Мұғалім: Амандасудың қандай түрлері бар?
Диана: Армысыздар!-амандасудың ежелгі қазақы түрі.
Сәлеметсіз бе?-амандықсұрау, сәлем беру.
Назерке: Қол беріп амандасу - шынайы ізгі ниетті білдіреді. Имандылыққағидасы бойынша қол беріп амандасқанда бетті бөтен жаққа бұрып немесе теріс қарап амандасуға болмайды. Амандасушылар бір-бірінің көзіне тура қарап, шын пейілмен, жылы жүзбен амандасқандары жөн. Тіріс қарап амандасу менсінбегендіктің белгісі
әйел адамның немесе қыз баланың қол беруі міндетті емес.
Арман: Төс қағыстырып амандасу - ер жігіттердің, батырлардың шынай достығын, кездесуге қуанышын білдіреді. Бір-біріне сенетін жігіттер ғана осылай амандасады.
Мұхамедқали: Қолдан сүйіп амандасу - әжелердің немесе апалардың жеткіншектердің, жас өспірімдердің қолынан сүюі. Ол балаларға, жас ұрпаққа деген құрметті білдіреді. қолдың тек сыртынан ғана сүйеді. Алақаннан сүюге болмайды.
Мадина: Көзден сүйіп амандасу - әжелер немесе аналар өте жақсы көретін немерелерін қатты сағынғанда көзінен сүйіп амандасады.
Шынболат: Искеп амандасу - қариялар, ақсақалдар кішкентай бөбектерді искеп амандасады.
Ақерке: Маңдайынан сүйіп амандасу - үлкен адамдар кішкентай бөбектерді балалардың, жеткіншектердің маңдайынан сүйіп амандасады.
Әсем: Көпшілік отырған жерге келген кісі арқайсысына емес,
жұрттың бәріне ортақ бір ғана сәлем береді.
Дастархан басында отырғандардың бәріне ортақ бір ғана сәлем береді.
Достарыңызбен бөлісу: |