Абдигалиева т. Б



Pdf көрінісі
бет4/71
Дата12.12.2022
өлшемі1,65 Mb.
#56730
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
1-БӨЛІМ 
 
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ 
1.1 Ғылымның анықтамасы 
 
Ғылым табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білім алуға бағытталған 
зерттеу саласы болып табылады. Ғылым – рухани мәдениеттің маңызды бөлігі. 
Ол келесідей өзара байланысты ерекшеліктерімен сипатталады: 
- табиғат, адам, қоғам туралы объективті және дәйекті білім беру 
жиынтығы; 
- жаңа тұрақты білім алуға бағытталған іс-шаралар; 
- білімнің қалыптасуын, оның дамуын қамтамасыз ететін әлеуметтік 
институттардың жиынтығы. 
Сонымен қатар, «Ғылым» термині ғылыми білімнің нақты салаларында да 
(математика, физика, биология және т.б.) сілтеме ретінде қолданылады. 
Ғылымның мақсаты - субъективті және объективті әлем туралы білімді алу, 
меңгеру болып табылады. 
Ғылымның міндеттері: 
- фактілерді жинау, сипаттау, талдау, сараптау және түсіндіру; 
- табиғат, қоғам, ойлау және танымдық қозғалыс заңдарын ашу; 
- алынған білімді жүйелеу; 
- құбылыстар мен процестердің мәнін түсіндіру; 
- оқиғаларды, құбылыстарды және процестерді болжау; 
- алған білімдердің тәжірибелік пайдалануының бағыттары мен 
формаларын белгілеу. 
Ғылымның функциялары. Ғылымның ең маңызды функциясы қоғамның 
өнімді күші болып табылады. Зерттеудің практикалық қызметі ғылыми 
әдістерді қолданып, көптеген мәселелерді шеше алу деңгейіне жеткізумен 
сипатталады. Қайта жандану дәуірінде ғылымның маңызы айтарлықтай өсті. 
ХХ ғасырда ғылым озық басқарушы өндірістік күшке айналды. 
Радиоэлектроника, биотехнология, ақпараттық технологиялар және т.б. 
салалардағы соңғы жаңалықтармен тығыз байланысты өндірістің жаңа 
салалары қалыптасты. Ғылым – теориялық зерттеулер немесе инженерлік-
құрастырушы үлгілер түрінде көрсетілген сенімді негізделген бағдарламалар 
мен жоспарларды әзірлейтін және ұсынатын рухани өндіріс саласына айналды. 
Қайта жандану дәуірінде ғылымның дүниетанымдық функциясы іргелі дами 
бастады. Дінге қарсы күрес кезінде ғылым дүниетанымның қалыптасуына 
қатысу 
құқығынан 
шектелген. 
Ғылымның 
білім 
беру 
функциясы 
дүниетанымның функциясына жақын, өйткені білім берудің басты міндеті – 
адамдарды мәдениет құндылықтарына үйрету болып табылады. 
Ғылымның жіктелуі – белгілі бір қағидалардың өзара байланысын ашуға 
және логикалық келісімдер түріндегі қатынастарға негізделген. Ғылымның 
жіктелуі 
жаратылыстану, 
техникалық, 
әлеуметтік 
ғылымдар 
мен 



философияның өзара байланысын ашып көрсетеді. Қазіргі уақытта ғылым 
тақырыпқа және таным әдісіне қарай бөлінеді (1.1-сурет): 
1) табиғат туралы – жаратылыстану; 
2) қоғам туралы – гуманитарлық және әлеуметтік; 
3) ойлау және таным – логика, гнеосология, эпистемология және т.б. 
туралы. 
Сурет 1.1. Ғылымның әртүрлі салаға және білім әдісіне байланысты 
жіктелуі 
Жоғары кәсіптік білім беру салалары мен мамандықтарды жіктеудегі білім 
беру бағдарламалары тізімі төменде көрсетілген: 
1) жаратылыстану ғылымдары және математика (физика, химия, 
география, механика, биология, геология, экология және басқалар); 
2) 
гуманитарлық 
және 
әлеуметтік-экономикалық 
ғылымдар 
(филология,философия, тарих, саясаттану, мәдениеттану, журналистика, 
психология, әлеуметтану, экономика, өнер, дене шынықтыру және басқалар); 
3) техникалық ғылымдар (құрылыс, сәулет, электроника, геодезия, 
телекоммуникация, металлургия, тау-кен ісі, радиотехника және басқалар); 
4) ауыл шаруашылығы ғылымдары (агроинженерия, орман ісі, агрономия, 
зоотехника, ветеринария, балық шаруашылығы және т.б.). 
Таным әдісі бойынша ғылым келесідейтүрлерге жіктеледі: 
- материалдық тәжірибе нәтижесінде немесе шындықпен тікелей байланыс 
арқылы алынған білімді терең зерттейтін эмпирикалық ғылымдар. 
Эмпирикалық ғылымның басты әдістері –бақылау, өлшеу және тәжірибелер 
болып табылады. Эмпирикалық деңгейдегі ғылым фактілерді жинаумен, 
оларды бастапқы жинақтаумен және жіктеумен айналысады. Эмпирикалық 
таным ғылымға фактілерді береді, сонымен қатар бізді қоршаған әлемнің 
тұрақты байланыстары мен заңдылықтарын анықтайды; 
- эмпирикалық деректерді қорытудың нәтижесі болып табылатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет