Молекула заттың қасиетін сактайтын ең кіші белшегі. Aтом молекуланы құрайтын химиялық жолмен бөлінбейтін бөлшек.Атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидалары
Молекула заттың қасиетін сактайтын ең кіші белшегі. Aтом молекуланы құрайтын химиялық жолмен бөлінбейтін бөлшек.Атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидалары: 1) Заттар молекулалардан, ал молекулалар атомдардан тұрады. 2) Атомдар жөне молекулалар үздіксіз козғалыста болады. 3) Химиялык реакциялар кезінде молекулалар бүзылады, ал атомдар сакталады. 4) Бір элемент атомдары өзара бірдей, бірак кез келген басқа элемент атомдарынан езгеше болады. Стехиометрия - заттардың арасындағы массалық және көлемдік қатынастарды қарастыратын химияның бөлімі.«Стехиометриялық мөлшер» деген ұғым химиялық реакцияның теңдеуіндегі немесе формуладағы заттың мөлшеріне сәйкес келеді.
«Стехиометриялық есептеулерге» заттардың түрлері мен олардың арасында жүретін теңдеулері бойынша әр түрлі есептеулер және оған заттардың түрлері мен химиялық реакциялардың теңдеулерін құрастыру да жатады. Стехиометрияның негізін стехиометриялық заңдар құрайды. Бұларға заттар массасының сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы, эквиваленттер заңы,еселік қатынас заңы, кәлемдік қатынас заңы, Авогадро заңы жатады. Бұл заңдар заттардың атомдар мен молекулалардан тұратынын және атом – молекулалық ілімнің дұрыс екенін дәлелдесе, ал атом молекулалық ілім стехиометриялық заңдардың мәндерін толық түсіндіріп береді.
Заң
Ашқан адам
Ережесі
Құрам тұрақтылық заңы.
1808 г., Ж. Пруст
Кез келген күрделі заттың алынуы әдісіне қарамастан сапалық және сандық құрамы тұрақты болады.
Егер екі элемент бір-бірімен бірнеше химиялық қосылыс түзсе, басқа элементтің белгілі бір массасына сәйкес келетін осы элементтің массаларының бір-біріне қатынасы бүтін нақты санның қатынасындай болады.
Эквиваленттер заңы.
1793 г., В.Рихтер
Заттар бір-бірімен эквиваленттеріне пропорционал мөлшерде әрекеттеседі.
Көлемдік қатынас заңы.
1805 г., Ж. Гей-Люссак
Реакцияға кіріскен газдардың көлемдері бір-біріне және реакция нәтижесінде түзілген газдардың көлемдеріне қатынасы кішкене бүтін сандар қатынасындай болады.
Авогадро заңы.
1811 г., А.Авогадро
Кез келген газдың тең көлемінде бірдей жағдайда молекула саны бірдей болады.
Химияның негізгі түсініктерінің бірі — элемент. Элемент дегеніміз атомдардың жеке түрі. Бұл түсінікті химия ғылымына ағылшын ғалымы Р. Бойль енгізген.
Элементтердің таңбалары олардың латынша атауларының бірінші және келесі әріптердің бірімен белгіленеді. Мысалы, сутек - Hydrogenium (Н), оттек - Oxygenium (0), темір - Ferrum (Fе), мыс - Cuprum (Cu), сынап - Hydrargyrum (Hg), т.б. Элемент таңбасының алдында тұрған сан коэффициент деп аталады, ол атомдар санын көрсетеді
Жай заттардың молекулалары бірдей атомдардан тұрады, мысалы, Fе,Cu; ал газ тектес жай заттардың молекулалары бірнеше атомнан тұрады, олардың сандары индекспен көрсетіледі, мысалы, 09, Н2.
Судың құрамында оттек элемент күйінде болса, ауаның құрамында жай зат күйінде болады, сондықтан ауадағы оттегімен тыныс алуға болады және ол жануды колдайды, ал судағы оттек Бұл мақсаттарға пайдаланылмайды.
Индекс элемент таңбасының оң жағына астына жазылады.Кейбір жай заттардың атаулары оларды құрайтын элементтің атауымен сәйкес келеді, мысалы, күкірт - S, азот - N2, оттегі - 02, темір - Fе, мыс - Cu, т.б.
Сутегі (Н2) жанады, ол жай зат; ал судың Н20құрамындағы сутек (Н) жанбайды, ол элемент. Атомдар мен молекулалар өте кішкентай бөлшектер, сондықтан оларды көзбен көріп, қолға алуға болмайды.
Металдарға ортақ кейбір қасиеттері: металдык жылтыры, электр және жылу өткізгіштігі, оңай соғылып тапталатындығы, т.б. Ал бейметалдардың ортақ қасиеттері болмайды.
Химиялық теңдеулер — химиялық реакцияларды химиялық формулалар, химиялық таңба, сан мен математикалық белгілер арқылы өрнектеу. 1789 жылы Антуан Лавуазье масса сақталу заңына сай химиялық реакцияларды осылай өрнектеуді ұсынды. Химиялық теңдеулерді қолдану 19 ғасырдың 1 жартысында ғана қалыптасты.
Химиялық формула — химиялық жеке заттар молекуласының құрамын химиялық таңба және сан арқылы белгілеу.
шөлмектерді жағып көрсек, ең оңай өзгеретіні - пластмасса шөлмек, ол алдымен балқып, сосын қара күйеленіп жанады, ал шыны мен металдан жасалғандары Мұндай езгеріске түсу үшін оларды өте жоғары температураға дейін қыздыру керек. Бір заттың екінші бір затқа айналуы химиялық құбылысқа жатад