Хара балдырлар (CHROPHYTA) бөлімі Орындан:Бектұрған Г.Ж. Қабылдаған:Абсаттар Г.А. Жоспар: 1. Хара - Charophyta балдырлардың жалпы сипаттамасы. 2.Жасуша құрылысы. 3. Көбеюі. 4. Маңызы . Харалар - күрделі харафитті құрылымды, жоғары сатьща дамыған жасыл түсті, тік өсетін, биіктігі 20—30, кейде 50—100 сантиметрге жететін балдыр. Басқа балдырлардан басты айыр-машылығы — архегониялы өсімдіктер сияқты көп клеткалы аналық жыныс органы оогонидің болуыңда. Сонымен бірге денесі жоғарғы сатыдағы өсімдіктер сияқты сабаққа шоғырланып орналасқан белгілі бір мөлшерге дейін ғана өсе алатьш "жапырақ" жөне "тамыр" сияқты түссіз көп клеткалы ризоидтардан түрады. Тік түратын "сабағы" қырықбуын сияқты буын жөне буын аралықтарына бөлінген. Бірақ бүл тек олардың сыртқы көрінісі, жалпы харалар көп клеткалы талломды, аса күрделі құрылымды өсімдік. Сабақ жоғарғы ұшынан үздіксіз ұзарып өсе алады, ал буындағы «жапырақтары» белгілі мөлшерге дейін ғана өседі. Буын аралықтары ірі, ұзындығы бірнеше сантиметрге дейін жететін цилиндр пішінді (5 см), көп ядролы, бөлінуге қабілеті жоқ клеткалардан тұрады. Ондай клеткалар кейбір түрлерінде қабықтармен қапталған. Қабықтар базальды клеткалардан қүралады. Буындары қысқа дөңгелектеніп шоғырланған бірнеше ұсақ бір ядролы клеткалардан тұрады. Ол клеткалардың бөлінуі арқылы жаңа бүйірлік бұтақшалармен шоғырланған «жапырақтар» түзіледі. Негізгі сабақтың жоғарғы ұшы өсу нүктесіндегі төбе клеткасымен бітеді. Жасуша құрылысы Клетка қабықшасы тығыз, ішкі қабаты целлюлозадан, оның сырт жағын каллоза деп аталатын суда ерімейтін полисахарид қаптап жатады. Ол глюкоза молекулаларының қалдығынан құралған. Целлюлозадан айырмашылығы түзу тізбек құрамай, спиральды тізбек құрайды, оның сыртына кальций карбонаты жиналады да, өсімдікке қаттылық қасиет береді.
Көбеюі Хара балдырлары ризоидтарында пайда болатын түйнектер және төменгі «сабақ» буындарының бөлініп кетуі арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюі болмайды. Жынысты көбеюі - оогамиялы. Жыныс органы күрделі кұрылымды. Көп клеткалы оогоний және антеридий көпшілік уақытта бір өсімдік жапырағының қойнында бір үйлі, кейде әр қабаттарда пайда болып, қос үйлікті байқатады.
Хара балдырлар (CHROPHYTA) бөлімі
Нителлалар тұқымдасы(Nіtellасеае)
Харалар тұқымдасы(Сhаrасеае)
Харалықтар қатары(Сhаrаles)
Харалар класы (Сhаrорhусеае)
300-ден астам түрі белгілі
Хара балдыры:А - жалпы көрініс; Б- талломның бір бөлігі: 1-ризоид; 2-түйнекшелер; 3-бүйірлік бұтақтары; 4 - орнталық клетка; 5- сыртқы клеткалар; 6- бір клеткалы бұтағы; 7- оогамий; 8- жұмыртқа клеткасы; 9-тәж(коронка); 10- антеридий; 11- қалқан; 12-тұғыр;13- сперма түзетін жіпшелер; 14- сперматозоид.
Маңызы. Хара балдырлары қаптап өскен уақытта суда түрақты биоценозын құрайды. Хараны көптеген эпифитті микроорганизмдер - балдырлар, қарапайымдар, бактериялар мекендейді. Олар көптеген қарапайым организмдерге қоректік заттың қоры болып есептеледі, Олармен балықтар қоректенеді. Балықтардың уылдырығын шашатын және шабақтары паналайтын орын болып есептеледі. Хара балдырлары бір уақытта улы заттар бөліп шығарады, сондықтан харалар өсетінжерде маса болмайды.