Тапсырма № 3
Алынған тәжірибеге рефлексия (кері байланыс) жүргізу үшін іс-әрекетке белгілі бір ұстаным беретін ПМҚ («плюс», «минус», «қызықты») кестесін толтыру қажет.
ПМҚ («плюс», «минус», «қызықты») кестесі
Белсенді үлестірме материалдары № 1
Емтиханға дайындалу ерекшеліктері
Кредиттік оқыту технологиясына сай белгілі бір оқу пәнін меңгерудің нәтижесі 100 баллмен өлшенеді.
Емтихан студенттер үшін өте күрделі сын, сондықтан оған жан-жақты дайындық қажет.
Жүйелі түрде дайындалу (семестрдегі әрбір семинар,дәріске дайындалу, оқудың басында қарастырылатын емтихан сұрақтарын алу).
Меңгерілген материалды үнемі қайталау;
Емтиханға дайындалу барысында білмейтін, дұрыс түсінбеген сұрақтарға аса назар аудару;
Жазбаша, тест сұрақтары бойынша дайындалу;
Өз өзіне сенімділігін көрсету.
Эссе жазу
Эссе жазу студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту арқылы академиялық жазу мәдениетін де қалыптасады.
Қолыңа не үшін қалам алғаныңды ең алдымен өзің түсініп ал.
Мінсіз эссе жазудың дайын ережесі жоқ және болмайды да, дегенмен эссе жазу дағдыларын жүзеге асыруға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар бар.
Ең алдымен өзіңнің хабарлайтын, жазатын, ой толғайтын, талқылайтын тақырып туралы жан- жақты зерттеу жүргізу керек. Сондай-ақ, эссе жазуға не себеп болды, эссені кім оқитынын түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын өзіңе аудартатын, мүмкін болса қарсы жауап реакция-сын тудыратындай өз ойыңды, сезіміңді, көңіл-күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, әсерлі сөздерді дұрыс таңдай білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет – тілді еркін меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза білу.
Достарыңызбен бөлісу: |