70
Бюллетендер- бұл қажетті патенттік материалдарды алдын ала таныстыру
және іріктеу үшін қысқаша ақпарат берілетін патенттік ақпараттың ең жедел
көзі: сызбасы бар өнертабыс формуласы (аннотация, реферат). Өнертабыстың,
пайдалы модельдің және өнеркәсіптік үлгінің
сипаттамасы
мыналарды
қамтиды: халықаралық патенттік жіктеме индексін және атауын; қолданылу
саласын; ұқсастардың сипаттамасы мен сынын; прототиптердің сипаттамасы
мен сынын; өнертабыс міндетін; сипаттаманың құрылымын; техника деңгейін
(аналогтардың сипаттамасы және олардың сынын, неғұрлым жақын аналогтың
ерекшелігі және оның сынын, өнертабыс міндетін); өнертабысты ашу; өтінімде
болған жағдайдағы сызбалардың қысқаша сипаттамасын; өнертабысты жүзеге
асыру (яғни нақты орындаудың мысалы).
Бақылау сұрақтары:
1.
Ғылыми құжат дегеніміз не және оның қандай түрлерін білесіз?
2.
Ғылыми ақпараттың қандай түрлерін білесіз?
3.
Құжаттардың кітапханалық-библиографиялық жіктелуі қалай жүзеге
асады?
4.
Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік айдары дегеніміз не және
ол нені сипаттайды?
5.
Ғылыми-техникалық патенттік ақпарат дегенді қалай түсінесіз?
Достарыңызбен бөлісу: