3. Мектепке дейінгі жастағы бала іс-әрекетінің негізгі түрлері
4. Еңбек пен оқыту әрекетінің бала психикасының дамуына тигізетін ықпалы
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытындағы жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі балабақшадан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы баланы білім алуға, қызықтыра отырып, тұлғаның дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балалардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстінде жұмысын түрлендіре түседі, олардың сабаққа қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және балалардың зейінін, ойлау, зерде үрділерін дамытады. Міне, сондықтан да ойын оқу-әрекетінде жетекші рөл атқарады.
Ойын – кішкентайлар үшін қызықты және еліктіргіш жаттығу болып табылады, ол балалардың қызығушылығы мен әуесқойлығын ойын іс – әрекеті түрінен оқу түріне ауыстыруға мүмкіндік туғызады. Балаларды қызықтыратын ойын оларды ақыл-ой жағынан да, физикалық жағынан да шаршатпайды. Әлбетте, балалардың ойынға қызығушылығы біртіндеп оқуға деген қызығушылыққа ғана емес, сонымен қатар оқытылатын материалға да, яғни математикаға деген қызығушылықтары арта түседі.
Заманауи педагогикалық теорияларда ойын - мектеп жасына дейінгі баланың жетекші іс-әрекеті ретінде қаралады
Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына қарай түрлері: