Мембранасыз органоидтар: Рибосома (лат. rіbes — ағыс және грек. some — дене) — белок синтезін жүзеге асыратын клеткаішілік органоид. Рибосомалар - екі орташа: үлкен және кіші өлшем бірлігінен тұрады.Рибосома тірі организмдердің барлығынан дерлік табылған. Әр клеткада шамамен 1000-нан 10000-ға дейін Рибосомалар болады. Шамамен диам. 20 нм-дей. Рибосомасының 60 — 65%-ы РНҚ және 35 — 40%-ы белоктан, ал 80S Рибосомасының 50%-ы РНҚ-дан, 50%-ы белоктан құралады.Рибосомалар цитоплазмада топтасып орналасып, полисомалар түзеді. Рибонуклеопротеидтен құралған (протеин мен РНҚ) рибосомалар жасуша цитоплазмасында базофилді боялады, олардың құрамында ферменттер де кездеседі. Рибосома митохондриялар құрамында да болады. Бос рибосомалар жасушаның өзіне керекті протеиндерді, ал эндоплазмалық тор қабырғасындағы рибосомалар жасушадан сыртқа шығарылатын протеиндерді түзуге қатысады.Олар жасуша цитоплазмасындағы магний иондарының концентрациясына байланысты диссоциацияланып (молек. ыдырауы) және реассоциацияланып (молекулалардың қайта бірігуі) отырады. Рибосомалар жасушада ақуыз синтезіне қатысатын құраушыларды ұстап тұру, оларды бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарады. Негізгі қызметі − нәуыз молекуласын синтездеу.Рибосомадағы ферменттер, магний мен кальцийдің тұздары зат айналым өзгерістеріне қатысады. Рибосомада минералдық элементтерден азот,фосфор, темір және мыс кездеседі.
Жасуша орталығы – центриоль (латынша «centrum» – орталық нүкте, орталық) Гольджи жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік. Жасуша бөлінуінің алғашқы кезеңінде 2 центриоль бір-бірінен екі полюске қарай ажырайды. Ортасында ұршықша жіпшелер пайда болады. Жасушалардың бөлінуіне қатысады.
Жасушалық центрді 1875 ж. Гертвиг ашқан. Екінші жылы 1876 ж. Эдуард ван Бенеден аскарида жұмыртқаларының митоз процесін зерттеген кезде бөліну фигурасының жиегінде кішкене жұмыр денешіктерді байқап, оларды «полярлы немесе орталық денешіктер» деп атаған. Кейін Э. ван Бенеден мен Бовери жасушалар бөлінген кезде орталық денешіктің бөлінетінін және пайда болған денешіктердің арасында бөліну ұршығының пайда болатыны анықтаған. Жасушалық центр барлық жануарлар жасушаларына тән. Жоғары сатыдағы өсімдіктер мен төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда және кейбір қарапайымдарда болмайды.
III.Қорытынды Қорыта келгенде, ғаламшарымыздағы бүкіл тірі ағзалар сияқты адам да жасушалардан тұрады. Жасуша дегеніміз – тыныс ала алатын, қоректене алатын, көбейе алатын т.б. тірі ағзаның ең кішкене бөлшегі.
Жасуша органоидтары - жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі.
Жасушаның қызметі тек органоидтардың көмегімен ғана орындалады.