Химиялық реакциялар — заттардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде олардың химиялық құрамы мен құрылысы өзгеріп, басқа заттарға айналуы. Химиялық реакциялардың ядролық реакциялардан айырмашылығы — реакция кезінде әрекеттесетін заттар құрамындағы химиялық элементтер мен олардың атомдарының жалпы санының өзгермейтіндігінде. Химиялық реакциялар химиялық теңдеулер арқылы өрнектеледі.
Химиялық реакциялар массаның сақталу заңы мен эквивалент заңына негізделген.
Химиялық процесте тура реакциямен қатар бастапқы заттар қайта түзілетін кері реакция жүреді. Қайтымды реакцияда тура реакция мен кері реакцияның жылдамдықтары теңескенде жүйеде химиялық тепе-теңдік орнайды, бірақ кері процесс баяу жүретіндіктен көптеген химиялық реакциялар қайтымсыз, яғни аяғына дейін жүреді.
Реакция кезінде заттар санының өзгеруіне қарай химиялық реакциялар:
Қосылу
Айырылу
Орын басу
Алмасу
Изомерлену
Айырылу реакциясында бір зат екі немесе одан да көп затқа айналады; мысалы:
2HgO=2Hg+O2.
Орын басу реакциясында бастапқы жай және күрделі заттардан жаңа жай не күрделі зат түзіледі; мысалы:
Zn+H2SO4=ZnSO4+H2.
Алмасу реакциясында екі күрделі зат құрам бөліктерімен алмасады; мысалы:
BaCl2+H2SO4= =BaSO4+2HCl.
Изомерлену кезінде молекула құрамындағы атомдар орындарын алмастырып, заттың жаңа изомері түзіледі.
Тотығу Элементтерде тотығу дәрежесі өзгеретін реакциялар тотығу — тотықсыздану реакцияларына жатады. Химиялық реакциялардың экзотермиялық реакция, эндотермиялық реакция деген түрлері де бар.
Реакцияға қатысатын заттардың агрегаттық күйіне қарай
Гомогенді- заттардың агрегаттық күйлері бірдей
гетерогенді заттардың агрегаттық күйлері әр түрлі
Гомогенді және гетерогенді реакциялар құрылысына қарай жай және күрделі болуы мүмкін. Егер жүйеде бір ғана қайтымсыз реакция жүретін болса, ондай реакция жай реакция деп аталады. Күрделі реакциялар бірнеше жай реакциялардан тұрады. Күрделі реакцияларға қайтымды, параллель, сатылы, тізбекті және катализатор қатысымен жүретін катализдік реакциялар жатады. Реакцияны жүргізуде қолданылатын энергия түріне байланысты Х. р.: термиялық, электрхимиялық, фотохимиялық, плазмахимиялық, т.б. топтарға бөлінеді.
Қасиеттері
Өңдеу
Химиялық реакциялар кезінде атомаралық химиялық байланыстар түзеді.Химиялық реакция кезінде химиялық қосылыс түзіледі.Химиялық реакцияға қатысатын затты реагент деп атайды.Химиялық реакция кезінде түзілетін затты өнім деп атайды.
Қорытынды Сонымен химия қазіргі қоғамдағы неғұрлым көкейкесті және болашағы зор проблемаларды шешуге ат салысуда. Олардың қатарында мыналарды атауға болады: жасанды тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін молайту; ауыл шаруашылығы дақылдарынсыз тағам өнімдерін синтездеу проблемасын шешу; шикізаттардың мүмкін болатын түрлерін тауып өңдеу; энергияның жаңа көздерін табу; маңызды табиғи химиялық процестердің механизмін анықтап, оны жасанды жағдайда іске асыру; болашақта техникалық міндеттерді шешу үшін қажетті
Назарларыңызға рақмет!!!