1.2 Ғылым классификациясы
«Ғылым» ұғымының бірнеше негізгі мағынасы бар.
1. Ғылым – табиғат, қоғам, қоршаған ортаны ойлау және тану туралы жаңа
білімді жүйелендіруге және әзірлеуге бағытталған адам қызметінің саласы.
2. Ғылым – бұл қызметтің нәтижесі, яғни алынған ғылыми білім жүйесі.
1.3 Ғылымның бағыттары
3. Ғылым – қоғамдық сананың бір түрі, әлеуметтік институт. Бұл мағынада
ол ғылыми ұйымдар мен ғылыми қоғамдастық мүшелерінің арасындағы өзара
байланыс жүйесін білдіреді, сондай – ақ ғылыми ақпарат жүйесін, ғылым
нормалары мен құндылықтарын және т.б. қамтиды.
Ғылымның тікелей мақсаттары:
- объективті және субъективті әлем туралы білім алу;
- объективті ақиқатқа жету.
Ғылым міндеттері:
-фактілерді жинау, сипаттау, талдау, қорыту және түсіндіру;
- табиғат, қоғам, ойлау және таным қозғалысының заңдарын анықтау;
- алынған білімді жүйелеу;
- құбылыстар мен процестердің мәнін түсіндіру;
- оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді болжау;
- алынған білімді практикалық пайдаланудың бағыттары мен нысандарын
белгілеу.
Ғылым ғылыми зерттеу институттар жүйесінде, жоғарғы оқу
орындарының және т.б. бағыттарға байланысты әр түрлі түрлерге жіктеледі
(сурет 1.3).
-
Физикалық-математикалық
ғылым
- Химиялық ғылым
- Биологиялық ғылым
- Техникалық ғылым
- Ауылшаруашылық ғылым
- Экономикалық ғылым
- Философиялық ғылым
- Заңдар ғылымы
- Педагогикалық ғылым
-Медициналық ғылым
- Фармацевтік ғылым
Ветеринарлық ғылым
- Өнертану
-
Архитектура
- Психологиялық ғылым
- Социологиялық ғылым
- Саяси ғылым
- Мәдениеттану
12
Ғылым классификациясы. Ғылымда ең үлкен танымалдылыққа Ф.
Энгельстің «Табиғат диалектикасында» атты классификациясы ие болды. Ол
материяның төменнен жоғарыға қарай дамуын негізге ала отырып, ғылымды
механика, физика, химия, биология және әлеуметтік ғылымдар деп бөлді.
Материя қозғалысының формаларын субординациялауда осы қағидатқа
негізделіп Б.М. Кедровтың ғылыми классификациясы қалыптасты. Ол материя
қозғалысының алты негізгі түрін ажыратты: субатомдық-физикалық, химиялық,
молекулалық-физикалық, геологиялық, биологиялық және әлеуметтік. Қазіргі
уақытта ғылымды саласына, пәніне және таным әдісіне байланысты төмендегі
топтарға бөледі:
1. табиғат туралы-табиғи;
2. қоғам туралы – гуманитарлық және әлеуметтік;
3. ойлау және таным туралы – логика, гносеология, эпистемология,
герменевтика және т.б.
Ғылым кандидаты немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесін алу үшін
диссертацияларды қорғау, келесідей ғылым салаларына бөлінген:
- физика-математикалық,
- химиялық,
- биологиялық,
- геологиялық,
- техникалық,
- ауыл шаруашылығы,
- тарих,
- экономикалық,
- философиялық,
- филологиялық,
- географиялық,
- заң,
- педагогикалық,
- медициналық,
- фармацевтикалық,
- ветеринариялық,
- өнертану,
- сәулет,
- психологиялық және т.б.,
Аталған ғылым топтарының әрқайсысы одан әрі де кіші топтарға бөлінуі
мүмкін. Биологиялық ғылымдар келесі мамандықтарға бөлінеді:
- Радиобиология.
- Биофизика.
- Молекулалық биология.
- Биохимия.
- Ботаника.
- Вирусология.
- Микробиология.
13
- Зоология.
- Иммунология.
- Ихтиология.
- Цитология, жасушалық биология, гистология.
- Өсімдіктер физиологиясы.
- Адам және жануарлар физиологиясы.
- Жеке даму биологиясы.
- Генетика.
- Экология.
- Гидробиология.
- Топырақтану.
- Криобиология.
- Биотехнология.
- Микология.
- Молекулалық генетика.
- Биология тарихы.
Бұдан басқа да ғылым жіктемелері бар. Және де, ғылым практикасына
байланысты объективті және субъективті әлемнің негізгі заңдарын анықтайтын
және практикаға тікелей бағдарланбаған және техникалық, өндірістік,
әлеуметтік – техникалық проблемаларды шешуге қолданбалы бағытталған
болып та бөлінеді.Статистикалық жинақтарда әдетте ғылымның келесі
секторларын бөліп қарастырады: академиялық, салалық, жоғары оқу орны және
зауыттық.
Достарыңызбен бөлісу: |