Қабылдаған: Досалиев Тимур Орындаған:Қожахмет Аружан Тобы



бет3/4
Дата30.11.2022
өлшемі27,52 Kb.
#53938
1   2   3   4
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ АРУЖАН 1-АПТА БОЖ

Гносеологиялық:
гностицизм,
агностицизм,
эмпиризм,
рационализм.
Онтологиялық:
материализм,
идеализм (объективтік, субъективтік),
дуализм
деизм.
Онтология-болмыс мәселесін зерттейтін философияның бөлімі. Онтос сөзін алғаш рет антикалық ойшыл, Парменид қолданған. Грек тілінен аударғанда (ontos – барлық тіршілік, бар нәрсе; logos – сөз, ақыл, ой, ілім ) дегенді білдіреді. Яғни, онтология – бар дүниенің негіздері туралы ілім немесе болмыс туралы ілім. Онтология жалпы негіздерді, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын зерттейді.Онтологияның қарастыратын екі мәселесі: болмыс мәселесі және болмыс пен сананың арақатынасы мәселесі.
Философияның қалыптасуы болмыс мәселесін зерттеуден басталды. Онтология тақырыбы антикалық философияда қалыптасады. Антикалық философияның пайда болғанынан бастап бар шынайы болмыс, бар нәрсенің барлығының болмысы бар ,шын мәнінде тіршілік ететіндігі жайында ойланған.Болмыстың мәні мен оның шынайылығы туралы ойлау антикалық философияда қалыптасады.Болмыс мәселесін зерттейтін философияның орталық бөлімінің бірі онтология деп аталады, ал болмыс мәселесі – философиядағы басты мәселелердің бірі.Ежелгі үнді, ежелгі қытай, Антикалық философия ойшылдарын бірінші кезекте онтология қызықтырды, болмыстың мәнін түсінуге тырысты, содан кейін философия өз пәнін кеңейтті және гносеологияны (таным туралы ілім), логиканы, өзге де философиялық мәселелерді қамтыды.
Философия тарихындағы болмысты түсіну:
болмысты табиғат болмысы ретінде түсіну. Табиғат санаға бағынышты емес.
Болмыс – Физика (натурфилософия) болмысы (грек physis-табиғат), Физис (табиғат). Бұл табиғи құбылыс. Мысалы: философиялық мектеп: антикалық натурфилософия (Милет мектебі). Болмыстың негізі-табиғат элементтері (от, су, ауа, жер, эфир) деп қарастырған. Қайта өрлеу дәуірінің натурфилософиясы-болмыстың негізі табиғат элементтері-күш, зат, энергия. Гносеология немесе таным теориясы философиялық білімнің бөлігі, танымдық іс — әрекетінің мәні шарттары ұқсас білімге жету жолдарын қарастырады. Одан басқа таным теориясын адасушылық оның пайда болу себептері мен оны жеңу жолдары білімнің өмірлік экзистенциалды мазмұны қызықтырады. Гносеология философиялық білімнің бір бөлімі, сондықтан оның зерттеуі адам өмір жүйесіндегі жалпылық болып қолданады. Бірақ, гносеология — бұл қатынастың тек танымдық аспектісін зерттеп, танымның негізділігі мен жан жақтылығын ашады.Гносеология термині гректің «gnosis» — білім және «logos» – ұғым, ілім деген сөздерінен шыққан.Таным — гносеологияның негізгі ұғымы. Бұл термин әртүрлі мағынада қолданыла береді. Біріншіден, адамның туа біткен жануарлардан ерекшелейтін қабілеті деп есептеледі. Бұл жағдайда таным тіршілік үшін күресте ортаға бейімделу жағдайында адамның ерекше қасиеттерінің бірі болып табылады.
Екіншіден, таным білім алудың шығармашылық процессін түсіндіруі мүмкін. Бұл түсінік тұрғысында таным — жеке тұлға мен жалпы адамзат деңгейінде жүзеге асырлатын мәдени іс-шараның бір түрі.
Үшіншіден, таным біліммен теңдесе алады. Бұл жағдайда адамның ерекше қайраткерлігі мен оның нәтижесі бір-бірімен теңдеседі.
Соңғы таным қатал философиялық ойдың тұрғысынан аса қарапайым деп есептелмейді, бірақ күнделікті өмірде біз танымды біліммен теңестіреміз. Гносеологияда танымның өзі де, білім де жетілген шешім ретінде қарастырылады. Және таным теориясында білімнің барлық түрі: философиялық, ғылыми, күнделікті, әдеби тағы басқа түрлері қарастырыла береді. Гносеология білімнің барлық түрін негіздеуге, оның мүмкіндік деңгейін, оның мазмұны мен мәнін анықтауға бағытталған.
Танымның (ойлаудың) екі формасы:
— сезімдік, түйсіктік таным, немесе эмпирикалық деңгей;
— рационалдық, логикалық таным, немесе теориялық деңгей.
а) Танымның сезімдік формасы.
Эмпиризм (гр.т. тәжірибе) — сезімдік тәжірибені білімнің қайнар көзі деп біледі және бақылау мен эксперименттің нәтижелеріне сүйенеді.
Идеалистік сенсуализм — түйсіктер мен сезімді шындықтың көзі, ал олардың шығу тегі, қайнар көзі мәселесін терістейді. (Беркли. Юм, Мах).
Қарапайым реализм — адамнан тыс тұрған заттарды, құбылыстарды біз қалай қабылдасақ, ол шындықта дәл солай болады, ал олар түйсіктер формасына ешқандай әсер етпейді.
Сезімдік таным формалары:
Түйсік — заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін бейнелеу; Қабылдау — сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі;
Елестету — бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың бейнесін қайта жаңғырту.
ә) Танымның рационалистік формасы.
Рационализм (лат.т. ақыл, парасат) — логика, ойлауды абсолюттендіру, танымның негізі ақыл, парасат деп ұғыну. (Декарт, Спиноза, Гегель).
Рационалистік таным формалары:
Ұғым — заттар мен құбылыстардың елеулі белгілері мен қасиеттерін бейнелейтін абстрактілі ойлау формасы.
Пікір — дегеніміз бір нәрсені растайтын немесе терістейтін ойлау формасы. Пікір объективтік шындықтағы құбылыстардың, заттардың болмысының ақиқаттығын, не жалғандығын бейнелейтін ойлау формасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет