ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ЭЛЕМЕНТ 1. Университет Студенттің өзі туралы презентация жасауы.Университет мақсаты, саясаты, іс-әрекет бағыттары. Университет құрылымы (студенттің ісімен айналысатын университеттік қызметтер және олардың функциялары). Студенттерге академиялық қолдау көрсету, және оның оқыту үрдісінде алатын орны мен функциясы.
Өздік жұмысқа берілетін тапсырмалар: Тапсырма 1. 1-2 минуттық ,өзіңіз туралы ауызша түрде презентация дайындаңыз. Кейін басқа қатысушылар сізге сұрақтар қоя алады.
Тапсырма 2.Университеттің жарғысымен, үлестірме материалдарда берілген ақпаратпен танысыңыз. «Jigsaw» әдістемесіне сай топта әрбір студент ақпараттың белгілі бір бөлігіне (Студент дегеніміз кім? Студенттің құқықтары, аттестация ерекшеліктері, жүктеме, университет функциялары ) жауапты болады.
“Jigsaw” әдістемесі Әдістеме, Эллиот Аронсонмен ғылыми негізделген топтық (корпоравтивті) оқыту формасы. Әдістемеге сай студенттер белгілі бір қарастырылып отырылған сұрақтарға эксперт ретінде тағайындалып, осы мәселе туралы ақпаратты толық қарастырып, басқалармен бөліседі.
Қарастырылып отырған сұрақтарға сәйкес студенттерді 4-6 шағын топқа бөліңіз.
Әрбір топтың мүшелеріне мәтін бойынша тапсырма беріп, кейін өз тобында сол сұрақ бойынша эксперт ретінде жауап беруді тапсырыңыз.
Әрбір студентке мәтінмен танысып, меңгеруге мүмкіндік беріңіз
Эксперт тобы құралып, меңгерілген сұрақ бойынша пікірталас өткізіңіз.
Уақытты басқарып отыратын қатысушыны таңдаңыз
Барлық эксперттер өз тақырыбы бойынша баяндап, пікірталас өткізгеннен кейін, басқаларда сұрақтарды толық түсініп, меңгереді.
Тапсырма 3. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ресми сайтына кіріп, университеттің құрылымымен танысыңыздар. Сызба түрінде беріңіз, түсініксіз мәселелерді айқындаңыз.