Қабылдаған: Аға оқытушы, саяси ғылымдарының кандидаты Омарғазы Ерғали Ерғазыұлы



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата10.12.2023
өлшемі172,91 Kb.
#136249
1   2   3   4
Ғұламаның еңбектері 
Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор, айналысқан ғылыми салалары 
да кең. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп 


«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ 
 
NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL 
UNIVERSITY» 

ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, 
география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге жуық трактат жазып 
қалдырды.Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының 
көзқарасы жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты "Музыка туралы үлкен трактат" 
деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Біздің дәуірімізге жеткен 
теңдесіз жаңалықтарының бірі – кәдімгі нота. Ол музыкалық дыбыстарды бірінші 
болып қағаз бетіне түсірді. Музыкалық аспап та жасаған. Домбыраның баламасын 
жасады деген жорамал бар. Ал астрономияда әл-Фарабидің күн сағатын жасау әдісі 
әлі күнге дейін қолданылады.
Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы 
Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", "Риторика", 
"Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" және тағы басқа көптеген 
еңбектеріне түсініктемелер жазды. Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын 
дамыта отырып, "Кемеңгерлік меруерті", "Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы", 
"Мәселелердің түп мазмұны", "Ғалымдардың шығуы", "Бақытқа жету", "Азаматтық 
саясат", "Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері" сияқты көптеген сындарлы 
философиялық еңбектер жазған.Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, 
адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пайымдауларын жеткізді. 
Араб тіліндегі философия антикалық грек философиясының елеулі әсерін бастан 
кешірді. Ибн Халликанның айтуынша, Әл-Фараби: “Егер мен Аристотель кезінде 
өмір сүрсем, мен оның шәкірттерінің арасында ең үздік шәкірті болар едім”-деген. 
Әл-Фараби Аристотель іліміне ұқсас тұтас энциклопедиялық жүйені құрды. Ол сол 
кезде барлық белгілі білім саласын қамтыған 160 трактат жазды: саясат, психология, 
этика, жаратылыстану, эстетика, логика және әрине философия. Өкінішке орай
барлық жұмыстар сақталмады, бірақ басты еңбектері әлемнің ең үздік 
кітапханаларында: Каирде, Стамбулда, Бейрутте, Лондонда, Берлинде, Парижде, 
Братиславта, Мәскеуде және Санкт-Петербургте сақталған.Әл-Бируни, Ибн-Сина, 
Ибн-Рушд, Ибн-Бажа, Ибн-Туфейл және басқалары өздерін әл-Фарабидің шәкірттері 
деп санаған. Ибн Сина Аристотельдің «метафизикасын» әл-Фараби түсіндірмелерінің 
көмегімен ғана түсінгенін айтты. Ибн Синаның медицина бойынша еңбектері бүкіл 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет