Ақбасова А. Ж. 4-курс студенті Ғылыми жетекшісі: ф.ғ. к., аға оқытушы К.Ә. Қондыбай



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі155,39 Kb.
#6765

WWW.ENU.KZ

 

 



СӚЗДЕРДІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТӘСІЛМЕН ЖАСАЛУ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

      


Ақбасова А.Ж. 

4-курс студенті 

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы К.Ә. Қондыбай 

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, Ақтөбе қаласы  

 

Кез  келген  тілдің  дамуы,  ең  алдымен,  сөзжасам  жүйесімен 



байланысты.Тілдің  байлығы  –  кірме  сөздер  есебінен  сөздік  құрамның 

толығуымен емес, төл сөздердің мағыналық және тұлғалық дамуы негізінде, 

жаңа сөздердің туындауы арқылы анықталады. 

Қазақ  тілінің  сөзжасам  жүйесі  атаудың  жасалу,  қалыптасу  жолын, 

мағынаның 

дамуын, 


ұғым, 

мағына, 


атаудың 

кешенді 


бірлігін 

қаарастырады.Сөзжасам – жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен 

мағыналық  дамуын,  жасалу  тәсілдерін  зерттейтін  тіл  білімінің  негізгі  бір 

саласы. 


Тілде  жаңа  сөз  қалай  болса  солай,  жасала  салмайды,  оның  өзіндік 

қалыптасу  жолы,  заңдылығы  бар.Тілде  жаңа  сөздер  көне  замандардан  бері 

қалыптасқан  заңдылықтар  бойынша,  яғни  сөзжасамдық  тәсілдер  бойынша 

жасалады.Қазақ  тілінің  сөзжасам  жүйесінде  жаңа  сөз  жасаудың  көне 

замандардан  бері  қарай  қолданып  әбден  орныққан,  қалыптасқан  негізгі 

тәсілдері  мыналар:  1)  Синтетикалық  тәсіл;  2)  Аналитикалық  тәсіл;  3) 

Лексика-семантикалық тәсіл. 

Біздің  тоқталайын  деп  отырғанымыз,  үш  тәсілдің  ішіндегі  – 

аналитикалық  тәсіл.Сөзжасамның  аналитикалық  тәсілі  тілімізде  көне 

замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған 

өнімді  тәсіл.Ол  көпшілік  тілдерде  орын  алады.Ал  кейбір  тілдерде  негізгі 

сөзжасамдық  тәсіл  болып  саналады.Мысалы,  ондай  тілдерге  жапон,  қытай 

тілдері жатады. 

Қандай тәсіл арқылы жасалса да, сөз тудырудың (сөзжасамның) ең басты 

мәні,  ерекше  сипаты  –  жаңа  мағыналы  сөз  жасап,  сол  арқылы  біріншіден, 

жаңа  ұғымның  атауы  пайда  болып,  екіншіден,  қазақ  тілінің  сөздік  құрамын 

байыту.  

Аналитикалық  тәсіл  деп  екі  я  онан  да  көп  сөзден  бір  лексикалық 

мағыналы  сөздің  жасалуы  аталады.Мысалы,  -  «Жаубасар!»  «Ошыбай!» 

«Ақжол!» деген ұраннан құлағым тұнды [99; 825]. 

Синтетикалық  тәсіл  арқылы  жасалған  туынды  сөздер  туынды  түбір 

сөздер болса, ал аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер күрделі 

сөздер  деп  аталады.Күрделі  сөздердің  сыңарлары  қалай  болса  солай,  кез 

келген сөзден жасала бермейді, оның өзіндік заңдылықтары бар. 

Қазақ  тілінде  күрделі  сөздің  бірге  жазылуы  міндетті  емес.Күрделі 

сөздердің  сыңарларының  бөлек  жазылуы  жалғыз  қазақ  тілінде  емес,  басқа 

түркі  тілдерінде  де  ол    күрделі  сөздің  танылуына  кедергі  болып 


WWW.ENU.KZ

 

 



саналмайды.Өзбек тілінің маманы Минира Ганиходжаеваның осы мәселедегі 

пікірін  келтірейік:  «Под  сложными  словами  мы  понимаем  слова  состоящие 

из  нескольких  компонентов,  обьединенных  одним  понятием,    т.е. 

передающих  название  одного  предмета,  что  возможно  при  лексикализации 

свободного словосочетания, в результате которой синтаксические отношения 

сочетающихся  слов  отходят  на  задний  план  и  словосочетание 

воспринимаются  как  обозначение  единого  понятия.При  этом  слитное  или 

раздельное  написание  роли  не  играет,  в  то  время  как  в  индоевропейских 

языках,  в  германских  языках  «цельнооформленность»  является  одним  из 

ведущих  критериев  при  определении  сложного  слова»,  -  дейді.  

[Ганиходжаева  М.  Прилагательные  цвета  узбекского  языка  сравнительно-

историческом аспекте.Ташкент.1986.с.45] 

Өзге  сөзжасамдық  тәсілдермен  салыстырғанда,  аналитика-семантикалық 

сөзжасам  тәсілінің  өзіндік  ерекшелігі  бар.Бұл  ерекшелік  аналитика-

семантикалық  сөзжасамның  толық  мағыналы  сөздер  арқылы  жаңа  туынды 

мағына  жасай  алуымен  байланысты.Туынды  сөздің  жаңа  сөзжасамдық 

мағынасының  ішкі  семантикалық  құрылымы  күрделі  болады,  әрі  оған  екі 

негіз  мағынасы  да  бірдей  қатынасып,  «ортақ»  жаңа  сема  жасайды.Жаңа 

сөзжасамдық зерттеулерге сүйене отырып, аналитикалық-семантикалық тәсіл 

негізінде  пайда  болған  сөздердің  ішкі  мағыналық  құрылымы  арқылы  да 

олардың  жаңа  атаулық  қасиетін  айқындаймыз.Себебі  кез  келген  жеке  сөз 

өзінше қалыптасқанымен, оның ортақ заңдылықтары болды. 

Сонымен, 

аналитика-семантикалық 

сөзжасам 

тәсілінің 

негізгі 

ерекшеліктерін былайша көрсетуге болар еді: 

1)

 

құрамындағы  екі  не  үш  толық мағыналы  (кейде  көмекші  мағынадағы) 



себепші негізмағынасы арқылы екіншілік сөзжасамдық мағына түзіледі; 

2)

 



құрамындағы  себепші  негіздің  тура  не  ауыспалы  мағынасы  арқылы 

уәжделеді; 

3)

 

туынды сөздің сөзжасамдық мағынасында себепші негіздердің екеуінің 



демағыналық үлесі болады;   

4)

 



бір себепші негіз арқылы сөзжасамдық парадигма туындай алады; 

5)

 



себепші негіздер бір-бірімен салаласа не сабақтаса байланыспайды, тек 

арасындасинтагматикалық қатынас орнайды. 

Аналитикалық  тәсілдің  мынадай  ішкі  түрлері  бар:1)біріккен  сөздер;  2) 

қосарланған сөздер; 3) тіркескен сөздер; 4) қысқарған сөздер. 

Сондықтан  да  біз  аналитика-семантикалық  сөзжасам  тәсілінің  негізгі 

ерекшеліктерін  айқындауды  көздедік.Бұл  ерекшеліктің  тілде,  М.Мағауиннің 

«Аласапыран»  тарихи  романындағы  қолданысын  мысалдар  арқылы  келтіріп 

өттік. 


а)  Біріктіру  арқылы.Біріккен  сөздердің  болмысы  құрамының  екі 

негізден  тұрып,  бір  ұғымды  таңбалауы  арқылы  айқындалады.Тілімізде 

сөздердің  бірігуі  арқылы  жасалған  атаулар  мол.  Дәстүрлі  грамматикада 

атаудың  біріккен  сөз  ретінде  танылуына  олардың  бірге  жазылуы  негізгі 

критерий  болған  сыңайлы.Жазу  дәстүрінде  бірігіп  жазылған  сөздер  ғана 


WWW.ENU.KZ

 

 



біріккен  сөз  болады,  бөлек  жазылған  атаулардаң  өзгеше  танылуы  – 

құрылымдық лингвистиканың басты шарты. 



 Қосымшасыз  екі  тҥбір  сӛздің  біртұтас  мағынаға  кӛшу  ҥлгісімен 

жасалған  біріккен  сӛздер  тілімізде  өте  көп.Мысалы:Кеңеске  Орыс  хан 

әулетінен тараған, Көкше теңізден Жемгі дейінгі, Сырдың сағасынан Есілдің 

етегіне  дейінгі  аралықтағы  ұлыстарды  ұстап  отырған  ақсҥйек  атаулы  – 

сұлтан мен оғлан түгел келді [6; 825]. 

Ата  дәстүрі  бойынша  қүрылтайға  Шыңғыс  ұрпағымен  қатар,  әр  руда 

жұрт  тұтқасын  ұстаған  ақсақалдар,  ұлыстағы  түменбегі,  мыңбегібатырлар, 

тіпті, жорық, қауға күндерінде айрықша көзге түскен жалаң қылыш ерлер де 

келген еді [7;825]. 

Тарихтың  тоғыз  жүз  тоқсан  алтыншы,тышқан  жылы  наурыз  туып,  қар 

сөгіле,  шығыс  Дәшті-Қыпшақтың  падишахы  Тәуеккелдің  сауын  айтып, 

шұғыл  шақыруымен,  киіз  туырылықты  қазақ  ұлына  хүкім  жүргізуші  қасқа-

жайсаң  атаулы  Қаратаудың  терістігіндегі  Созақ  қаласына  құрылтайға 

жиналды.[6; 825] 

Қос  өрім  тұлымды  керей  мен  найман,  үш  өрім  шашты  алшын  мен 

қыпшақ,  айдарлы  жалайыр,  дулат  пен  тақырбас  қаңлы,  қоңырат  –  әдет-

ғұрыптарында  ұсақ-түйек  өзгешеліктер  ұшырасқанымен,  түрі,  тілі,  тегі 

бірнеше рудан тұратын қазақ қауымының талай тентегі өзін қақпанға түскен 

қасқырдай сезінді [7; 825].  

«Жағат-мағұлды Жетісудан ысырайық!» - десті біреулері [9; 825]. 

Изафеттік 

тіркестің 

барлық 


түрінен 

біріккен 

сөздер 

жасалған.Мысалы:Ата  дәстүрі  бойынша  қүрылтайға  Шыңғыс  ұрпағымен 



қатар,  әр  руда  жұрт  тұтқасын  ұстаған  ақсақалдар,  ұлыстағы  тҥменбегі, 

мыңбегі  батырлар,  тіпті,  жорық,  қауға  күндерінде  айрықша  көзге  түскен 

жалаң  қылыш  ерлер  де  келген  еді  [7;  825].  Мұнда  бірінші  сыңары 

қосымшасыз болса, екінші сыңардағы тәуелдік жалғауы сақталған.Изафеттік 

тіркестегі екі сыңардың да қосымшалары сақталған біңріккен сөздер де бар, 

бірақ бұлар аз.  

Біріккен  сөздердің  бір  тобы  сыңарларының  өте  ықшамдалуы  арқылы 

жасалған.Мұндай сөздер ғылымда кіріккен сөздер деп аталады. 

Кіріккен  сөздер  –  құрамындағы  сыңарлары  дыбыстық  құрамын  толық 

сақтамай,  немесе  түрлі  өзгерістерге  ұшырау  арқылы  бір-бірімен  мағына 

жағынан  ғана  емес,  дыбыстық  құрамы  жағынан  да  кірігіп,  ықшамдалып 

бүіртұтас  сөзге  айналған  сөздер.Мысалы:Егер  кеше  ғана  мені  хан  танып,  ақ 

киізге  көтергендерің  рас  болса,  бҥгін  көңілдеріңде  бөтен  пиғыл  болмаса, 

қасиетті  Жер-Ана,  қасиетті  Су-Ана  қашанда  қазақ  ұлын  қолдайды  деп 

білсеңдер...сендер де кейбір кезде маған тізгін беріңдер [14; 825].  

Бұл – мұрнының ұшы қылыштың кетіліп, танауы сәңірейген, көсе, жасы 

елудің ішіндегі, жалпақ бет,селдір бурыл мұртты қарт жауынгер еді [15; 825].  

Сусар  бөрік,  үшкіл  тұмсық,  қызыл  жағыл  сақтиян  етік,  қызыл  жібек 

шалбар, көк мауытымен тысталған тиін ішіктің белі асыл тас орнатқан кәмар 

белбеумен қынай буылған [19; 825].  


WWW.ENU.KZ

 

 



ә)  Қосарлану  арқылы.  Қосарлану  тәсілі  екі  сөздің  бір  -  біріне 

қосарлануы  я  бір  сөздің  қайталануы  арқылы  сөз  жасайды,  ол  тілде  көне 

замандарданкеле жатқан тәсілге жатады.Мысалы:Тарихтың тоғыз жүз тоқсан 

алтыншы,тышқан  жылы  наурыз  туып,  қар  сөгіле,  шығыс  Дәшті-



Қыпшақтың падишахы Тәуеккелдің сауын айтып, шұғыл шақыруымен, киіз 

туырылықты қазақ ұлына хүкім жүргізуші қасқа-жайсаң атаулы Қаратаудың 

терістігіндегі Созақ қаласына құрылтайға жиналды [6; 825]. 

Дау-дамай,  керіс-жанжал  туса,  бұлардың  барлығы  дерлік  ақсүйектің 

тізгінін  тежеп,  қараның  құрығын  ұзартқан,  аз  уақытта-ақ  ел  ішішдегі 

қырқысты  тыйып,  бар  айбарын  әзірге  бағы  асып  тұрған  дұшпанға  қарсы 

бағыттамақ ыңғай танытқан жас ханды әзірге қолдары күмәнсіз еді [7; 825]. 

Қос  өрім  тұлымды  керей  мен  найман,  үш  өрім  шашты  алшын  мен 

қыпшақ,  айдарлы  жалайыр,  дулат  пен  тақырбас  қаңлы,  қоңырат  –  әдет-



ғұрыптарында  ұсақ-тҥйек  өзгешеліктер  ұшырасқанымен,  түрі,  тілі,  тегі 

бірнеше рудан тұратын қазақ қауымының талай тентегі өзін қақпанға түскен 

қасқырдай сезінді [7; 825]. 

Ҥлкенді-кішілі бірнеше сұлтан, батырлар мен билердің атын атап, өзінің 

айрықша  ықылас-пейілін  танытқан  соң,  бүгінгі  шаруаның  мән-жайына 

ауысты [9; 825]. 

Жиырма жылда оңалдың, қырық жылда қайтадан қара нор қол  құрадың, 

өшкенің жанды, бірақ ӛлгенің-тірілгені қане? [10; 825]. 

Саба-саба қымыз келтірілген [11; 825]. 

Дабыр-дұбыр қалт басылған [14; 825]. 

Хан  кім  қандай  ойда  дегендей,  алдыңғы  жақта,  қалы  кілем,  қалы  көрпе 

үстінде  күжірейе  жайғасқан  жасы  үлкендер  мен  белді-беделділердің 

әрқайсысына бір бажалай, тесіле қарап  алды да, даусын сәл көтере, әр сөзін 

шегелей сөйлеп кетті [14; 825].  

б) тіркесу арқылы.Аналитикалық – семантикалық сөзжасамдық тәсілдің 

бір  қалыбы  –  атаулық  тіркестіңсөзжасамдық  қалыбы.  Атаулық  тіркестің 

сөзжасамдық  қалыбы  –  екі  не  бірнеше  себепші  негіздің  тіркесуі  арқылы 

жасалған  екіншілік  мағыналы  туынды  сөздердің  жүйесі.  Сөздердің  тіркесуі 

арқылы  жасалған  туынды  сөздер  тілімізде  жиі  кездесетіні  рас.Мысалы,  Ата 

дәстҥрі  бойынша  құрылтайға  Шыңғыс  ұрпағы  мен  қатар,  әр  руда  жұрт 

тұтқасын  ұстаған ақсақалдар, ұлыстағы түменбегі, мыңбегі батырлар, тіпті, 

жорық,  қауға  күндерінде  айрықша  көзге  түскен  жалаң  қылышерлер  де 

келген  еді  [7; 825].  Көркем  шығармада тіркесу  арқылы  жасалған  сөздер  жиі 

кездеседі.Сөзіміздің  айғағы  ретінде,  осы  бір  сөйлемде  бірнеше  сөз  тіркесі 

келгенін айтып өтсек болады. 

Қорыта  келгенде,  көркем  шығармадағы  аналитика-семантикалық  тәсіл 

қолданысының  нәижесінде  қысқарту  арқылы  жасалған  сөздің  жоқтығын 

анықтадық.  Аналитикалық  сөзжасамға  байланысты  зерттеулерде  сөздерді 



қысқарту  сөзжасамның  аналитикалық  тәсілінің  бір  жолы  ретінде 

беріледі.Сөзжасамға  тән  басты  белгі  –  жаңа  мағыналы  сөз  жасау  болса 

мысалы,  ТМД,  БҰҰ,  АҚШ  секілді  сөздерде  жаңа  мағына  жоқ.  Біздіңше, 


WWW.ENU.KZ

 

 



бұлар  қысқартып  қолдану,  негізінен,  күрделі  сөздерді  ықшамдап  қолдану 

қажеттігінен туып қалыптасқан, техникалық үнемдеу құбылысының нәтижесі 

деп пайымдаймыз. 

 

Пайдаланылған әдебиет  

1.Г.Қ.Абдирасилова.Қазіргі  қазақ  тіліндегі  сөздердің  аналитикалық  тәсіл 

арқылы жасалуы. – Астана, 2003. – 27 бет. 

2.С.Исаев.Қазіргі  қазақ  тіліндегі  сөздердің  грамматикалық  сипаты.  – 

Алматы: «Рауан»,1998,304 бет. 

3.Қазіргі  қазақ  тілінің  сөзжасам  жүйесі.  –  Алматы:  Ғылым,  1989.  –  368 

бет. 


4.М.Мағауин. – Алматы «Жазушы», 1988. – 825 бет. 

5.Н.Оралбаева.Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы,2002. 

6.А.Салқынбай.Қазақ  тілі  сөзжасамы:  Оқу-әдістемелік  кешен.  – 

Алматы:Қазақ университеті, 2007. – 192 бет. 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет