Қабылдаған: Жұбай Орынай Сағынғалиқызы



бет1/5
Дата15.11.2023
өлшемі41,16 Kb.
#124066
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті



СӨЖ
Тақырыбы:Дара және күрделі сөздерді танып-танытудағы пікірталастар. Сөздерді бірге, бөлек жазудағы ұстанымдар

Қабылдаған: Жұбай Орынай Сағынғалиқызы


Орындаған:Оразалы Айбике

Сөздер грамматикалық тұрғыдан құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді.Бұл турасында С.Исаев: «Сөздер құрамы жағынан дара және күрделі сөздер болып бөлінеді.Бір ғана түбірден тұратын негізгі және туынды түбір сөзді дара сөз дейміз.Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөздерді күрделі сөз дейміз.


А. Ысқақов зерттеулері:Автор алғаш рет КС-дердің фонетикалық, морфологиялық, лексика-семантикалық факторларына бойлап, принципті мәселелерді алға тартады. “Күрделі сөз деп кемінде екі я одан да көп дара сөзден құралып, ритм ырғақ жағынан бір ұдай, лексика-семантикалық жағынан бір тұтас, лексика- грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып бірлескен құрама сөзді” танимыз дей отырып, олар “практикалық тұрғыдан қарағанда жалаң сөздердің өресі жетпейтін қызмет аатқарады, олардың олқылықтарын толтырады, ал теориялық тұрғыдан, дара сөздермен жарыса өмір сүріп, сол дара сөздердің тууына негіз болып қызмет етеді” дейді.
А.Ысқақовтың “Қазақ тілі морфологиясы” мен К.Ахановтың “Тіл білімі негіздері” және “Грамматика теориясы негіздері” атты тілшілер қауымына әбден таныс еңбектерінен кейін, құрама сөздер жасалу тәсіліне, мағынасы мен құрамына, компоненттерінің арақатынасына және орфографиялануына қарай 1) біріккен сөз, 2) қос сөз, 3) қысқарған сөз, 4) тіркескен сөз болып бөлінеді .
Қазақ тіл білімінің құрама сөздерді зерттеу саласындағы бірден-бір толыққанды, ғылыми еңбек профессор Қ.Жұбановтың қаламынан туған деп айтуымызға бүгінде толық негіз бар. Ғалым мұрасында КС мына құрамнан тұрады.
1) өзгерістерге түскен атау түбірлердің бірігуінен тұрған күрделі сөздер;
2) табыс жалғаулы сөз бен сабақты етістік негізінде пайда болатын күрделі сөздер;
3) анықтаушы мен аныкталушылық қатынастағы күрделі сөз;
4) заттанған сын есім мен зат есім тіркесінен туған күрделі сөз;
5) күрделі жалқы есімдер;
6) қысқарған сөздер. Бір өкініштісі, ғалымның бұл айтқандарына келтірген мысалдары табылмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет