Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары



бет1/29
Дата06.04.2023
өлшемі95,72 Kb.
#79942
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

41. Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары
Географиялық жағынан екі ірі мемлекеттіңқыспағында болған Қазақ хандығының билеушісіАбылайдың басты мақсаты — мемлекетдербестігін қалай да сақтап қалу еді.Дипломатиялық шаралардың шебері Абылай, хан болып сайлануға дейін де ,XVIII ғасырдыңортасында қазақтарға Жоңғария қауіп төндірді. Бұл жағдайды Қытай бақылап, Жоңғарияға да, Қазақ хандығына да көз салды. Ресей қазақтарғақатысты отаршылдық саясатын жалғастырды. Ал оңтүстікте кейбір қалалар Қоқан хандығыныңықпалында болды. Міне, Абылай хан осындайауыр алапат заманда дүниеге келді.
Жоңғарияның ішінде азаматтық соғысбасталады. Жоңғарияның билігіне Лама Доржыкеледі, ал оның қарсыластары Даваци мен Әмірсана, Лама Доржыны тақтан құлату үшінАбылай ханнан көмек сұрайды. Абылай хан Давациді қолдап, Лама Доржының орнынаДавацидің таққа отыруына көмектеседі. БірақДаваци таққа отыра алмады және оның орнынаӘмірсана келді.
Осылайша, жоңғарлардың ішкі қақтығыстарынаараласып, біресе біреуін, біресе екіншісін қолдап, ол өзінің мәңгілік жауларын жеткілікті түрдебасып тастайды
Қытайдың да көздегені Жоңғарияны жаулап алуеді. Жоңғардың жаңа билеушісі Әмірсанақытайларға қарсы тұру үшін қазақтардан көмексұрайды. Абылай Хан, егер Қытай Жоңғарияныжойса, онда келесі мақсат Қазақ хандығыболатынын түсінгендіктен, Жоңғарияғакөмектесуге келіседі. Бірақ Қытай қайткенмен де өз мақсатына жетіп, әлемдік картадан Жоңғарияныжойып тастайды. Нәтижесінде қазақтар, қытайларжәне қырғыздар көз тіккен үлкен территория бос қалады.
Абылай хан егер бәрі осылай жалғаса берсе, олардыЖоңғарияның тағдыры күтіп тұрғанын түсінеді. Сондықтан ол Қытаймен келіссөздер жүргізебастады. Өзінің жеңілгенін мойындайды, Әмірсананы айыптап, жоңғарды қолдағаны үшінкешірім сұрайды. Сондай-ақ, егер жоңғарларкенеттен қайта құрылса, ол қытайлардың жағындаболуға уәде береді.Қытай Абылай ханға сеніп, Қазақстанның шығысын қазақтарға қалдырады. Осымен Қытай мен қазақтар арасында бейбітшілікорнауы керек еді.
Жалпы, Абылай хан тату-тәтті көршілік саясатынұстануға тырысты . Ол Ресей мемлекетімендипломатиялық, сауда байланыстарын орнатты. Абылай хан өз қол астындағы халықты Ресейқорғай білді. Ресейдің қол астына өтуді қабылалғанына қарамастан, іс жүзінде Ресейге мүлдетәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізді. 1759 жылы патша үкіметінің әкімшілігі Әбілмәмбеттітағынан тайдырып, оның орнына өзінің отыруынұсынды және оған барлық жағынан қолдаукөрсетуге уәде етті, бірақ Абылай сұлтан одан бас тартты.
42. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттыққозғалыс
Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы — 1783—1797 жылдарыСырым Датұлының басқаруында болған Кішіжүзінің қазақтарының қозғалысы.
Емельян Пугачёв бастаған шаруаларкөтерілісі басылғаннан кейін патша үкіметі Кішіжүз қазақтарының көшпелі қауымына отаршылдықезгіні күшейтіп жіберді.
Сондықтан да қазақтардың көтеріліске шығуы тіптіде кездейсоқ нәрсе емес еді. Оның өзіндік себептеріболды.
• Біріншіден, шекара шебінің ішкі жағына уақытшаөткен қазақтарға қойылатын талаптар тымқатайтыла түсті. Онда кез келген қазақты оныңкездейсоқ басқа бір руласы жасаған құқықбұзушылық әрекеті үшін ұстап алып, айыптауғаболатын еді.
• Екіншіден, Орал казак әскерлері тарапынанбұрынғысынша дала төсіндегі «әскериіздестірулер» тоқтатылмады.
• Үшіншіден, Нұралы ханның және оныңтөңірегіндегілердің беделі жыл өткен сайынтөмендей берді. Ол бірте-бірте патша үкіметініңқолындағы қуыршақ қолшоқпарға айналабастады.
Мәселен, Нұралы хан Орынбордан жыл сайынжалақы алып тұрды. Олардың тарапынан халықтыңмұң-мұқтажына көңіл бөлінбеді. Ханныңотбасындағылар мал жайылымдарын өздеріншежәне өз пайдаларына қалай қаласа, солай бөліскесалды.
Көтерілісті халыққа кеңінен танымал батыр Сырым Датұлы басқарды. Ол Кіші жүздің ішіндегі он екіата Байұлы бірлестігінің байбақты руынан шыққанірі тұлға болатын. (Датұлы Е. Пугачев бастағаншаруалар көтерілісінің барысында өзін шебердипломат, әскери қолбасшы әрі көрнектіұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Көтерілісшілердің жетекшісі әрі шешен, әрі би ретінде өз даңқын асырған еді. Асқан ақылдылығымен тапқырлығы үшін бала кезінде-ақ «Бала би» атанған болатын.Сырым Датұлының дене күшіде зор еді. Жеке өз басының ерлігі мен қайыспасқайсар батырлығы, ерекше ерік күшітаңғалдыратын. Өз замандастарының арасында атқұлағында ойнайтын шабандоздығымен де ерекшеленетін. XIX ғасырдың екінші жартысындаөмір сүрген ағылшын журналисі Д.Ч. Бульжербылай деп жазды: «...Сырым батыр — жігерлі, терең ойлы, қайратты, батыл, тапқыр, айлалыерекше тұлға. Ол халықтың сүйіспеншілігінебөленген, халық оған табынған десе де болады».
Көтеріліске қарапайым көшпелі қазақтардың едәуірбөлігі, старшындар, билер және батырлар белсенеқатысты. Олардың бәрі де Кіші жүздегі барлықрулық бірлестіктердің, әсіресе Ресеймен шектесжерлердегі рулардың өкілдері болатын. Өйткеніжайылым тапшылығының ауыртпалығын көтергенде, Орал қазақ әскерлерінің шектен шыққанозбырлығын көрген де солар болатын. Көтерілісшілердің арасында сұлтандар тобынаншыққандар да бар еді. Мәселен, атақты батырдыңжақын серіктерінің бірі Айшуақсұлтанның ұлы Жантөре болды.
Көтерілісшілердің қойған ең басты талабы патшаүкіметінің қазақ жерлерін тартып алуын тоқтату, сұлтандардың, ханның және олардың айналатөңірегіндегілердің озбырлығына тыйым салу болды.
43. Орта және Кіші жүздегі хандық биліктіңжойылуы.
Осы уақытқа дейін қазақ елінің хандық биліктүрінде көрінген мемлекеттік дербестігін жоюғадаярлық жасап келген патша үкіметі XIX ғасырдың20-жылдары мұндай мақсатты іске асыруғаколайлы жағдай туды деп шешіп, іске кірісіп кетті. Патшалық билік бұл істі алдымен Орта жүзденбастады. Бөкей және Уәли хандар өлген соң, ендіқайтып мұнда хан тағайындамау туралы шешімқабылдайды. XIX ғасырдың 20-жылдарының басында Батыс Сібір губернаторлытын баскарғанбелгілі мемлекет қайраткері М.М.Сперанскийдіңбасшылығымен "Сібір қазақтары жөніндегі Жарғы" өмірге келді. Бұл заңдық құжат бойынша Орта жүзде хандық билік жойылды. Оның орнын ағасұлтандар басты. Орта жүздің жері жекеәкімшіліктерге бөлініп, "сыртқы округтер" аталып, Омбы облысына қарайтын болды. Сөйтіп, 1822—1838 жылдар аралығында Қарқаралы, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Құсмұрын, Көкпекті, Көкшетауаталған округтер өмірге келді. Оларды басқаруокругтік приказдарға жүктелді. Оларға сондай-ақполицейлік және соттық билік те берілді. Приказдың басында үш жыл мерзімге тек сұлтандар ғана сайлай алатын аға сұлтандар тұрды. Приказдың басқарушы аппараты төрт адамнан, яғни бар билікті колдарына ұстаған екі орысшенеунік заседателі және беделді би мен старшындар сайлайтын екі қазақ заседателінентұрды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарғабөлінді. Болыстық бөлу аумақтық негізде емес, рулық негізде жүрді. Әрбір болыс белгілі бір рудыңатымен аталатын болды. Мәселен, Қанжығалыболысы, Қаржас болысы және басқаболыстықтардың жеке әкімшілік ретінде жеркөлемі анықталып, қазақ қожалықтарына басқаболысқа өз беттерінше өтуге шектеу қойылды. Бұлсол уақытқа дейін қалыптасқан жайылымдыпайдалану жүйесінің бұзылуы еді. "Сібір қазақтарыжөніндегі Жарғы" жергілікті әкімшіліктің сайлауарқылы анықталатындығын сырттай болса да сақталғандығын көрсетуге тырысты. Ал шынмәнінде билік орындары жергілікті әкімшілікқызметтерге өзіне тиімді адамдарды ғана жіберіп, тиімсіздерін кейін асыруды, сол сияқты округтікприказдың жұмысын оның құрамындағы орысшенеуніктері арқылы реттей отырып, приказ аппаратына бекітілген шептік қазақ әскерінпайдаланды. Хандық билікті жойған отаршыләкімшілік қазақ ақсүйектері мен билеуші тобынөзіне бірден қарсы койып алмау үшін алғашындаолармен құйтырқы ойын жүргізді. Округтер мен болыстарды басқаруды міндетті түрде сұлтандарғаберіп, бірақ бұл қызметтік орындарды иемденуқұқын төре тұқымдарымен қатар өзіне ұнаған"қара" қазақтан шыққан ақсүйектерге де берді. Яғни, сұлтандық мансапты иемденетін кісініанықтауды патшалық әкімшілік өз қолына алды. Сұлтандарға билік орындарының ісіне араласуғатыйым салынды. Заң аға сұлтан, болыстықсүлтандары және ауыл старшындарын "жергіліктішенеуніктерге" жатқызды. Сот жүйесі де өзгеріскеұшырады. Қазақ ішіндегі аса қауіпті деп саналғанмемлекеттік сатқындык, кісі өлтіру, тонаушылық, барымта, сондай-ақ "билік орындарына бағынуданбас тарту" сияқты қылмыстық істер билер соты карамағынан алынып, олар патшалық заңыбойынша округтік приказда қаралатын болды. Ал ұрлық және басқаларды билер соты халықтыңәдеттегі құқығы бойынша қарауға тиіс болды. Сонымен бірге билер сотының шешіміарызданушыны қанағаттандырмаса, ол облыстықәкімшілікке арыздануға құқылы болды. Ал бұлмәселені қарауда облыстық басшылық та қазақтыңәдеттегі құкын негізге алуға тиістін
44. Бөкей ордасының құрылуы:басқару жүйесінің ерекшеліктері 
Ішкі Қазақ Ордасы немесе Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында 1801 жылықұрылған тарихи мемлекет. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең соңғы Шыңғысханұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттікқұрылым.Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлыныңесімімен аталды.Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтыңаралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстіктеКаспий теңізі батыс жағында — Астрахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояруездері. Жер көлемі — 92 144,5 km2 19 ғ. аяғындаАстрахан меже бөлімі бойынша — 77 624 km2.Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұяболды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адамтұрды (50 мың жанұя.Кіші жүз - үш жүздің ішіндегіжерді ең көп иеленген өлке. Ол Жайық пен Тобылдаң бастап Сырдарияның төменгі ағысынадейінгі алқапты қамтып (850 000 шақырым) жатыр. Оңтүстігінде Хиуа, Қоқан хандықтарымен, Түрікмен, Қарақалпақ иеліктерімен, солтүстігіндеРесейдің Астрахан, Саратов және Орынборгубернияларымен, шығысыңда Ұлы және Орта жүзжерімен шектеседі. ХІХ ғасыр басында Кіші жүздіңбірқатар ауылдары Ресей империясыныңқұрамындағы Жайық пен Еділ өзендерінің төменгіағысын қамтыды. Олар кейін Бөкей ордасы немесеІшкі орданы (географиялык орналасуы бойьнша) құрады. 1801 жылғы 11 наурызда император I Павелдің Жарлығымен Кіші жүз қазақтарының осы жерде көшіп-қонуы заңдастырылды. 1803 жылғыесепке қарағанда олардың мал саны едәуір болған(70 мың түйе, 30 мың жылқы, 250 мың ірі қара мал, 1 миллионнан астам қой). Патша үкіметі Кіші жүзруларына Жайық пен Еділ арасында еркінқоныстануға қайта мүмкіндік беру арқылықазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы басты бағыт депқарастырды. Бөкей Нұралыұлы (1804 - 1845 жж) - Кіші жүздің белді сұлтандарының бірі. Саясикүреске ХVIII ғасырдың соңынан араласа бастаған. 
Хандық
1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкейсұлтан Орыс патшасына бос жатқан Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп-қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанныңөтінішін қабыл алып, 1801 ж. наурздың 11 былайдеген рескриптісін (жарлық) шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет