Қабылдаған: Жұбай Орынай Сағынғалиқызы


жылы “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі”



бет3/5
Дата15.11.2023
өлшемі41,16 Kb.
#124066
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
морф сөж Оразалы Айбике

1989 жылы “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі” атты монография жарық көрді. БС проблемасына қатысты қордаланған жайттарды тезге салып, зерттеу нысанасын жаңа қырынан ашатын өзіндік ерекшелігі бар бұл еңбек Қ.Жұбанов, К.Аханов, М.Балақаев сынды ғалымдардың БС-ге берген анықтамаларын қорытындылап, “БС дегеніміз – о бастағы кемінде толық мағыналы екі сөздің тұтасып жымдасуы нәтижесінде, әдепкі лексика-грамматикалық мағынасынан айырылып, жаңа лексикалық, соған лайық жаңа лексика-грамматикалық мағына тудыратын сөздер бірлестігі” деп анықтама береді. БС- ге айналу процесін түсіндіруде зерттеушілердің мына схеманы басшылыққа алғанын көруге болады. Мысалы: ағайын – алыс ағайын, жақын ағайын, араз ағайын, тату ағайын, ара ағайын, жамағайын. Мұнда бір деңгейде тұрған лексикалық тіркестердің арасынан жам(а) сыңарының лексикалық мағынасы күңгірттеніп, жеке қолданыстан шығып қалғандықтан, жамағайын тіркесі БС-ге айналған. Зерттеушілер сөздің бір буынды болуы да БС тууына жағдай жасайды деп көрсеткен.
Қазақ тілінде БС жасаудың мынадай ұластыруыш қосымшалары барын байқаймыз: -ар,- лар -лық, -ғыш,- ты, -ыс, -ма, -қ, -қы.
ар, -ер қосымшасы негізінде біріккен сөздер.Бұл қатардың дені салт- дәстүрге байланысты атаулардан, бірлі-жарым қару-жарақ, өсімдік аттарынан тұрады: ауызашар, алтыбасар, атбайлар, атсоғар, атұстар, бесіккесалар, босағаттар, бірасар, бірбайлар, біртартар, біртүйер, біркиер, доланкесер, езутартар, есікашар, ешкіемер, желайдар, желімайлар, жембасар, жерсоғар, жертесер, жолашар, итырылдатар, кекілбасар т.б.
-лық қосымшасы негізінде біріккен сөздер. Соңғы жылдары баспасөз, ғылыми, көркем әдебиет беттерінде -лық тұлғасымен келетін КС-дерді біріктіріп жазу дағдыға айналды, емледе орнықты. Белгілі терминолог Ө.Айтбайұлы "терминжасауда -лық жұрнағының қызметі ерекше. Ол терминдік мәнге икемделіп тұрған таза қазақы сөздерге де еркін жалғанып, терминжасаудың өнімді бір түріне айналды” дей отырып, бұл жұрнақтың терминжасауға қатысының біркелкі болмағанын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет