Абылай ханның Ресей империясына қатысты саясаты



Pdf көрінісі
Дата02.01.2017
өлшемі149,48 Kb.
#1004

Абылай ханның Ресей империясына қатысты саясаты

 

Балчих А. Ө.,студент, ғылыми жетекші: Ж.О.Артықбаев т.ғ.д,профессор 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ. 

Aika_07_1994@mail.ru

Қазақ тарихындағы тұтас бір дәуірді алып жатқан тұлға - Абылай хан. 



Қазақ  хандығының  XVIII-ғасырда  саяси  дағдарыс  пен  сыртқы  агрессия 

кезінде  сақталып,  территориясынан  айырылмауына  әсер  еткен  қазақ 

халқының  тарихи  тұлғасы  -  Абылай  хан.  Хан  Абылайдың  ержүректігінің, 

батырлығының,  кемеңгерлігінің  арқасында  Қазақ  хандығы  өз  тәуелсіздігін 

сақтап  қалды.  Сондықтан  да  болар  есімі  халық  жадында  осы  күнге  дейін 

сақталып, ерлігі өлең - жырларға арқау болуда. Ш.Уәлиханов Абылай дәуірін 

қазақтың ерлігі мен серілігінің ғасыры деп бағалаған [1,117 б.]. Ал тарихшы 

Х.Әбжанов  Абылайдың  Қазақ  хандығының  тәуелсіздігі  мен  қуатын  сақтау 

жолындағы қызметінде сыртқы саясат стратегиялық басымдылыққа ие болды 

деп  көрсетеді  [3,  5-6  б.].  Үш  жүздің  басын  біріктіруші  Абылай  ханның  сол 

кездегі  Ресеймен  жүргізген  дипломатиялық  қарым  -  қатынасы  қандай 

болды?Ресей  және  Цинь  империялары  сияқты  державалар  арасында 

дипломатиялық  стратегиясын  екіжақты  қолданған  оның  осы  саясаты 

хандыққа нәтиже берді. Жұмыс барысында негізгі талқылауға түсетін мәселе 

-  Абылай  ханның  Ресей  империясына  қатысты  позициясының  пайдасы  мен 

салдарын айқындау болып табылады.  

Абылай хан өзінің сыртқы саяси аренадағы қызметін Орта жүз атынан 

Ресеймен  дипломатиялық  қатынастар  орнатудан  бастап,  саяси  билігін 

нығайтуға кірісті [4,124 б.]. Халыққа Аңырақайда ерлігімен көрінген ол ішкі 

беделді  иеленсе  де,  Қазақ  хандығын  біріктіру  жүзеге  аспады.соған 

байланысты  ол,  1734  жылы  Әбілмәмбет  ханмен  бірге  Ресей  протекторатын 

мойындап,  келесі  мақсаттарды  көздеді  .Ең  алдымен  ,  хандықтағы  төрелер 

және  билер  институтына  ықпалды  одақтасы  бар  екенін  көрсету  арқылы 

оларды  өз  жағына  шығару  болса  ,  екінші  мақсат  кіші  жүздегі  Әбілқайыр 

ханның Ресей арқылы  жеке дара күшеюіне бөгет жасау.Ал үшінші мақсаты, 

жоңғарларға қарсы коалиция құру болып табылады . 1740 жылы 19 тамыз – 1 

қыркүйек аралығында Орынборда қазақ-орыс келіссөзі өтті. Оған Әбілқайыр 

ұлдары Нұралы, Ерәлі сұлтандар, Жәнібек батыр, 24 тамызда Әбілмәмбет хан 

және  Абылай  сұлтан  қатысты.  Оларға  Нияз  батыр  да  қосылды.  Келіссөз 

барысында  Ұлы  жүздің  жоңғарлар  қарамағында  екендігі  белгілі  болған. 

Қазақ  игілері  сауда-саттық,  тұтқындар  алмасу,  өзара  сенім  мәселелерін 

көтерсе,  Ресейліктер  қазақ  даласында  пана  тапқан  башқұрт  көтерілісінің 

басшысы  Қарасақалды  қайтаруды  қозғады.  Орыс  мұрағаты  кездесу 

барысында  Абылай  сұлтан  алғаш  рет  Ресейге  «Әбілмәмбетпен  бірге,  бас 

киімін  қолына  алып»  адалдық  антын  берді  деп  жарыса  жазды.  Абылай  өз 

ойын бүкпестен «біздің ата-бабаларымыз хан болып еді, бәрі де әріптестеріне 

адал болған, сондықтан бізде сөзде тұратын адалмыз. Сіз де адал болады деп 

сенеміз»  деген  пікірін  білдірген.  Әбілмәмбет  хан  генерал-лейтенант  В. 

Урусовқа  Абылай  қарамағында  «Үш  рулы  ел  бар.  Біріншісі  6  мың,  екіншісі 


10  мың,  үшіншісі  4  мың  шаңырақ»  барлығын  атап  көрсеткен.«Қаралып 

отырған  кезеңде  Ресей  қолдаушы,  одақтас  ретінде  есептелген.  Осы  бағыт 

саяси  жағдайды  қатаң  есепке  алған,  шексіз  билікке  ұмтылған,  тәкәппар 

Абылай  үшін  өте  тиімді  болды.  Бұл  Абылайдың  Орынбор  әкімшілігімен 

алғашқы және соңғы кездесуі болатын. Осыдан кейін ол Орынборға да, тіпті 

басқа орыс бекіністеріне де келмеді» - деп бағаланады [2, 31 б.]. 

Қалдан  Серен  1741  жылы  қазақ  даласына  Септен,  Сары  Мәнжі 

батырлар  және  өзінің  үлкен  ұлы  Лама  Доржы  бастаған  үш  жасақ  жібереді. 

Қалдан  Серен  үш  жасаққа  қосымша  қалмақтың  кәрі  көкжалдарының  бірі, 

Бошохту  хан  заманынан  белгілі  Жалбы  батырды  жібереді.  Жалбы  батыр 

Абылайды  Ұлытауда  ұстады.Абылайды  тұтқыннан  босатуға  Ресейдің 

орталық  үкіметі  емес,  Орынбор  араласқаны  белгілі.  И.Неплюев  капитан 

К.Миллер  деген  қазақ  тілін  жақсы  білетін  офицерді  Қалдан  Серенге 

елшілікке  аттандырады.  Оның  жанына  Шақшақ  Жәнібек  батыр  жолбасшы 

қылып  өзінің  інісі  Байқұлақ  батырды  қосады.  К.Миллерді  Қалдан  Серен 

қабылдамайды, Байқұлақты қалмақтар орыстарды ертіп келгені үшін азаптап 

өлтіреді.Абылайды  босатуға  тікелей  ат  салысқан  Қаз  дауысты  Қазыбек, 

Малайсары  батыр,  Әбілмәмбет  хан  мен  Нияз  батыр.  Әбілмәмбет  баласы 

Әбілпейізді  Нияз  батыр  алып  барып  Қалдан  Серенге  ақ  үйлі  аманатқа 

тапсырды.Абылайды  босатқан  қазақтың  да  елшілігі  емес,  Қалдан  Сереннің 

өзі.  Қазақ  шежіресінде  сақталған  деректер  Қалдан  Сереннің  Абылаймен  тіл 

табысқанын,  екеуінің  де  терең  ойлы  көсем  екенін,  екеуі  де  өз  елдерін  осы 

қысталаң  заманнан  қалай  аман  алып  шығамын  деп  қабырғасы  қайысқан 

азамат  екенін  дәлелдейді.  Осы  түсіністіктің  нәтижесінде  екі  елдің  арасында 

одақтастық,  достық  туралы  келісім  жасалды.  Абылай  ханның  тұтқыннан 

шығуы туралы әр түрлі жорамал айтылады. Біріншісі, Ресейдің елшісі майор 

Миллердің Қалдан Серенге апарып берген генерал  - губернатор  Неплюевтің 

хатынан  кейін  босатты  десе,  екіншілері қазақтың  би  -  батырлары  талап  етіп 

босатып  алды  дейді.  Бірақ  негізінде  жоңғарлардың  Түркістанға  дейінгі 

аралықты  басып  алуы  Әбілмәмбеттің  Ресейге  арыздануына  және 

жоңғарлардың  билігін  мойындауына  алып  келді.  Сол  себепті  Ресей 

империясы  Орта  жүзді  одақтасы  ретінде  жоғалта  бастағандықтан  патша 

үкіметі  тұтқындағы  Абылайды  босатуға  қатысты  елшілік  жібереді.  Себебі 

Ұлы жүз бен Орта жүз Жоңғар билігін мойындаған соң, Ресейге қарсы соғыс 

ашуға дайындалды.  

Осындай  шиеленіске  байланысты  жоңғарлардың  әскери  күшін  қайта 

қазақ даласына қайтару үшін Абылай сұлтанды босату көзделді. Нәтижесінде 

майор Миллер басқарған елшілік Абылайды тұтқыннан босатады [5, 247 б.]. 

1758  жылы  орыс  патшасының  жарлығы  бойынша  «  Құдайдың 

құзіретімен,бүкіл  Ресейдің  және  жекедара  билеушісі  II  Елизавета  осы 

қылышпен  өзінің  боданы,қазақ  сұлтаны  Абылай  адал  қызметі  үшін 

марапаттады,  Санкт-Петербург,  1758  ж.»  деген  жазуы  бар,құны  120  мың 

тұратын  қылышты  сыйлық  ретінде  жібереді.Сонымен  қатар  1759  жылдан 

бастап Абылай сұлтанға 300 рубль жалақы тағайындайды.Ресей өкіметі қазақ 

хандары  мен  сұлтандарына,  ықпалды  ел  ағаларына  жалақы  немесе 


бірмезгілдік  ақша  сыйлау  арқылы  олардың  арасына  іріткі  салып  бір-  біріне 

қарсы  қоюды,бірінің  үстінен  бірі  жасырын  хат  хабар  жазып  тұруды  әдетке 

айналдырды.Мұндай  жолмен  жалақы  тағайындауды  патша  әкімшілігі 

«қазақтардың  жерік  асын  беру»  деп  мысқылдады.Ресей  үкіметінің  1759 

жылы  Абылай  сұлтанға  аттандырған  Ураков  пен  Гуляевқа  төмендегідей 

тапсырма  берілген:  «  Орта  жүзде  Абылайдың  жанында  болғанда,оның 

сеніміне кіріп, жанына жақындай берген жөн, ыңғайы келсе мақтап-мадақтап 

қойыңыз.Әлбетте,мұндай  сөздерді  тосын  бастап  қалмай,оңашада,өзіңіздің 

жақындық  ниетіңізді  білдірген  болып,өзіңіздің  ғана  ретінде  білдіріп 

отырғаныңыз жөн.Абылай сұлтанның ордасында болған кезде мүмкін болған 

барлық әдіс-тәсілді пайдаланып,бізге керек мағлұматтар жинаңыздар.Әсіресе 

қытайларға байланысты жағдайларды біліп, бізге сенімді адамдар арқылы тез 

хабарлаңыздар.»-деп  тапсырма  береді.Абылайдың  ел  ішінде  ықпалы  бар 

екенін  көріп,белгіленген  жалақыны  ала  беруін,сол  үшін  де,біздің  дәмімізді 

бір татып қалған соң Ресейден бас тарта қоймас деп ойлайды.Абылай хан өз 

тарапынан Ресейдің осындай сан-қилы құйтырқы әрекеттерін түсініп,оларды 

жіті  назарда  ұстап,құрған  тұзағына  түспеуге  тырысты.Ол  Ресей 

империясының  сыртқы  қатынастарынан  да  хабардар  болып  отырды.  1761 

жылы  Абылай  сұлтанға  барып  қайтқан  Ф.Гордеев  Абылайдың  Ресейдің 

көрші  мемлекеттермен  қарым-  қатынас  жағдайларын  сұрағанын,әсіресе 

Пруссиямен арадағы жанжалдың немен аяқталғанына қызыққанын,Қытаймен 

арадағы ахуалдың қандай жағдайда екендігіне баса назар аударып,тәптіштеп 

сұрағандығы туралы жазады.  

Абылай  хандық  билікке  ие  болған  соң,  1773  жылы  Кіші  жүз 

қазақтарының  антиколонизациялық  көтеріліске  бастады.  Абылай  хан 

Е.Пугачев  көтерілісіне  көмектесуге  әсер  етті.  Нәтижесінде  Пугачев 

манифестін ашық түрде  Орта  жүз  биі  Дәуітбай  қолдаса,  Абылай  хан  әскери 

көмек жіберумен айналысты. 1774 жылы Горькая шебіне 3 мыңдық әскермен 

шабуылдады.  Абылай  хан  осы  әскери  қимылдарына  қарсы  Ресейдің  ешбір 

шара  қолданбауы,  ең  әуелі  1757-  1758  жылдары  Абылай  сұлтанды  Цинь 

империясының  қазақ  ханы  ретінде  мойындап,  антиресейлік  одақ  құруы 

Келесі  себебі,  Абылай  хан  билігінің  Қазақ  хандығының  2/3  бөлігіне 

таралуына байланысты болып табылады. Абылай ханның әскери күші үлкен 

болғандықтан,  Ресей  үшін  әскери  қақтығысқа  бару  қауіпті  болды.Абылай 

ханды  өзіне  толық  тәуелді  ету  әрекетінен  еш  нәтиже  шықпаған  соң,Ресей 

патшасы  1779  жылы  оған  ай  сайын  төлейтін  жалақысын  беруді  тоқтатады. 

Талай жылдан бері Орта жүз  ханы етіп  тағайындауға ант беруден жалтарып 

өзінің еркін жағдайын сақтап, айтқандарына көнбейді. 

Қорыта  айтқанда,  Абылай  хан  дүниеден  өткен  соң,  Қытай  патшасы 

көңіл  айтып,жаназасына  арнайы  империясы  тарапынан  оның  жаназасына 

ресми  өкілдер  жіберілген  жоқ  және  көңіл  айту  рәсімі  де  жасалмады.  Мұны 

орыс  отаршылдарының  Абылай  ханды  айла-қулықтарымен  өз  ырықтарына 

көндіре  алмай  ыза  болғандығынан  туған  әрекет  деп  көруге  болады.  Абылай 

ханның  Ресей  империясын  мойындау  арқылы  Цинь  мемлекетін  және 

керісінше  Қытай  арқылы  Ресейдің  агрессиясын  тежеу  саясаты,хандық 


территориясының  тұрақтануына  және  билікті  күшейтуге  ықпал  етті. 

Билігінің  үлкен  аумақты  қамтуы  арқылы  Абылай  хан  колонизациялық 

аппаратты  тоқтату  және  империямен  байланысты  үзбеуді  көздеді.  Ресей 

протекторатын  мойындаудың  салдары  -  Абылай  ханның  өлімінен  кейін 

байқалып, нәтижесінде, оның мұрагері – Уәли хан тұсында хандыққа отарлау 

әкімшілігі  тікелей  әсер  етіп,  жоғары  ханды  өзіне  тәуелді  етті.  Хан 

Абылайдың  Ресей  патшасымен  өзін  тең  дәрежеде  ұстап,орыстың  шенді  – 

шекпенділерін  өзімен  санасуға  мәжбүр  етіп,  дербес  саясат  жүргізгені, 

тарихтағы сөзсіз ақиқат. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. Ш.Уәлиханов: « Абылай хан»-4 том,Алматы,1985.  

2.  Сулейменов  Р.Б.,  Моисеев  В.А.:  «Из  истории  Казахстана  ХVIIІ  веке.».- 

Алматы,1988.  

3. Х.М.Әбжанов: « Отан тарихы» -Алматы,2013.  

4. Б.Нәсенов: «Абылай хан» -Алматы,2005.  

5. Б.Нәсенов: «Абылай хан» -Алматы-Новосибирск,2005.  



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет