46
зерттеудің көлемі және еңбекті қажет етуі дәрежесі анықталады (зерттеудің
теориялық бөлімі дәлірек құрастырылған сайын, тәжірибе көлемі аз болады).
Тәжірибелік жұмысты жүргізудің көлемі мен еңбек ету қажетіне тәжірибе
түрі айтарлықтай әсер етеді. Мысалы, өрістік тәжірибе заң бойынша көп
еңбекті қажет етеді және осыны жоспарлау кезінде есепке алған жөн.
Тәжірибелік жұмыс көлемін орнатқан соң, қажетті өлшеу құралдарының,
материалдар көлемі, орындаушылар тізімі, күнтізбелік жоспар және шығындар
сметасының тізімі жасалады.
Тәжірибенің жоспар бағдарламасын жасау кезінде әрқашанда оны
жеңілдетуге ұмтылу керек. Оған алдын ала талдау және бір параметрді әртүрлі
техникалық құралдармен өлшеу нәтижелерін, сонымен қатар алынған
нәтижелерді өңдеу әдісін салыстыру арқылы қол жеткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: