Қабылдаған: Советканова Д



Дата02.12.2023
өлшемі6,33 Mb.
#131657
түріСабақ
Байланысты:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институты-5 (копия)


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Жаратылыстану және география институты
Орындаған: Сауытбекқызы Б,Сарыпбек А
Қабылдаған: Советканова Д.М
Жаналык ашу жэне сурак кою аркылы окыту.
“Белсенді сабақтарды жүргізу, табиғатты, жаратылыстану ғылымы пәндерін, өнерді, тарихты оқу, қарапайым бейнелеме және ауызша сабақтардан арылу және оларды екінші жоспарға ауыстыру; мектептегі рухани атмосфераны өзгерту, оқушылар мен мұғалімдерге келетін болсақ – тәртіпті өзгерту; өте белсенді факторларды, дәлдікті және өзін - өзі басқаруды енгізу – бұның барлығы кездейсоқ емес, өте ауқымды революция үшін қажетті нәрселер болып табылады.
Брунер теориясының ажырамас бөлігі «жаңалық ашу» және «егер оқушыға бөліктерді бір жерге жинауға және өзіне өзін ашушы болуға рұқсат етілсе алынатын шынайы нәтижелер» деген ұғымдар болды. Брунер мұндай әдіс арқылы оқытуды, оны дәстүрлі «сипаттау» әдістерінен бөлетін, «болжаулық» тәсілді ұсынатын оқыту ретінде сипаттайды. «Іс - әрекет арқылы оқыту»; «сынау және қателер» арқылы оқыту және «жаңалық ашу» ұғымы көптеген елдерде білім беруге қатты ықпал етті. Брунердің Сынау және қателесу үдерісіндегі болжаулық түсінік туралы тұжырымдамасы жаңалық ашу жолымен оқыту ретінде белгілі болған тәсілді қолдайды. Мұндай тұжырымдаманың ажырамас бөлігі тәуекел, яғни идеяны зерттеу кезіндегі сынау мен ықтимал болатын қателер ұғымы болып табылады.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, таратуында. Оқушылар өзара сөйлесудің, оқыта үйрету ойындарының артықшылығын көреді. Бұл оқушылардың өз күшіне сенуіне және оларда оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға ықпал етеді.Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы - құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді. Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды.
Сабақтағы өтілген тақырыпқа байланысты сұрақ қою бір қарағанда қарапайым болып көрінгенімен, ол маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Мәселе сұрақты дұрыс қоя білуде болып тұр. Сұрақ қою арқылы оқушылармен диалогтік қатынасқа түсумен қоса оның білімін тексереміз. Сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі бар: төменгі дәрежелі, жоғарғы дәрежелі сұрақтар кең қолданылады. Сұрақтың дәрежесі оқушылардың түрлі мүмкіндіктеріне қарай ойластырылуы қажет. Сұрақ қоюда мұғалімнің мақсаты айқын болу керек. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың техникасын білу әр мұғалімге міндетті. Енді сұрақтың сол техникаларына тоқталатын болсақ: бірінші түрткі болу сұрағы: жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, ол үшін сұрақта қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу. Сұрақ қоюдың келесі техникасы, сынақтан өткізу сұрағы деп аталады.
Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы:
• оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
• оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
• білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
• оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;
• оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді және көмектеседі;
• оқушылардың бір – біріне үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;
• әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс – әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;
• оқытудағы қиындықтар мен түсінісбестіктерді анықтайды.
Оқушылар қысқа ғана жауап беретін мұғалімнің сұрағымен салыстырғанда диалогтік сұхбаттасу мұғалімдерде, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс – қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік бердім. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектесетінін түсіндім.
Пайдаланылған әдебиеттер
Государственная программа развития образования РК до 2010 г.
• Оконь В. Введение в общую дидактику. -
М.: Высшая школа, 1990
Педагогика. Окулык, Алматы: Print-S,
2005.-364 6.
Пидкасистый П.И. Педагогика. - М.: 2001
Подласый И.П. Педагогика. - Минск, 2006
•Селевко Г.К. Современное образовательные технологии. - M.: 1998
Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогичнском процессе школы.
Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет