Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771 – 1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының



Pdf көрінісі
Дата01.11.2023
өлшемі16,99 Mb.
#121239


Абылай хан


Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771 – 1781
жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының
18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы
хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған
Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен
қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты
билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ
тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.


діні
Ислам 
Туған жері
Түркістан, Қазақстан
Қайтыс болуы және жерленген жері
1781 жылы, Қожа Ахмет кесенесі 
Династия 
Төре
Әкесі
Көркем Уәли сұлтан
Жұбайы
Қарашаш ханым
Балалары 
Уәли хан
Қасым сұлтан
Сүйік сұлтан
Әділ сұлтан (барлығы 30 ұл, 40 қыз)
Шайқастар
Аңырақай шайқасы


Хан тұсындағы сыртқы саясат
1738-1741 ж.
Абылай бастаған
қазақ қолы жоңғар
басқыншылырына
бірнеше мәрте
соққы берді.
1742 жылы Абылай
тұтқиылдан шабуыл
жасаған жоңғарлардың
қолына тұтқынға түседі.
Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады.
Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен
Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды
тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл
деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор
губернаторы И.Ш.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара
жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен
Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743
ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл
жөнінде Неплюевтің сыртқы істер коллегиясына жазған
хатында қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете
ме деген қауіп те білдірген.


Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді.
1765 — 67 ж. А. қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде
Түркістан, Сайрам, Шымкент қ-лары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым
төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар
шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының
санасында «Шаңды жорық» деген атпен белгілі. Бұл 1771 ж. Еділ қалмақтарының (170 —
180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші
жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы
береді. Балқашқа жақындаған кезде А. бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды
қоршауға алды.


Абылай билігінің күшейге түсуінің жаңа кезеңі 1744 жылы Әбілмәмбеттің
Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды.
Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр
соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді
пайдалаңды.


Ішкі саясаты
Ресейдің қол астына өтуді қабыл алғанына қарамастан, ол іс жүзінде Ресейге мүлде
тәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізді.
Абылай ханға бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрудың сәті түсті. 1771 жылы
Түркістан қаласында қазақтың бүкіл үш жүзінің ханы болып жарияланды. Бұған оның
жоңғарлар мен Еділ бойы қалмақтарын талқандаудағы үлесі игі ықпал етті. Өзінің қол
астындағы халықты дұрыс басқару үшін Абылай үш жүздің әрқайсысына әйгілі тұлғаларды
билеуші етіп тағайындады. Ол сот билігін күшейте түсті. Сонымен қатар белгілі қазақ
билерінің және батырларының беделіне арқа сүйеді. Сондай күшті, ықпалды саяси
тұлғаның бірі Бұқар жырау Абылайдың кеңесшісі болды. Абылай қазақ рулары мен
тайпаларының арасындағы өзара қырқыс, алауыздықтан туындайтын қақтығыстар мен
барымта алуды тоқтатты. Ол қазақтардың егіншілікпен, шөп шабумен және балық
аулаумен айналасуына қолдау көрсетті.
Хан қазақ даласында ұстаханалар салуда бастамашы болды. Абылай хан ақын-жырау, әнші-
күйшілер мен діни қайраткерлерге қамқорлық жасап отырды


Назарларыңы
зға
Назарларыңы
зға
рахмет!
рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет