Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары


) «Қаңтар оқиғасы». Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы»



бет29/29
Дата06.04.2023
өлшемі95,72 Kb.
#79942
түріДиплом
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
90) «Қаңтар оқиғасы». Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы»
2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шаралары (немесе Қанды қаңтар, Қаңтар оқиғасы, Қаңтар трагедиясы) — сұйытылған газдың кенеттен қымбаттауына байланысты Қазақстанда басталған наразылық шаралары. 2 қаңтарда бастау алған бұл оқиғалар тәуелсіз Қазақстанның 30-жылдық тарихындағы ең қарқынды әрі қатал қақтығысқа айналды.
Алғашында Жаңаөзен қаласында басталған шеру артынан Қазақстанның басқа қалаларына да таралды. Халық Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Астана, Шымкент, Көкшетау, Орал және т. б. қалалардың көшелеріне шығып, экономикалық талаптармен қоса саяси өзгерістерді талап ете бастады. Бастапқыда бейбіт басталған наразылық шаралары артынан қарулы қақтығыстар мен тонаушылыққа ұласты (негізінен Алматы қаласында). 5 қаңтарда басталған тәртіпсіздіктер ресми деңгейде мемлекеттік төңкеріс деп аталды.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелi негiзде жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
2) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет