Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна



бет26/89
Дата27.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#129504
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   89
Ақпараттық технологияларды академиялық қолдау көрсету бағдарламаларында қолданудың жаңашыл бағыты ретінде, Бригам Янг университетіндегі (Brigham young university), веб-порталға негізделген эдвайзер бағдарламасын (web-based advising) қарастыра аламыз. Бағдарламаның мақсаты бірінші курс студенттеріне университет туралы «жағымды бейне» қалыптастыру арқылы, білім алу мақсаттарын айқындауға, жоспарлауға әсер ету. Веб-эдвайзер, студенттің өмірбаянына негізделген академиялық мәселелер бойынша онлайн режимде бес кездесу жүргізеді, университетке өту мен бейімделу кезеңіне жағымды әсер етеді. Онлайн режимдегі, академиялық эдвайзер жүйесі, бағыт-бағдар беру курсымен студенттің қосымша білім алу жоспарына еніп, студентпен бірінші семестр барысында аяқталады. Онда, университеттік білім берудің ерекшеліктері, ондағы негізгі ұғымдардың мәні оқу пәндерінің ерекшеліктері мен мазмұны, бағыттары, негізгі және қосалқы мамандану, студент уақытын жоспарлау және т.б. маңызды мәселелер бойынша ақпараттар беріледі. Орталықтан басқарылған жүйе, бірінші курс студенттерінің міндетті қосымша білім алу іс-әрекеті ретінде, студенттің дербес шешім қабылдауына, жеке-дара оқу траекториясын қалыптастыруға нұсқаулықтар мен құралдармен қамтамасыз етеді.
Қорыта келе, университеттік білім беру жүйесінде, сапалы АҚК орталықтарымен қамтамасыз ету, студенттердің академиялық жетістігін жетілдіру, университеттерді бәсекеге қабілетті етудің, университет пен білім алушылардың қарым-қатынасын дамытудың маңызды инструменті екенін анықтадық. Бұл қызметтердің ұйымдастырылуы білім беру ұйымының миссиясы мен құндылықтары байланысты болатыны байқалады. Студентке АҚК орталықтарының ұйымдастырудың нақты американдық моделі жоқтың қасы, дегенмен әр университет өздерінің басымдықтарына, бағыттарына қарай ұйымдастыратынын айқындадық. АҚШ-тың шағын либералдық университеттері бетпе-бет қарым-қатынасқа негізделген, біріктірілген қолдау көрсету орталықтарын ұйымдастырса, бірнеше салалы қоғамдық университеттер студентке қолдау көрсетуді жоғары технологиялар арқылы жүргізуде. Қандай жағдайда да, АҚК орталықтарының, студенттің көзқарастары мен қажеттіліктеріне, тәжірибесіне негізделіп ұйымдастырылатынын айтып кеткен жөн.
Жоғарыдағы АҚШ университеттерінің АҚК орталықтарының іс әрекетінің ерекшеліктерін жан-жақты талдау, ондағы мамандардың студенттермен қарым-қатынас жасауын, төмендегі іс-әрекеттік модельдерге сүйеніп жүзеге асыратынын анықтауға мүмкіндік берді:

  1. «Студенттің ой-пікірін қабылдау» (taking student perspective model) моделі. Бұл моделге сәйкес, оқу-тәрбие үдерісін дербес, ішкі ұйымдастырылған жүйе ретінде қабылдап қана қоймай, білім алушылардың әртүрлі қажеттіліктері мен жан дүниесін жете сезіну үшін, әкімшілік қызметкерлерін, профессор-оқытушы құрамымен «студенттік кезеңді бастан кешіру» сияқты іс-шаралар кешені өткізіледі. Оның басты идеясы, мамандардың студенттік кезеңнің барлық ерекшеліктерін қайтадан сезіндіру арқылы, маңызды шешімдер қабылдауда, студенттің қызығушылықтарын ескеру. Кейбір университеттер, оқу үдерісін жоспарлауда, әртүрлі құрылымдық өзгерістер жасауда студенттер кеңесін қатыстырады.

  2. «Жекетұлғаға бағытталған немесе студентке бағытталған» (student-centred model) моделі. Жалпы университеттердің құрылымы, ондағы оқыту-тәрбие үдерісі, басқа да қызметтер, веб-сайттардың ұйымдастырылуы студентті «басты клиент» ретінде қабылдайды. Бұл қызметтер, «клиент» үшін ыңғайлы, қол жетімді, бірізді, кешендік тұрғыдан ұйымдастырылуы қажет. Бұл моделдің басты идеясы, білім алушының жоғары білім алуы мен мансаптық (карьера) мақсатына жету үшін оның жекетұлғалық қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруде.

  3. «Студенттің тәжірибесін тиімділеу» (improving the student experience) моделі. Көптеген АҚШ университеттеріндегі АҚК орталықтары студенттердің оқу тәжірибесін тиімділеу үшін сауда-саттық (коммерция) ұйымдардың іс- әрекетінің философиясы мен әдістерін меңгеріп, бейімдеп, қолдануда. Студенттер қауымы «тұтынушы», ал университетті аяқтаған студенттер саны «дайын өнім» ретінде қабылданады. Сондықтанда, АҚК орталықтарының мақсаты, семестрден семестрге көшкен студенттердің санын арттыру болады. Қазіргі таңда, АҚШ-тағы ең үздік университеттерді бағалауда, бітірген түлектердің саны, және олардың оқу үлгерімі басты көрсеткішке айналып отыр.



  4. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет