Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік
университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Несие және есеп айырысу міндеттемелер
Орындаған:Нұрмахан А
Қабылдаған:Даханова Ж
Тобы:ЗҚТ 111 F
Түркістан 2023 ж.
Жоспар
Кіріспе
1.Несие және есеп айырысу міндеттемелердің түсінігі, жалпы сипаттамасы.
2.Заем шартының түсінігі және нысаны.
3. Заемшының міндемелерін орындалуын қамтамасыз ету
4. Заем түрлерінің ерекшеліктері.
1.Заем шарты бойынша бір тарап (заем беруші) басқа тараптың (заемшының) меншігіне (шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектік белгілерімен айқындалған заттарды береді,ал норма немесе шартта көзделген жағдайларда оларды беруге міндеттенеді, ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегі және саладағы заттардың тең мөлшерін уақытында қайтаруға міндеттенеді.
Заем шарты Ахаматтық кодекстің 151-152 баптарының ережелеріне сәйкес нысанда жасалуға тиіс.
2.Заем шарты өзгеше көзделмесе ақша немесе заттар берілген кезден бастап жасалды деп есептеледі. Шартта ақшаны немесе заттарды бөлшектеп (бөліп-бөліп) беру көзделген жағдайларда, егер шартта өзгеше көзделмесе, олардың бірінші бөлігі берілген кезден бстап шарт жасалды деп есптеледі.
Заем нысанасын шартта көзделген мерзімде, мөлшерде және жағдайда беріледі. Егер шартта өзгеше көзделмесе заем нысанасы оны заемшыға берген немее оның банктегі шотына тиісті ақша қаражаты есептелген кезден бастап берілген деп есептеледі. Заемшы заем берудің шартта белгіленген мерзіміне дейін заем берушіні бұл туралы хабардар өте отырып, заем алудан толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.
Заем нысанасын қайтару және сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау Азаматтық кодекстк көзделген әдістермен қамтамасыз етілуі мүмкін. Бұл жағдайда заемшы, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заем берушіге заемның қамтамасыз етілуін бақылауға мүмкіндік беруге міндетті.
Заемшы нысанасын қайтару және сыйақы төлеу жөніндегі қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамаған кезде, сондай-ақ заем беруші жауап бермейтін мән-жайлар бойынша қамтамасыз етуді жоғалтқан немесе оның шарттарын нашарлатқан жағдайда заем беруші заем нысанасының тиісінше ұсынылмаған бөлігіне қатысты шартты орындаудан бас тартуға және заемшыдан заем нысанасын және ол бойынша сыйақыны мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
Азаматтық кодекстің 722-бабына сәйкес заемшы шартта көзделген тәртіппен және мерзімде заем нысанасын қайтаруға міндетті. Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасы оны заем берушіге берген немсе оның банктегі шотына тиісті ақша есептелген кезде қайтарылды деп есептеледі.. Егер заем нысанасын қайтару мерзімі шартта белгіленбесе, оны заемшы ол туралы заем беруші талап өткен күннен бастап отыз күн ішінде қайтаруы тиіс.
Сыйақы төлеу туралы шартсыз берілген заем нысанасы мерзімнен бұрын қайтарылуы мүмкін. Сыйақы төлеу шартымен берілген заем нысанасы заем берушінің келісімімен не егер ол шартта көзделсе, мерзімінен бұрын қайтарылуы мүмкін. Егер шартта өзгеше белгіленбесе, заем бойынша сыйақы кез келген уақытта мерзімінен бұрын төленуі мүмкін.
Заем берушінің келісімімен заемшының міндеттемелері ақша заемы шарты бойынша борыш есебіне тектік белгілерімен айқындалған заттарды қабылдаумен, заттар заемы шарты бойынша борыштың есебіне ақша қабылдаумен орындалуы мүмкін. Аталған заттардың құны араптардың келісімімен айқындалады. Егер шартта заемды бөлшектеп қайтару көзделсе, заемшы заем нысанасының кезекті бөлігін қайтару үшін белгіленген мерзімді бұзған жағдайда заем беруші заем нысанасының қалған барлық бөлігінің тиесілі сыйақымен бірге мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.Егер шартта заем бойынша сыйақыны заем нысанасының өзін қайтару мерзімдерінен бұрын төлеу көзделсе, сыйақыны төлеу үшін белгілнген мерзім бұзылған жағдайда заем беруші заемшыдан заем нысанасын тиесілі сыйақымен бірге мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
3.Мемлекеттік заем шарты бойынша заемшы – мемлекет, ал заем беруші – азамат немесе заңды тұлға болады. Ол ерікті болып табылады. Мемлекеттік заем шарты заем игерушінің шығарылған мемлекеттік облигацияларды, сондай-ақ заем берушінің заемшыдан қарызға берілген ақшаны немесе заем талаптарына байланысты өзге де мүліктік баламаны, белгіленген сыйақыны немесе өзгеде мүліктік құқықтарды осы заемды айналымға шығару шарттарында көзделген мерзімде алу құқығын куәландыратын басқа да мемлекттік бағалы қағаздарды алу жолымен жасалады.
Банк заем шарты бойынша заем беруші заемшыға төлемділік, мерзімділік қайтарымдылық шарттарымен қарызға ақша беруге міндеттенеді. Оның ерекшеліктері:
заем беруші ақша нысанында зам беруге уәкілетті мемлекттік органның лицензиясы бар банк немесе өзге де заңды тұлға болады.
шарттың нысанасы алдағы уақытта берілуі мүмкін ақша болып табылады
шарт жазбаша түрде жасалуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.ҚР Азаматтық кодексі
Достарыңызбен бөлісу: |