Абдигалиева



бет45/60
Дата16.09.2023
өлшемі0,93 Mb.
#108169
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60
Байланысты:
Оқулық ғылыми зерттеу әд

Ғылыми-зерттеу мекемесінің Ғылыми Кеңесі. Барлық ғылыми-зерттеу мекемелерінде Ғылыми Кеңес құрылады, ол салалық бейіндегі кейбір ғылыми
ұйымдарда Ғылыми-техникалық Кеңес деп те аталады. Өзінің құқықтық жағдайына сәйкес Ғылыми Кеңес – институт директорының кеңесші органы, бірақ кейбір мәселелер бойынша оның шешімдері заңды түрде міндетті сипатқа ие бола алады. Оның құрамына директор, оның ғылыми бөлім жөніндегі орынбасарлары, институттың ғылыми хатшысы, жетекші ғалымдар кіреді. Сонымен қатар, Ғылыми Кеңестің құрамына осы институтта жұмыс істемейтін кейбір жетекші ғалымдар, сондай-ақ практикалық қызметкерлер де кіре алады.
Ғылыми Кеңестің құрамына ірі ғалымдарды енгізу күрделі ғылыми мәселелерді шешуде кеңестің құзыреттілігін арттырады, институттың өндіріспен байланысын нығайтады. Қажет болған жағдайда Ғылыми Кеңес жанынан институт директорының орынбасарларының немесе басқа да жетекші ғалымдардың төрағалық етуімен белгілі бір ғылыми мәселелер бойынша секциялар құрылуы мүмкін. Мұндай секциялар Ғылыми Кеңес шешімімен белгілі бір сала бойынша қарастырылатын мәселе атауымен аталады. Ғылыми Кеңес директор белгілеген мерзімде жиналады. Кеңес төрағасы - институттың директоры, ал ол болмаған жағдайда ғылыми бөлім жөніндегі орынбасарларының бірі бола алады. Кеңестің ғылыми хатшысы болып институттың ғылыми хатшысы, Кеңес секцияларының ғылыми хатшылары болып жетекші немесе аға ғылыми қызметкерлер тағайындалады.
Соңғы жылдары жалпы ғылыми және салалық бейіндегі ғылыми-зерттеу мекемелерінде директор мен ғылыми кеңестен басқа, жарғыларда көзделмеген тағы бір тұрақты жұмыс істейтін орган – «Дирекция» жұмыс істейді. Оның құрамына директормен қатар оның орынбасарлары, ғылыми хатшы, бөлім және сектор басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Бұл кеңесші орган. Оның отырыстарында көптеген мәселелер шешіледі, оның ішінде:

  • институт қызметінің негізгі бағыттары;

  • институт құрылымы мен штаттарын жетілдіру;

  • жоспарлы тапсырмалардың уақытылы орындалуы;

  • кейбір қаржылық мәселелер;

  • докторантура бойынша ғылыми кадрларды даярлау;

  • конференциялар, симпозиумдар және кеңестер ұйымдастыру;

  • жеке мәселелер бойынша ғылыми баяндамалар;

  • еңбек тәртібінің жағдайы және т.б.

Талқылау негізінде шешімді институт директоры жеке-дара қабылдайды.
Ғылыми-зерттеу мекемелерінің құрылымдық бөлімшелері. Ғылыми- зерттеу мекемелерінде ғылыми мәселелерді практикалық шешумен олардың құрылымдық бөлімшелері айналысады. Сондықтан, ол институттың ішкі немес сыртқы құрылымын дұрыс ұйымдастыру, оның қызметін тұрақты басқару үшін маңызды болып табылады. Ғылыми ұйымның құрылымы өзіне жүктелген міндеттердің сипатымен, сондай-ақ оның нақты кадрлық және материалдық- қаржылық мүмкіндіктерімен айқындалады. Ғылыми-зерттеу мекемелерінің құрылымдық бөлімшелері негізгі (ғылыми) және қосалқы (ғылыми-көмекші және өндірістік - көмекші) болып бөлінеді. Негізгі құрылымдық бөлімшелер – салалық, тақырыптық және аралас деп бөлінеді. Салалық құрылымдық
бөлімшелер, әдетте, басты ғылыми мәселелерді әзірлеуге араласады және оларды шешу осы ғылыми ұжымға жүктелген. Мұндай бөлімшелер (бөлімдер мен секторлар (зертханалар)) ғылыми және қосалқы қызметкерлердің тұрақты құрамынан құралады. Нақты ғылыми міндеттерді шешу үшін институтта уақытша мақсатты кешенді тақырыптық немесе мәселелік топтар, уақытша шығармашылық ұжымдар ұйымдастырылуы да мүмкін. Ғылыми - көмекші және ғылыми - өндірістік құрылымдық бөлімшелердің басты міндеті – ғылыми- зерттеу мекемесінің негізгіқалыпты қызметі үшін жағдайларды тұрақты қамтамасыз ету болып табылады.
Мұндай бөлімшелердің қатарына, мысалы:

  • ғылыми кітапхана;

  • мұражай;

  • ақпараттық-анықтамалық бөлім;

  • компьютерлік орталық;

  • тәжірибелік шеберханалар;

  • ғылыми тәжірибелік шаруашылықтар;

  • тәжірибелі қондырғылар және т.б. жатады.

Институттың ғылыми - көмекші қызметкерлері осы мамандандырылған құрылымдық қызметтерде сонымен қатар, негізгі (ғылыми) бөлімшелерде хатшы, референт, зертханашы, техник ретінде де жұмыс істейді. Ғылыми мекемені басқаруды ұйымдастырудың тиімділігі үшін ұжымның оңтайлы сандық құрылымдарын табу, әртүрлі білікті, негізгі (ғылыми) және көмекші қызметкерлер мен ғылыми ұжымдағы қызметкерлердің арақатынасы үлкен маңызға ие.
Көп жағдайда ғылыми зерттеулерді басқаруды ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәжірибесі - оңтайлы арақатынасы сақталған ғылыми ұжымдар ғана тиімді жұмыс істейтінін көрсетеді:

    • аға және кіші ғылыми қызметкерлер саны арасында (ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары арасында да);

    • шығармашылық ғылыми қызметкерлер мен көмекші қызметкерлер арасында.

Институттардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары бос лауазымға конкурс бойынша сайланады, содан кейін бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтеді. Тақырыптық (мәселелік) топтардың жетекшілері институт директорының бұйрығымен бекітіледі. Ғылыми бөлімдердің, зертханалардың (секторлардың) меңгерушілерін тағайындауды институт директоры олардың лауазымдарына конкурс жүргізбей ақ тағайындайды.
Ғылыми бөлім немесе зертхана меңгерушісі, тақырыптық (мәселелік) топтың жетекшісі өздері басқаратын бөлімшелердің барлық жұмысына жауап береді.
Ғылыми мекемелердің құрылымдық буындарының жетекшілері ғылыми - зерттеу және тәжірибелік жұмыстар жоспарларының жобаларын жасайды және оларды бөлімнің, зертхананың (сектордың) барлық қызметкерлерінің егжей- тегжейлі талқылауын ұйымдастырады.
Ғылыми бөлімшенің меңгерушісі қызметкерлерге тапсырмаларды белгілейді, оларға бір жолғы тапсырмалар береді және олардың тақырыптары бойынша жұмысына басшылық етеді. Оның міндетіне төмендегілер кіреді:

    • жеке орындаушылар арасындағы өзара байланыс пен өзара түсіністікті қамтамасыз ету;

    • олардың жұмысын үлестіру;

    • зерттеу барысында алынған нәтижелерді жинақтау.

Институттың бөлімшелері мен ғылыми бөлімшелердің жетекшілері ғылыми-зерттеу қызметтеріне белсенді түрде қатысуы маңызды. Сондай-ақ, бөлім немесе зертхана меңгерушісі өндірісте ғылыми зерттеулерді пайдалану бойынша іс-шараларды әзірлейді. Ғылыми бөлімше жетекшісі жас ғылыми кадрларды іріктеу, даярлау және тәрбиелеу, бөлімшенің жұмысына басқа көрнекті ғалымдар мен мамандарды тарту жөніндегі жұмысты жауапты атқаруы тиіс. Институттың ғылыми бөлімшесінің басшысы администратор ретінде де әрекет етеді, ол жекелеген қызметкерлердің және бөлімнің, зертхананың жалпы ғылыми - зерттеу жұмыстары жоспарының орындалуын бақылайды, белгіленген тәртіппен атқарылған жұмыс туралы есеп береді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет