Абылай хан – 1711 жылы Шыңғыс хан әулеті Уәлидің шаңырағында дүниеге келген. Оның шын есімі- Әбілмансұр. Атақты қазақ хандарының бірі, дарынды қолбасшы, білімді дипломат, қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі.