлеңін  Абайдың  шығармалар  жинағынан 

карап мәнерлеп оқып танысады . 

Түсіндіру әдісі: «Дереккөз» Дәптермен, оқулықпен жұмыс. 

Өлең  алдымен  қазақтың  кескінін  көз  алдыңа  алып  кеп,  кейін  оның  ішкі 

әлемі-мінезін  аша  бастайды. 

Қазақ  халқына  айтылған  терең  ой  жатыр. 

Халықтың  надандығы  мен  әкімсымақтарын  сынайды.  «Қазағым»,  «елім», 

«жұртым»  дей  отырып,  Абай  халық  басындағы  мұңға  қинала  сөйлейді.  Іске 



79

 

 



жоқ,  жыртың-жыртың  мағынасыз  күлкі,қу  сөзді,мылжың,  бөспе,күндіз  күлкі, 

түнде ұйқы бұзу себебі-өз малына өзі ие емес сорлы.  



Қосымша  мәлімет:  Бұл  өлең  1886  жылы  жазылған.  30  жолдан  тұрады. 

Өлең мәтіні 1909, 1957 жылғы жинақ және Мүрсейт қолжазбалары (1905, 1910) 

бойынша алынды. 

Теориясы «Түсіну». Абай тілінің сөздігін жасау. 

Тыртың-қолдан келмейтін тыраштанған іс-әрекет 

Қиқым- Бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы 

Ырық-өз қалауы, еркі 

Сиық-түр-тұрпат, көрік, түр-сұрық 

Қырт, қыртың-көп сөйлеу, мылжың 

Шырық- берекені алу, мазалау  

 

Практикасы «Қолдану».  

«

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңіндегі көркем эпитетті табу 



Қан  ұрт,  май  ұрт,  аузымен  орақ  ору,  бабасына  би  болған  өңкей  қиқым, 

тиянақсыз қылтың, жыртың-жыртың күлкі. 



Эпитет-зат-құбылыстың  айрықша  сипатын,  сапасын  анықтайтын  суретті  сөз. 

Эпитет өмір суреттерін дәл өрнектеуге қызмет етеді. 

 

(З. Қабдолов, Сөз өнері Алматы, «Мектеп»,1976,224б.) 



  

Теориясы «Талдау». 

 

Оқушыларға өлең құрылысындағы Абай өрнегін тапқызу 

1.

 



Әр тармақтағы буын саны - 11-12 

2.

 



Әр тармақтағы бунақ саны - 3 

3.

 



Шумақтағы  тармақ  саны  -  өлең  тармаққа  бөлінбеген,  жыр  үлгісінде 

жазылған 

4.

 

Өлеңдегі тармақ саны - 30 



5.

 

Ұйқасы- аралас ұйқас ААВА 



6.

 

Анықтамасы  -  Тармақтары  11-12  буыннан,  3буна



қтан,  30  тармақтан 

тұратын аралас ұйқаспен жазылған өлең. 



Теориясы «Жинақтау». 

Абайдың сөзден салған суретін айқындау 

1.

 



Жақсы менен жаманды айырмадың,  

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың. 

2.

 

Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,  



Аузымен орақ орған өңкей қиқым. 

3.

 



Бас-басына би болған өңкей қиқым, 

 

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын. 



4.

 

Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,  



Сапырылды байлығың, баққан жылқың. 

Шығармашылық жұмыс.  

Ойтолғау «Тәуелсіз қазақ елінің ұланымын» 



Бағалау. Не білдің? Өз ойыңды ортаға сал. Өлеңнің өміршеңдігі неде? 

Түйін: Абай сөзі - қазақтың бойтұмары. 

80

 

 



Үйге  тапсырма  «Қалың  елім,  қазағым,  қайран  жұртым»  өлеңін  жаттау. 

Қосымша мәліметтер жинақтау.  



IV. 

Семей қаласы Т.Аманов атындағы №16 орта мектеп 

Жанар  Есенқызы  Есенова,  Гулнара  Ағзанқызы  Құнафина   -  қазақ  тілі  мен 

әдебиет пәнінің мұғалімдері.  



 

Тақырыбы: Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі. Екінші қарасөзі.  

Сабақтың  мақсаты:  Екінші қара  сөзінің  мазмұнын  аша ды,  негізгі  ойды 

табады, қорытынды жасай білуге үйренеді. 



Сабақтың  міндеттері:  Білімділік:  Абай қара  сөзінің  тәрбиелік  мәнін, 

мағнасын  ұғындыру,  адамгершілік  тәрбие  берудегі  ақынның  философиялық 

шолуларының маңызын түсінуге үйрету.  

Тәрбиелік: Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді 

оқушы  бойына  сіңіру,  ойшыл  көтерген  проблемалар  тағылымынан  үлгі  алып, 

оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.  

Дамытушылық:  Оқушыларды  өзінше  ой  қорытуға,  ой  түюге  баулу, 

шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін дамыту.  



Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы 

Сабақтың түрі:Дәстүрлі сабақ 

Сабақтың  әдіс  -  тәсілдері:  Сұрақ  -  жауап,  мәтінмен  жұмыс,  ауызша  тіл 

дамыту, шығармашылық жұмыс, талдау.  



Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, сызба т. б. 

Сабақтың барысы:  

І. Ұйымдастыру кезеңі  

• Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын, қатысу деңгейін тексеру.  

• Сабақ мақсаты, барысы туралы түсінік беру.  

Сабақтың эпиграфы:  

Қара сөзі, қара өлеңі қарымды, 

Толғайды Абай мұңым менен зарымды. 

Абай сынды дана туған халықтың, 

Ұл - қызы да болу керек дарынды. 



 

ІІ. Жаңа сабақ 

Бүгінгі  сабағымызда  Абай  шығармаларымен  таныстығымызды  ары  қарай 

жалғастырамыз,  соның  ішінде  Абайдың  философиялық  ойлары  берілген  қара 

сөздерімен танысамыз.  

1.

 

Түсінік беру.  



Абайдың  қара  сөздері  ғақлиялық  даналық  сөздерге  жатады.  Абай өз  қара 

сөздерін 1890 - 1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда 

Абай  45  жаста  бол

ған.  Ақыл  -  ойы  толысып,  жасы  кемелденген,  к

өрген 



білгенін  ой  елегінен өткізіп,  сараптар  жа сқа  жеткен  кезінде  қара  сөздерін 



жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл  - Фараби, Фирдоуси, 

Бабыр,  Батыс  философ, 

ғалымдары  Галилей,  Коперник,  Спенсер,  Дарвин, 

Ньютон,  Пифагор  е

ңбектер імен  танысып, үлкен  дайындықтан  өтіп  келеді.  


81

 

 



Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде 

атап  көрсетеді:  «Ақыры  ойладым:  осы  ойыма  келген  нәрселерді  қағазға  жаза 

берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз 

тапса,  жазып  алсын,  я  о

қысын,  керегі  жоқ  де се, өз  сөзім  өзімдікі  дедім  де, 

ақыры  осыған  байладым,  енді  мұнан  басқа  ешбір  жұмысым  жоқ». 

Абайдың қара сөздерінің саны -45.Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған 

ой толғамының қорытындысы.  

Абайдың  қара  сөздері  туралы  бауырына  салып  тәрбиелеген  немересі, 



Мағауияның қызы Уәсила былай дейді:  

«

Әкем  балаларын  7-8-ге  шы



ққанда  оқуға  беретін,  балалармен 

қабатқыздарын  да  оқытатын,  қазақ  тілінде  кітап  жоқ  болатын.  Сондықтан, 

балалардың ойы, дүние тануы кемшін болады деп әкем көп айтып жүрді. Әлі 

есімде,  бір  күні  біздің  оқып  отырған  үйімізге  әкем  келді.  Молдаға  қарап: 

«Балаларға мына кітапты әкелдім. Осыны көшіріп, көбейтіп бала басына бірден 

таратып бер, бүгіннен бастап осы кітапты қоса оқыт» деді. Біз қуанып кеттік. 

Әкем үйден шыққан соң, молда әлгі кітапты алды да, бас салып оқыды, кітап 

қолжазба  екен.  Біз ол  кітапты  көшіріп  алып оқи  бастадық.  Өйткені, бұл  жаңа 

кітаптың тілі ұтымды, сөзі түсінікті, ыңғай ақыл айтып отыратын жақсы кітап 

болды.  Кейін  байқасам,  сол  кітап  әкемнің  «Ғақлия»  атты  қарасөзбен  жаз ған 

кітабы екен».  

Қарасөздерінде  Абай  әңгіме  -  сұхбат  жанрының  өзіндік  ерекшелігін 

пайдаланады. 

Абай қарасөздері  туралы  мүмкіндігіне  орай  батыл,  ірі  негізді  пікірлер 

айтқан  М.  Әуезов  еді.  «...  Абайдың  осы  қарасөз  дейтін  мұралары  көркем 

прозаның  өзіне  бөлек,  бір  алуаны  болып  қалыптанады.  Бұлар  сюжетті 

шығармалар  емес.  Бұрынғы  жазушылар  қолданған  естелік,  мемуар  да  емес. 

Стиль мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан 

көркем  сөздің  түрі.  Кейде  бұлар  сыншылдық,  ойшылдық  және  көбінше 

адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді». (М. Әуезов. 

20 - 

том). 


Қара  сөздері  тақырып  жағынан  алғанда  ақынның  өлеңдерімен  астасып 

жатады. Абай адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім 

ғылымды игеру, қоғамдағы әр түрлі топтардың қылып жүрген харекеті, мінез - 



құлқы, адамгершілік, имандылық секілді, бірталай мәселелерді қара сөздерінде 

кеңінен толғайды, үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер түйеді. 

2. 

Екінші қарасөзі.  

Бүгінгі  сабақта  «Екінші»  қара  сөзімен  танысатын  боламыз.  Барлығымыз 

назарымызды салып, тыңдайық 

3. 


Электронды оқулықтан «Екінші» қарасөзін тыңдату. (3 мин.)  

4. 


Сұрақ - жауап: 

«Екінші» қара  сөзінде  ақын  не  нәрсені  тілге  тиек  еткен?  



Ақын халқын намысқойлыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке шақырады, халық 

бойындағы  жағымсыз  қылықтарды  сынай  отырып,  одан  арылудың  жолдарын 

көрсетеді. 



82

 

 



 - 

Осы қара  сөзінде  ақын  ноғайды,  орысты   сипаттау  арқылы  халыққа  нені 

меңзейді? 

 - 


Ақын халыққа бос күлкі, бос мақтан, бос сөзді қойып адал еңбек ет, маңдай 

теріңмен мал тап дейді. 

5. 

Сөздікпен жұмыс. (дәптерге, тақтаға жазу) 

Башалшік- ұсақ саудагер.  

Шақшы – лас, былғаныш. 

6. 


Ой – қозғау сәті. (сұрақ – жауап бойынша) 

Бұл қара сөздің идеясы қандай? 



-

Таза адал өмірді, еңбекпен мал табуды уағыздайды. 

 

Бұл шығарманың бас кейіпкері бар ма? 



Иә, бар.Абай. 

Абайдың қара сөзі кімнің ойын білдіреді? 



Абайдың әр қара сөзі жалпы халықтың, қалың жұртшылықтың ойын  

білдіріп, үлкен ғибратты түйін жасайды. 

Абай бар асыл ойын кімге арнады? 



Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнады. Оның  

шығармашылық қызметінің негізгі мұраты - адам тәрбиесі.  

7. 



Асыл сөздің жалғасы. 

«Пікірі  жоқ  адамнан  қорық»  деген  шығыс  даналығы  бар.  Әрбір  адамның 

өзіндік  мені,  өз  пікірі  болуы  керек. Қара сөздегі  Абайдың  ойы  -  Өз  пікірің 

(

кестені толтыру) 



3-

кесте - Асыл сөздің жалғасы 

Абайдың ойы 

Өз пікірің 

 

 

 



 

 

 



 

8. 


Салауаттылық хаты. 

Қарасөздерінің мағынасына, ақын көзқарасына көз жібере отырып Абай 

атамызға хат жазып көрелік. 

Қорытынды: 

Абай  –  ұлы  ақын,  ғалым,  философ,  көркем  әдебиеттің  темірқазығы. 

Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен 

жүректі кісі болу.  Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы кез  - келген 

нәрсені  сол  қалпында  қабылдай  бермей,  сын  көзбен  қарауға,  өзіңе  керекті 

нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады. Абайдың өз сөзімен айтсақ: Терең 

ойдың түбінде теңізі бар,Тесіле көп қараса, көңіл ұғар. 

Тапсырма: «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» эссе жазу 

және «Екінші» қара сөзін жаттау. 

 


83

 

 



 

Мазмұны 

 

       


Кіріспе ......................................................................................................... 

 

  3 



Абай мұраларының педагогикалық құндылығы .................................. 

 

  5 


Орта мектепте «Абайтану» курсын оқытудың ерекшеліктері ............ 

 

18 


Орта  мектепте  «Абайтану»  курсын  оқыту  бойынша  әдістемелік 

ұсынымдар ......................................................................................................... 

 

 



36 

«Абайтану» курсы бойынша үлгілік сабақ жоспары ........................... 



 

40 


       

Қорытынды ................................................................................................. 

 

64 


       

Пайдаланылған әдебиеттер ....................................................................... 

 

66 


       

Қосымша ..................................................................................................... 

 

68 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

84

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



«Абайтану» курсын оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері 

 

Әдістемелік құрал 



 

 

Басуға 22.11.2013 қол қойылды. Пішімі 60×84 



1/

16



Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс. 

Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 5,0. 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 



«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК 

010000, Астана қ., Орынбор көшесі, 4, «Алтын-Орда» БО, 15-қабат. 



 

 

Document Outline

  • Өлеңде баяндалған оқиғаларды көз алдына елестетіңіз;
  • Көріністерді өз сөзіңізбен еркін баяндаңыз;
  • 5-кесте - Абай тілінің сөздігі
  • Тапсырма:
  • Сөздердің мәнін ашыңыз, өзіңіздің сөздік қорыңызға қосып қойыңыз.
  • 8-кесте - 2. Құнарлы ой
  • Тапсырма:
  • Абайдың өлеңдегі айшықты, көркем сипатты, құнарлы ойлары мен тұшымды тіркестерін, өлең жолдарын тауып, теріп жазыңыз;
  • Мағынасын түсініп, есіңізде сақтаңыз.
  • Тапсырма:
  • «Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек» өлеңі бойынша төмендегіше ой жүйелеңіз:
  • Өлең мазмұнындағы ой жүйесі;
  • Тапсырма:
  • Олардың мән-мағынасын түсініп, есте сақтаңыз.
  • Тапсырма:
  • Кесте бойынша өлеңнің құрылысына талдау жасаңыз;
  • Өлеңге анықтама жазыңыз.
  • Қосымша мәлімет.
  • Әдебиет теорияясы. Кейіптеу.
  • «Жансыз табиғат құбылысы кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстырыла суреттелген құбылтудың (троптың(мұндай түрі – кейіптеу (грекшеprospopeia, орысша олицетворение).
  • ІІ Абай тілінің сөздігі
  • 12-кесте - Абай тілінің сөздігі
  • 15-кесте  – 2. Құнарлы ой


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет