Абдигалиева т. Б



Pdf көрінісі
бет32/72
Дата28.11.2023
өлшемі1,71 Mb.
#131181
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72
Тапсырысты хаттаудың реті.
 
Жаңалық ашуға патент немесе авторлық 
куәлікті беру тапсырысын автор Қазақстан Ремпубликасының 1999 жылдың 16 
шілдесіндегі №27 – 1 патенттік заңына сәйкес Казпатентке береді. Егер 
жаңалық ашу қызметтік тапсырманы орындаумен байланысты болса, онда ол 
қызметтік жаңалық ашу деп аталады. Тапсырыс автордың қатысуымен 
хатталады және ұйыммен беріледі. Бұл жағдайда құжаттарды сақтау құқығы 
жұмыс берушіде болады. Егер жаңалық ашу қызметтік тапсырманы 
орындаумен байланысты болмаса, онда автор жеке тапсырыс беруге құқылы. 
Яғни, қызметтік тапсырманы орындаумен байланысты болмаған жаңалық 
ашқан авторлар тапсырманы тікелей беруге құқылы. 
Тапсырыстың әр түріне арнайы форма (бланк) қарастырылған. Жаңалыққа 
алдын ала патент немесе патент беріледі. Жаңалық ашуға алдын ала патенттің 
қызмет ету мерзімі 5 жыл және ол 3 жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Жаңалық 
ашуға патент Казпатентке тапсырыс берген күнінен бастап 20жылға дейін, 
беріледі, және 5жылға создырылады. Тапсырысты хаттау кезінде жаңалық 
ашуға тапсырысты құру бойынша нұсқаулармен танысу керек. Патентттеуге 
берілетін тапсырыс мыналар болу керек: 

Патент беру туралы тапсырыс. 

Жаңалық формуласы бар, жаңалық жазбасы, сызбалар, сұлбалар. 

Болжанатын жаңалықты суреттейтін сынақ актілері және басқа материалдар 
(егер олар жаңалық мәнін және мағынасын толық ашатын болса). 

Жаңалық ашуда әрбір автордың әрқайсысы қатысқаны туралы анықтама. 

Жаңалық жазбасында, жаңалық формасында және тапсырыстың басқа 
материалдарында қысқаша мінездемесі бар мәнжазба (қолдану аймағын 
көрсету). 

Техникалық шешімнің жаңалығы туралы қорытынды. 


66 
Тапсырыс берілген күннен бастап екі ай ішінде Казпатент сараптау 
жүргізеді. Ол уақытта Казпатент қосымша материалдар сұрауға құқылы. 
Жаңалық ашудың жазбасы.
Жаңалық жазбасы сонымен қатар графикалық 
материалдар (егер олар қажет болса) ашылған жаңалықты суреттейтін 
тапсырыстың негізгі құжаты болып табылады. Жаңалық ашудың жазбасына 
мыналар кіреді: 

жаңалық атауы және тапсырыс берушінің ойы бойынша жаңалықтың 
халықаралық жіктеу класы; 

жаңалықтың техникалық аймағы және жаңалықты қолданудың пайдалы 
аймағы; 

жаңалықтың аналогінің сипаттамасы; 

тапсырыс берушімен таңдалған прототив сипаттамасы; 

прототив критикасы; 

жаңалық ашудың мақсаты; 

жаңалық ашудың мәні және оның айырмашылық белгілері; 

графикалық суреттеу мен фигуралар тізімі; 

нақты орындау мысалдары; 

техникалық- экономикалық немесе басқа да тиімділігі; 

жаңалық ашу формуласы және т.с.с. 
Жаңалық ашудың формуласы.
Тапсырыста келтірілген жаңалық ашудың 
формуласы жаңалықтың шынайылығына және мәнді айырмашылығына 
мемлекеттік ғылыми техникалық сараптама жүргізетін органның бағалауына 
қорытынды шешім береді, объектіні жаңалық деп тапқан жағдайда тек қана 
жалғыз ол құқықтық мәнге ие болады, яғни оған жаңалықты қолдану фактісін 
(немесе қолданбау) орнатады. Жаңалық ашудың формуласы – бұл жаңалық 
объектісінің және техникалық мәнін көрсететін, орнатылған ереже бойынша 
құралған сөздік сипаттама. Жаңалық объектінің белгісі түсінігінде мысалы, 
құрылғыдағы деталь, торап, тәсілдегі режим параметрі, операциялары және т.б. 
жатады. Мәнді белгі деп - әрқайсысы қажетті, ал барлығы бірдей алынып, осы 
жаңалық объектісін басқалардан айыруға қажетті және оны жағымды әсерде 
көретін сапада сипатталатын белгі аталады. Жаңалық формуласының әрбір 
пункті ережеге сай құрамына жаңалық объектісіне және прототипке ортақ 
белгілер кіретін шекті бөліктен, жаңалық объектісін прототиптен ерекшелейтін 
белгілер кіретін айырмашылық бөліктен; жаңалық мақсатынан құрау керек. 
Жаңалық объектісі бұрын белгілі қондырғылардың жаңа бағытта қолданысы 
болып табылған жағдайда жаңалық ашудың басқа формуласына жол беріледі. 
Жаңалық ашу формуласын бұл жағдайда келесі түрде беру керек (айтылған 
қондырғының тәсілдің немесе заттың жаңа нақты арналымы белгілі 
қондырғының тәсілдің немесе заттектің анықтамасы немесе атауы жазылады). 
Жаңалық жазбасының мәтініне графикалық материалдар (сызба, сұлба, 
графиктер, суреттер және т.б.) кіреді. Жазба мәтінімен нақты келісуі керек, 
және жаңалық объектісі туралы нақты көрініс беруі керек. Графикалық 
орындаудың сызба масштабы және анықтылығы көлемдерді сызықтық 


67 
азайтумен өзгертілген бейне кезінде барлық тетіктерін көруге болатындай 
түрде болуы керек. 
Сұлбалар масштабты сақтаусыз орындалады, өнімнің құрамдас 
бөліктерінің кеңістіктегі орналасуы жуықтап көрсетіледі. Суреттер сұлбалық 
сипатта және орындауға оңай болуы керек. Жазбаға оларды тек қана 
сызбалармен немесе сұлбалармен суреттеу мүмкін болмаған жағдайда қою 
керек. 
Жаңалық туралы қорытынды сәйкес салада жұмыс атқаратын 
мамандармен дайындалады және ғылыми техникалық, техникалық, ғылымдар 
кеңесі немесе оның секциясы, кафедрасы, лабораториясы, бөлімі немесе басқа 
да құрылымдық бөліндісінің жиналысында талқыланады. Содан соң, ұйым 
басқарушысымен бекітіледі. 
Жаңалық туралы қорытындыда жаңалықтың атауы және оның авторы, 
потенттік зерттеу жүргізілгені туралы мәлімет анықтама түрінде, халық 
шаруашылығы қолданудың мүмкін аймақтары туралы, күтілетін техникалық -
экономикалық ерекшелігі немесе басқа әсердегі, жаңалықтың халық 
шаруашылығындағы қолданылатын техникалық дайындығы туралы мәліметтер 
болуы керек. 
Жүргізілген патенттік зерттеулер туралы мәліметтерде мыналар болуы 
керек. 
- патенттік құжаттама (мемлекеттік, шетелдік, авторлық, куәлар және 
патенттер); 
- объектіге тікелей қатысы бар ғылыми техникалық әдебиет (кітаптар, 
дисертациялар, журналдар); 
- зерттеу үрдісінде анықталған жаңалықтың аналогтары. Объектіні 
патенттік және ғылыми техникалық әдебиет бойынша зерттеу туралы 
анықтамада Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Жапон, Швецарияпатенттік 
құжаттамасы бойынша зерттеу нәтижелері көрсетіледі. 
Ұйым қызметінің және жаңалықтың профильдейтін бағытына қатысты 
өндірудің жаңалығын зерттеу кезіндегі ізденіс ереже бойынша 50 жыл бұрын 
берілген тапсырыстар бойынша да жүргізіледі. Ұйым қызметінің бағытына 
қатысты емес өндірудің жаңалығын зерттеудегі патенттік ізденіс 15 жылға 
дейін жүргізіледі. Ғылымның және техниканың жаңа аймақтары үшін ізденіс 
уақыт бойынша бірінші шығарылған патенттік құжаттамалардан бастап 
жүргізіледі. Бірлескен авторлардың творчествалық қатысуы туралы мәліметтер 
арнайы үлгі түрінде келтірілген анықтамада беріледі. Анықтамада авторлардың 
әрқайсысының қандай түрде және деңгейде қатысуы көрсетіледі.
Патенттану ашылулар мен өнертабыстардың басымдығын құқықтық 
қорғау мәселелерімен айналысады. Өнеркәсіпте қолданылатын ақыл-ой 
еңбегінің нәтижелері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет