Полихимиотерапевттік схема. Алкилирлеуші заттарға төзімділік болғанда СОР бағдарламасы бойынша препараттар комбинациясын тағайындайды- циклофосфамид, винкристин, преднизолон. Басқа полихимиотерапевттік схема — CVP (винбластин винкристинмен бірге), CHOP (COP + доксорубицин). • Емнің жаңа әдістері: ритуксимаб немесе мабтер препараты (Rituximab, Rituxan, Mabthera) IgG kappa түрі CD20 антигеніне химерлі гуманизирленген моноклональды антидене.

Созылмалы лимфолейкоздың сәулелі терапиясы. СЛЛ кезіндегі спленэктомия. Спленэктомия — панцитопенияны тоқтатудағы негізгі әдістің бірі — аутоиммунды асқынуларда тағайындалады . СЛЛ-дың көкбауырлық түрінде таңдалатын әдіс. Инфекциялық асқыну және капсула түзуші флорамен шақырылатын ауыр инфекциялардың пайда болу мүмкіншілігінің жоғары болуына байланысты, алдын-ала антипневмококкты вакцинамен вакцинация жүргізу ұсынылған.
қорытынды
Инфекцияның алдын-алу — лейкоциттер саны 11 09/л болса науқасты толық оңашалау қажет , қатаң санитарлы-дезинфекциялық тәртіп: антисептикалық заттармен ( 4-5 рет тәулігіне) жиі ылғалды тазалау, бір ретті құралдармен, медицина қызметкерінің стерильді киімімен палатаны желдету және кварцтау , мүмкіншілігінше боксты таза ауалы ламинарлы өзекпен кондиционирлеу.
Дене қызуы жоғарлағанда клиникалық және бактериологиялық зерттеу және тез арада кең спектрлі антибиотикті ем жүргізу: цефалоспориндер, аминогликозидтер, жартылайсинтетикалық пенициллин, меропенем(меронем), имипенем+циластатин(тиенам). Дене қызуының екіншілік жоғарлауында, яғни антибиотикті емнен кейін, әдетте саңырауқұлаққа қарсы заттар тағайындалады (флуконазол, амфоте-рицин Пневмоцисті пневмония кезінде ко-тримоксазол (бисептол) 240 мг/кг дозасында к/і, цитомегаловирусты инфекция кезінде — ганцикловир тағайындалады.
Нейтропенияның емі және алдын-алуда гранулоцитарлы [филграстим (нейпоген)] және гранулоцитарлы-макрофагальды [ленограстим (граноцит)] колония ынталандырушы фактор препараттарын тағайындауға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қан аурулары. Байжанова К.Т.,Бекмурзаева Э.Қ. Шымкент-2010
Тургунова, Р.Д. Қонақбаева, А.М.Айнабай. Жедел және созылмалы лейкоздар. оқу-әдістемелік нұсқау .Қарағанды 2009
Протоколы заседаний Экспертного совета РЦРЗ МЗСР РК, 2015 Дадамбаев Е.Т. – Бала дәрігерінің серігі, Алматы, 2013