Пәннің қысқаша мазмұны. «Философия» курсы жалпы білім беру пәнінің жаңартылған мазмұнын зерттеуге, студенттердің бойында сананың ашықтығы, өзіндік ұлттық код, ұлттық сана-сезім, рухани жаңғыру, бәсекеге қабілеттілік, реализм және прагматизм, сыни ойлау, білімге ұмтылыс қасиеттерін қалыптастыруға, олардың әділдік, намыс, еркіндік және тағы басқа дүниетанымдық ұғымдарды игеруіне, сонымен қатар, толеранттық құндылықтарын, мәдениетаралық сұқбат пен бейбіт өмір сүру мәдениетін нығайтуға және дамытуға бағытталған.
«Философия» пәнінің негізгі міндеттері: Білім алушылардың қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі заманның жаһандық міндеттерін шешудегі философияның рөлін түсіну аясында білім алушылардың философиялық-көзқарастық және әдістемелік мәдениет негіздерін игеруі;
Студенттердің бойында философиялық рефлексияны, өзін-өзі сараптау және адамгершіліктік өзін-өзіреттеу дағдыларын қалыптастыру;
Ғылыми зерттеу қабілеттерін дамыту, интеллектуалдық және шығармашылық әлеует қалыптастыру.
«Философия» пәнін оқыту негізінде күтілетін нәтижелер:
философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұнын сипаттау;
нақты дүниені философиялық зерделеудің ерекшелігін түсіндіру;
дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық зерделеу мен зерттеудің нәтижесі ретінде негіздеу;
дүниені танып-білудің ғылыми және философиялық әдістерін жіктеу;
мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның ерекшеліктері мен мазмұнына түсініктеме жасау;
негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның қазіргі әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде негіздеу;
қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты өзінің адами ұстанымын қалыптастыру және сауатты дәйектеу;
кәсіби саладағы мәселелердің философиялық мазмұнын анықтау үшін өзекті болып саналатын зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін талқылауға ұсыну.