Қабылдаған: Салыбекова н орындаған: Ерғали Назерке Тобы



бет1/5
Дата06.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#71933
  1   2   3   4   5
Байланысты:
цитология бөж


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Химия-Биология кафедрасы


Цитология-гистология пәнінен БӨЖ тапсырмасы

Тақырыбы:Жасуша органоидтары - жалпы сипаттамасы, классификациясы


Қабылдаған:Салыбекова Н
Орындаған:Ерғали Назерке
Тобы:ЖХБ-211

Түркістан 2023 ж


Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Органоидтардың жіктелуі

III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер


I.Кіріспе
Жасуша — тірі организмдердің құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді.
«Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук енгізген. Тіршілікті Жасуша тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі.

II. Негізгі бөлім
Органоидтардың жіктелуі:
Бір мембраналы:
ЭПТ
Гольджи кешені
Лизосома
Вакуоль
Екі мембраналы:
Митохондрия
Пластид
Мембранасыз:
Рибосомалар
Жасуша орталығы
Микротүтікшелер
Микрофиламенттер
Хромосомалар

Бір мембраналы органоидтар:
Эндоплазмалық тор – цитоплазма ішінде түгелдей мембранадан тұратын қабырғаларымен көмкерілген, бір – біріне байланысып жатқан ұсақ каналдар мен қуыстардан құралған күрделі жүйе. Эндоплазмалық тор ядро мембранасы мен цитоплазмалық мембранамен жалғасып жатады. Эндоплазмалық тор әсіресе без клеталарында және эмбрион клеткаларында, сонан соң қарқынды белок түзетін өсімдік және жануар клеткасында айқын көрінеді.
Эндоплазмалық тордың негізігі қызметі – ақуызды, липидтерді, көмірсуларды синтездеу және оларды тасымалдау.
Эндоплазмалық тор:
Түйіршікті ЭПТ каналдары мен қуыстарының мембранасында көптеген ұсақ жұмыр денешіктер – рибосомалар орналасады, сондықтан олар мембраналарды кедір – бұдыр етіп тұрады.
Тегіс ЭПТ мембранасының бетінде рибосомалар болмайды. Тегіс ЭПТ да майда бір – бірімен қосылған, қосылмаған вакуольдер мен түтікшелерден тұрады.

Гольджи жиынтығы — өсімдіктер мен жануарлардың біржарғақшалы органоиды. Оны 1898 жылы италияндық ғалым К.Гольжди жүйке жасушаларынан тапқан. Ол ауыр металдардың ерітінділерімен (осмий немесе күміс) жүйке жасушаларын бояп қарағанда, оның цитоплазмасынан тор болып келетін жиынтықты бірінші болып байқаған. Оны "ішкі тор тәрізді аппарат" деп атады. Кейіннен Гольджидің есіміне байланысты "Гольджи жиынтығы" деп аталып кетті. Өсімдіктер мен қарапайымдылар жасушаларындағы Гольджи жиынтығының пішіні әр түрлі болады. Көп жағдайда орақ немесе таяқша пішінде жеке денешіктер түрінде кездеседі. Оның жарғақтар жасуша цитоплазмасының барлығына таралмайды.Олар ядроға жақын орналасады және қуыс цистерна түзеді. Гольджи аппараты диктиосомалардан тұрады. Диктиосомалар топтаса (5 - 10) орналасқан диаметрі 1 мкм, қалыңдығы 20 – 25 нм қуыстардан тұрады.Гольджи жиынтығында рибосомалар болмайды, сондықтан да ол ешқашан нәруыз синтездемейді. Гольджи аппаратының негізгі қызметі – клеткада синтезделген өнімдерді – ақуыздар, көмірсулар және майларды жинақтайды, лизосомаларды синтездейді.

Лизосомалар (грекше “лизео” – ерітемін, “сома” - дене) диаметрі 0,2 – 0,4 мкм болатын көпіршіктер. Лизосоманың ішінде нуклеин қышқылдары, белок, май және көмірсулар т.б. Органикалық қосылыстарды қорытатын ферменттер болады. Лизосома ферменттерді клетканың өлі бөліктеріне, кейде бүтін клетканың өзіне қорытады. Оның осы қасиеті қажетсіз болып қалған мүшелерді жоюға пайдаланылады.Лизосоманың негізгі қызметі – түрлі химиялық қосылыстар мен құрылымдарды клеткаішілік қорыту.
Лизосомалар:
Біріншілік лизосомалар – диаметрі 100 нм болатын белсенді емес органоид.
Екіншілік лизосома –ас қорыту процесі жүретін органоид, олар біріншілік лизосомадан пайда болады.

Вакуоль терминін 1841 жылы француз биологы Феликс Дюжарден ойлап тапқан.Вакуоль – цитоплазмада орналасады, сыртында қабықшасы бар іші шырынға толы болатын бөлігі. Жасуша шырынының жиналуына байланысты біртіндеп пайда болады. Шырынның құрамындағы органикалық қышқылдар, витаминдер, тұздар жасушаның қоректенуіне жұмсалады. Вакуоль жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді. Егер қысым өзгерсе, өсімдік қурап қалады. Вакуоль сулы ортаны қалыптастырады. Ол улы заттарды ыдыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет