Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна



бет27/89
Дата27.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#129504
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   89
Меншіктегі іс моделі. Студентке академиялық қолдау көрсету саласының ұйымдастыруды концептуалдық тұрғыдан өзгерткен моделі. Студенттің әртүрлі академиялық және жекетұлғалық мәселелері, орталық қызметкерлерінің «меншіктегі ісі» ретінде қабылданады. Академиялық ортада, студенттердің сұрақтары, қиыншылықтары университет қызметкерлерінің жекебасының ісі ретінде аса жауапкершілікпен ұйымдастырылып, олардың «менің міндетімдегі жұмыс емес» сияқты ой-пікірлерін, ұстанымдарын жоюға бағытталған.

Берілген моделдерді талдаудан, академиялық қолдау көрсету, тек қана студенттің академиялық үлгеріміне әсер етіп қана қоймай, жалпы олардың университеттік өмірге бейімделуіне, әр алуан тәжірибе жинауына, қажетті байланыстар орнатуының басты механизмі екенін анықтаймыз. Оған қоса, бұл орталықтардың жалпы академиялық ортаны, климатты оңтайландыруға үлкен әсері бар екені байқалады.
Америка жоғары Білім беру Ассоциациясы (American Association for higher Education), Америка Колледж қызметкерлері Ассоциациясы (American College Personnel Association), Ұлттық Студенттер ісімен айналысатын басшылар одағының (National Association of Student Personnel Administrators) құжаттарына сәйкес [112], университеттер келесі сұрақтарға жауап іздеу арқылы, әрбір студентке академиялық қолдау көрсетуге бағытталған іс-әрекетін жүзеге асыруы қажет:

  1. Студенттердің университеттік білім алуға дайындығы қандай деңгейде және олар қандай академиялық қолдау көрсету бағдарламаларыy қажет етеді?

  2. Білім алудың қай кезеңінде студенттер қиыншылықтарға кезігеді?

  3. Академиялық қолдау көрсету орталықтары, студенттің тұлғалық, кәсіби дамуына, университетті жоғары оқу үлгерімімен аяқтауына қалай әсер етуі тиіс?

  4. Университет саясатындағы «студенттің қажеттілігіне бағытталған оқыту үдерісі» ұғымын қалай айқындалған?

  5. Студенттердің академиялық қолдау көрсету бағдарламаларына қатысу сапасы мен саны қалай анықталады, бағаланады?

  6. Студенттер тарапынан, сұранысқа қандай бағдарламалар ие?

  7. Студенттік мамандарды дайындау, біліктілігін арттыру, мотивациялау шаралары қалай жүзеге асуы тиіс?

Американдық педагог-ғалымдар, J.N.Gardner және G.Vander Veer [113] факультеттер мен студенттік қызметтердің бірлесе отырып жұмыс атқару арқылы студенттің академиялық жетістігіне әсер етудің негізгі шарттарын айқындады:

  1. студенттің жетістігі мен оқу үлгерімін институционалдық құндылық ретінде қарастыру, ұғымның университеттің басым-бағыттары мен мақсаттын айқындау өлшеуішіне айналуы.

  2. университеттің миссиясы мен құндылықтарына сай, тұтас оқу-тәрбие ортасын ұйымдастыру арқылы, білім алушылардың аудиториялық және аудиториядан тыс өздігінен білім алу тәжірибесін жетілдіру;

  3. күнделікті институционалдық әрекеттестікте қолданылатын терминдер мен ұғымдарды ортақтандыру;

  4. ұтымды білім беру технологиялары мен тәжірибелерін қолдану, студент-оқытушы қарым-қатынасын жиілету, студенттер арасында өздігінен білім алудағы тығыз әрекеттестікті орнату, белсенді оқыту технологияларын қолдану, оперативті кері байланыс орнату;

  5. студенттік тәжірибеге қатысты ақпаратты жүйелеу, дер кезінде жеткізу, үнемі қолданыста, сұраныста болуын қадағалау;

  6. инновация мен өзгерістерге, жаңашылдыққа әкімшілік пен кадрлардың дайын болуы, «жылы» қабылдауы;

  7. студенттің өздігінен білім алуын ынталандыру арқылы оқу үлгерімі бойынша жалпы университеттік жоғары көрсеткіштерге жету.

Осыған сәйкес, АҚШ–тың жоғары оқу орындарында студенттің академиялық жетістігіне әсер ететін сұрақтарды, мәселелерді шешу үшін әртүрлі саладағы университеттің қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынаста болуы маңызды шарт. АҚК орталықтарының университеттік қауымдастықтың төмендегі құрылымдарымен жақын әрекеттестікте болуы маңызды:
1.Пән оқытушысы мен Академиялық қолдау қызметтері арасындағы ынтымақтастығы (Collaboration Between Classroom Instructors and Academic Support Services). АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде, студенттің академиялық жетістігіне тек қана оқу жоспары, оқу бағдарламалары мен пән оқытушының дәріс, семинар сабақтарын өткізу барысында көрінетін кәсіби іс-әрекетінің сапасы ғана емес, студентке оқу пәні, университеттік орта ұсынатын мүмкіндіктерді меңгеруге әсер ететін академиялық, әлеуметтік қолдау көрсететін қызметтерінің, орталықтардың сапалы ұйымдастырылуы да маңызды. АҚШ ғалымдарының пікірінше, факультеттің профессор-оқытушы құрамының, қосалқы академиялық қолдау көрсету орталықтарымен әрекеттестігі мен ынтымақтастығы, студенттің комбинаторлық, синергетикалық білімді меңгеру нәтижесіне әсер етіп, жеке оқу траекториясының сапалы ұйымдастырылуына жағдай жасайды.
Оқытушылар мен академиялық қолдау көрсету орталықтарының кәсіби қызметкерлерінің байланыстылығы, студенттің нақты пән бойынша артта қалу жағдайларын, периферийлық, маргиналдық құбылыстан, барлық академиялық қауымдастыққа ортақ мәселеге айналдырады, соның нәтижесінде профессор-оқытушы құрамының жеке студентпен жұмыс жасау іс-әрекетін үнемдейді. Қосымша тьютор сабақтары, белгілі бір пән профессорының құрастырған силлабусы бойынша жүргізіледі. Американың академиялық қолдау көрсету орталықтарының ұлттық бағалау баяндамасында, бұл бағыттың сапасы, «студенттің өмірін орталықтан ұйымдастыратын» кәсіби қызметке айналуымен бағаланады деп айқындалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет