Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Алматы технологиялық университеті ТиКЛП 22-11 Орындаған: Баймолда Ж.
Қабылдаған: Алмағамбетова С.
ЖҮТ Тақырыбы: Химияның негізгі заңдары мен түсініктері
ЖОСПАР Жоспар:
Атом – молекулалық ілім
Химияның стехиометриялық заңдары
Химиялық элементтер,таңбалар,формулалар және теңдеулер
Химиялық құбылыстар.Реакциялардың жіктелуі
Тағамдық технологиядағы химияның рөлі
Атом-молекулалық ілім — жаратылыстану және зат бөлшектері туралы теориялардың жинағы.Атом-молекулалық ілімнің дамуына өз заманында М. В. Ломоносов, Дж. Дальтон, А. Лавуазье, Ж. Пруст, А. Авогадро, Й. Берцелиус, Д. И. Менделеев, А. М. Бутлеров секілді зор үлес қосқан.
Ежелгі атомистика[1]ӨңдеуМатерияның кішкене бөліктерден - атомдардан тұратыны туралы ойлар алғашқы рет ежелгі Грецияда пайда болды. Атомизмді ойлап тапқан ежелгі грек философы Левкипп және оның шәкірті Демокрит.Демокрит ғылымға «атом» деген түсінікті енгізген, ол грекше «бөлінбейтін» деген мағынаны білдіреді.Дальтонның атомдық теориясыӨңдеуAтом мен молекула түсініктеріне нақты анықтама беріліп, атом-молекулалык ілімнің негізі 1860 жылы қаланған. Германияның Карлсруэ қаласында химиктердің халықаралық съезінде осы ілім қабылданды.Заттың қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек «молекула» деп аталатыны сендерге белгілі. Ал молекулалар атомдардан тұрады. Молекулалар химиялық реакциялар кезінде бөлінеді, ал атомдар бөлінбейді. Темір ұнтақтары мен күкірт арасындағы реакцияны қарастырайық.Ұнтақталған темір қара-сұр түсті магнитке тартылатын қатты зат, ал күкірт сары түсті ұнтақ. Енді осы ұнтақтарды араластырып алып магнитті жақындатсак, темір магнитке тартылады да күкірт қалып қояды, яғни қоспаның құраушылары өз қасиеттерін сақтайтынын көреміз. Енді дәл осындай қоспаны көрлен табақшаға салып кыздырсақ (белгілі бір салмақ қатынасын сақтап) қоспа түсін өзгертіп, қара түсті біртекті массаға айналады. Мұндағы темір магнитке тартылмайды, яғни қыздыру нәтижесінде темір мен күкірт өзара әрекеттесіп жаңа затка айналғанын кереміз. Реакцияға қатысқан темір ұнтактары мен күкірт бірдей атомдардан құралған жай заттар болса, реакция нәтижесінде алынған темірдің күкіртпен қосылысы күрделі зат, ол әр түрлі атомдардан тұрады.Д. Дальтон (1766-1844)Жай зат бірдей атомдардан тұрады.