Қатты және ақырын ән
Ойын шарты:Топтан бір бал ортаға шығады.Қалған балалар ойыншықты залдың бір жеріне тығып қоюға кіріседі.Тандалған бала шығып ойыншықты іздей бастайды, балалар егерде қатты әндетсе, соғырлұм ойыншық жақын жерде, ал егерде балалар ақырын әндетсе ойыншық алыста дегенді білдіреді.
Тандалған бала осыны пайдалана отырып, ойыншықты тауып алуы керек.
«Теңіз» ойыны
Ойынның мақсаты: Музыканың ауыспалы сипатын естіп, сезіну қабілеттерін дамыту. Әуенді мұқият тыңдап, табиғат құбылыстарымен байланыстыра сезініп, елестете білуге үйрету.
Ойынның шарты: Балалар үнтаспадан Н.Римский-Корсаковтың «Теңіз» шығармасын тыңдайды. Теңіздің үш түрл і қалыптағы күйі бейнеленген карточкалар беріледі. Шығарма тыңдалып, жетекші теңіздің әртүрлі күйдегі суреттерімен таныстырады («тыныш жатқан» теңіз, «толқынды» теңіз, «буырқанған» теңіз). Шығарма екінші рет тыңдалып, әуеннің көңіл-күйі карточкалар арқылы көрсетіледі.
«Бұл қай кезде болады?» ойыны
Ойынның мақсаты:Жыл мезгілдері туралы ән, әуендерді тыңдап, ерекшеліктерін сипаттай білуге баулу. Тыңдалған шығармадан алған өз әсерлерін әңгімелей білуге дағдыландыру.
Ойынның шарты: Балаларға жылдың төрт мезгілі бейнеленген суретті карточкалар таратылады. Шығармаларды тыңдап, мазмұнына , мәтініне сәйкес суретті карточканы көрсете білу.
«Ноталарды үйренейік» ойыны
Ойынның мақсаты:Әуенді тыңдап,ноталарды дұрыс орналастыруға үйрету.
Ойынның шарты:Музыка жетекшісі халық әні «Еркемайды»өзі орындап береді,екінші рет ноталардың атын атап,орналастырып отырып айтып көрсетеді.Балалар әнді қайталап орындайды,ноталардың атын атап,нота сызықтарына орналастыруға үйренеді.Балаларға нотаны үйрету жеңіл әндерден бастап,бірте-бірте күрделендіреді.
4.Тембрлік естуге арналған ән
«Ғажайып үйшік» ойыны
Достарыңызбен бөлісу: |