А - тема
А - рема
А - екпін
Абай Құнанбайұлы - 31-ші қара сөз
Естіген нəрсені ұмытпастыққа / төрт түрлі себеп бар: əуелі /- көкірегі
байлаулы / берік болмақ керек; екінші /— сол нəрсені естігенде / я
көргенде / ғибрəтлану керек,/ көңілденіп,/ тұшынып,/ ынтамен ұғу керек;
үшінші /— сол нəрсені ішінен /бірнеше уақыт қайтарып / ойланып,/ көңілге
бекіту керек; төртінші -/ ой кеселі нəрселерден / қашық болу керек.
Егер кез болып қалса,/ салынбау керек. Ой кеселдері:/ уайымсыз
салғырттық,/ ойыншы-күлкішілдік,/ я бір қайғыға салыну,/ я бір нəрсеге
құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нəрсе /- күллі ақыл мен/ ғылымды
тоздыратұғын нəрселер.
Жамбыл Жабаев - Тоқтағұлға
Келдің бе, ақиығым,/ алыс жерден?
Өтіпсің самғап ұшып/ асқар белден.
«Алмас пышақ/ қап түбінде жатпас» деген,
Хан-төре айналмай ма / сендей ерден.
Ер ғана елін табар / іздеп жүріп,
Жүрсе де ғұмырында / қорлық көріп.
Құландай-ақ бұғауын / үзіп қашқан,
Жетіпсің енді,/ міне,/ елге келіп.