Абылай хан мемлекет қайраткері және саясаткер (1771-1781 жж). 6В01601-Тарих, 6В02201-Тарих жоспар


Яғни жыраулар сөзімен айтқанда ол: «Қайғысыз ұйқы ұйқтатқан, Қайырусыз жылқы бақтырған, Қалыңсыз қатын алдырған» - хан болып халыққа ұнады



бет12/13
Дата17.03.2022
өлшемі2,85 Mb.
#28324
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Дәріс-5

Яғни жыраулар сөзімен айтқанда ол: «Қайғысыз ұйқы ұйқтатқан, Қайырусыз жылқы бақтырған, Қалыңсыз қатын алдырған» - хан болып халыққа ұнады.

Абылай хан ел ішінде өзіне қарсы бас көтергендерді қатаң жазалап отырады.

   Абылай хан әрі тапқыр жан болған. Ол өз замандастары арасында сөзіне берік, алғыр ойлы, барынша адал әрі әділділігімен көзге түскен. Керемет шешендігімен, қазақ халқының ежелден келе жатқан әдет заңдарын және шежіресін өте жақсы білетінділігімен ерекшелінетін.

   Абылай хан әрі тапқыр жан болған. Ол өз замандастары арасында сөзіне берік, алғыр ойлы, барынша адал әрі әділділігімен көзге түскен. Керемет шешендігімен, қазақ халқының ежелден келе жатқан әдет заңдарын және шежіресін өте жақсы білетінділігімен ерекшелінетін.


Абылай есімі шешендік сөздерде, билер жайлы аңыз - әңгімелерде де кездеседі. Онда Абылай тапқыр сөзді, ақылды, шешімді, даналық ойды қолдаушы болып көрінеді. Бірде Абылай Жетісу жерінде жүргенде Жалайыр еліндегі бір сыйлы  кісінің үйіне келеді. Үйде отағасы қарт пен 15 жасар ұлы отырады. Абылай: «Жол анасы, су анасы, сөз атасы не?» деп сұрайды, алдымен ақсақал қайтарған жауапқа көңілі толмайды. «Жол анасы – тұяқ болар, су анасы – бұлақ болар, сөз анасы – құлақ болар» деген баланың тапқырлығына риза болған хан баланың есімінің Есенкелді екенін білсімен:  - Е, Жалайырды аузына қарататын адам жаңа өсіп келе жатқан екен, - депті.

Абай атамыз айтқандай «Бір тіл білсең- бір адамсың, екі тіл білсең- екі адамсың, үш тіл білсең- үш адамсың» демекші, Абылай хан шығыстың жеті тілін үздік меңгере білген, яғни, жеті адамға тән тілді меңгере білген.

Абылай онымен қоса қазақтың қара домбырасын күмбірлете шерте біліп, домбыраның құлағында ойнаған. Абылай ханның өзі шығарған 20-дан астам күйі бар. Соның ішіндегі ең белгілілері «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» және т.б. Қазіргі жас ұрпақтардың барлығы Абылай атамыздың күйін күмбірлете орындап, осы күйді талай-талай белестерге алып жүргендері баршылық.

«Алыстан орыс, қытай – ауыр салмақ.

Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.

Артында ор, алдында көр, жан-жағы жау

Сол кезде елге қорған болған Абылай,

Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап».

 Мағжан Жұмабаев

Абылай – қазақтың соңғы тәуелсіз ханы. Ол хан болу үшін Ресей үкіметіне жүгінген жоқ, одан куәлік құжат сұрамай, билікті тура өз халқының қолынан алды. Абылай кім болды, кім болғысы келді дегенде де, бір нәрсе айдан айқын. Ол өзінің алдағыны болжай білетін көреген саясатшы екенін дәлелдей білген.

Марта Брилл Олкотт

“Абылай хан ХVIІІ ғасырдағы хандардың ішіндегі ең құдіреттісі болды”



Василий Бартольд


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет